Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер


Slide 1

Эфферентті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер

Slide 2

Кіріспе.

Негізгі бөлім

2. 1 Адренергиялық дәрілер

2. 2Холинергиялық дәрілер

2. 3 Дофаминергиялық дәрілер

III. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе.

Эфференттік жүйке (лат. Efferens - жеткізетін) - ми және басқа бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізетін жүйке талшықтары. Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол жерлерге мидың реакциясын іске асыратын бөлім - шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі.

Slide 4

Негізгі бөлім.

Холинергиялық дәрілер

Холинорецепторларды зерттеу барысында холинорецепторлар мускарин және никотин заттарына таңдамалы белсенділік көрсеткен.

Холинорецепторларды сезімталдығына қарай ажыратады:

М -холинорецепторлар

Мускаринге сезімтал холинорецепторлар.

Н - холинорецепторлар

Никотинге сезімтал холинорецепторлар.

Slide 5

Холинорецепторлардың медиаторы Ацетилхолин тез бұзылатын тұрақсыз зат болғандықтан дәрі ретінде қолданылмайды. Ацетилхолин зерттеу жұмыстарына зертханада қолданысқа ие.

Холинергиялық дәрілер

Slide 6 Slide 7

Антихолинэстеразды дәрілер(Холинэстеразаға дәрілер қарсы) :Прозерин, Физостигмин, Галантамин, Оксазил.

М- холиноблокаторлар (М- холинолитиктер) : Атропин, Платифиллин, Скополамин

Ацетилхолинді жоятын фермент холинэстеразаға тежегіш әсер етеді. Жүйке - бұлшықет Өткізгіштігін жақсартады

Қолданылады: глаукомада, ішек атониясында, бұлшық ет әлсіздігінде (операциядан кейін), миастенияда, полимиелит пен инсульттан кейін.

Қарсы ккөрсеткіштері: бронх демікпесі, миокардтың өткізгіштігінің бұзылыстары, миокард инфарктысы.

Көз қарашығын кеңейтеді, ккөз ішілік қысымды жоғарылатады, жүрек соғысын жиілетеді, артериялық қысымды жоғарылатып, бронхтарды кеңейтеді. Асқазан ішек секрециясы мен жиырылуы ттөмендеп, сілекей ббөлінуі азаяды. Сілекей бөлінуін төмендететін, бронхтарды кеңейтетін әсерін операция алдында премедикацияға қолданады. Гипотензияда қан қысымын жоғарылатуға да қолдануға болады.

Slide 8 Slide 9

2. 2 Адренергиялық дәрілер.

Адренорецепторлар- Норадреналинге сезімтал рецепторлар.

Кей адренорецепторлардың медиаторы Дофамин.

Адренорецепторлар α және β (β1 және β2 ) болып бӛлінеді.

α- адренорецепторлар теріде, терінің қан тамырларында, асқазан ішек қан тамырларында, шырышты қабықшаларда орналасқан.

β1- адренорецепторлар жүректе, асқазан ішек бұлшық еттерінде орналасқан.

β 2 адренорецепторлар қаңқа бұлшық еттерінің тамырларында, жатырда, бронхта орналасқан.

Slide 10

Α- адреномиметиктер: Мезатон, Нафтизин, Галазолин.

Β1- адреномиметиктер: Добутамин.

Β 1 және β2 - адреномиметиктер: Изадрин, Орципреналин.

Β2- адреномиметиктер: Сальбутамол, Беротек, Астмопент.

Α және β- адреномиметиктер: Адреналин, Норадреналин, Дофамин.

Әсері: артериялық қысымды жоғарылатады, сілемей қабықшаларды тарылтады (насморкта қолданылады) .

Миокардтың жиырылуын күшейтіп, гемодинамикалық

әсер береді. Қан қысымы жоғары болып, тахикардиямен болған жүрек жеткіліксіздігінде

қолданылады.

Жүрек жұмысын күшейтеді, бронхтарды, шеткері тамырларды кеңейтеді, қан қысымын тӛмендетеді. Бірақ тахикардия

(минутына 120-130рет соғу), аритмия дамиды. Бронх демікпесінде қолданылады.

Бронх демікпесінде аэрозоль түрінде қолданылатын тиімді препарат. Жатыр тонусын тӛмендететін әсері түсік тастау

қаупінде, кезексіз болған толғақты басуға қолданылады. .

Адреналин жүрек тоқтағанда, артериялық қысым тӛмендегенде, инсулиннің мӛлшерін асырғанда, бронх демікпесінде және жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданылады.

Slide 11

2. 3 Дофаминергиялық дәрілер

Дофамин, Бромокриптин, Апоморфин, Мидантан.

Дофамин - орталық жүйке жүйесінің қызметінде маңызды роль атқарады, тікелей емес адренорецепторларды қоздырады. Шоктарда қолданылады. 0, 5%, 4%-5мл ампулада шығарылады. Тамырға 0, 9%-натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5%- глюкозамен араластырып тамшылатып жіберіледі.

Апоморфин гидрохлорид - сопақша мидағы құсық орталығына қуаттандырғыш әсер етеді. 1%-1мл ампулада шығарылады. Тері астына 0, 2-0, 5 мл -ден құстыру үшін тағайындалады.

Slide 12

Қорытынды

Эфферентті жүйке жүйесі адам ағзасында барлық ішкі мүшелердің және қаңқа бұлшық еттерініҢ қызметін реттейді, сонымен қатар, негізгі биохимиялық үрдістерге әсер етеді.

Эфферентті иннервация - қозудың орталық жүйке жүйесінен мүшелер мен ұлпаларға жетуі.

Синапс - жүйке талшықтары мен мүшелердің түйіскен жері.

Медиатор - синапстарда қозуды жүзеге асыратын химиялық белсенді зат. Медиаторлар жүйке түйіндерінде пайда болып, жасуша (клетка) рецепторына әсер етеді.

Рецептор-Ағзада ббөлінетін медиаторлар: Ацетилхолин және норадреналин, дофамин.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1. Б. Д. АЙТЖАНОВ, Н. Д. ЗАМАНБЕКОВ, Ә. М. ӨТЕНОВ, М. А. МОЛДАҒҰЛОВ. «Фармакология»

2. Уикипедия - ашық энциклопедиясы


Ұқсас жұмыстар
ЖЕРГІЛІКТІ РЕАКЦИЯ
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Қан тамырларын кеңейтетін дәрілер
Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
Жұлынның өткізгіш жолдары
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі
Жүйке жасушасының құрылысы
Анальгетик заттар
Жүрек гликозидтерімен улану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz