Дәрігерге дейінгі көмек


Slide 1

Жедел көмек көрсету қызметін ұйымдастыру

Магистр медицинских наук,

доктарант PhD

Билибаева Г. Ж

Slide 2

Дәрістің мақсаты

Дәріс аяқталған соң студенттер жедел көмек көрсету қызметін ұйымдастыру сурақтарын іске асыра алатындай ету.

Slide 3

ЖКМК негізгі түсініктері

«Шұғыл жағдай» деген ұғым адам организмдегі патологиялық жағдайдың салдарынан денсаулығының тез нашарлануына және өміріне қауіп төнуіне деген мағынаны білдіреді. Оларды емдеуде жедел емдік шараларды жүргізу керек, оны ысырып қоюға болмайды.

Нормативтік құжаттар:

ҚР Үкіметінің 05. 12. 2011 ж. №1463 үкімімен бекітілген «ЖМК және санавиация түріндегі МК көрсету ережелері»

ҚР ДСМ министрінің 26. 06. 2013 ж. №365 бұйрығы:

«ҚР ЖМК және санавиация түріндегі МК көрсетуді ұйымдастыру стандарты»

Slide 4

Өмірге қауіп төндіретін жағдайлар жіктеледі:

Өмірге қауіп тудыратын жағдайлар - бұл өмірге маңызды функциялардың бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдайлар, (қан айналымы және тыныс алу жолдары) .

Денсаулыққа қауіп тудыратын жағдайлар - бұл өмірге маңызды функциялардың бұзылуының жоғары қауіппен дамуы немесе тез арада медициналық көмек көрсетілмеу салдарынан туатын денсаулықтың бұзылуы.

Қоршаған орта үшін науқастың жағдайына байланысты жедел медициналық араласуды қажет ететін жағдайлар.

Шұғыл жағдайлардың ерекше түрі босану болып табылады. Негізінен босану - физиологиялық акт, ол шұғыл медициналық араласусыз шешілуі мүмкін. Сондай-ақ, айқындалған тәуекел қиындығына байланысты босануды шұғыл жағдайларға жатқызып және ЖМК көрсету аймағына тіркеуге болады.

Slide 5

Шұғыл жағдайлардың негізгі себептері

Жедел аурулар

Созылмалы аурулардың өршуі

Жарақаттар

Уланулар

Slide 6

ЖМК түсінігі

ЖМК медициналық көмек түрі ретінде - бұл емдеудің барлық кезеңінде адам өміріне және денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін емдеудің барлық кенеттен пайда болған патологиялық жағдайларын жоюға бағытталған, кейінге қалдырылмай жүзеге асырылатын, емдеу-диагностикалық және тактикалық шаралардың комплексі.

ЖМК жүйесі ретінде - бұл ЖМК көрсетуді қамтамасыз ететін нормативтар, құрылымдар және механизмдердің өзара әрекеттері, оның ғылыми және методикалық қамтамасыздандырылуы және кадрларды дайындау. «ЖМК жүйесі» термині астарында шұғыл медициналық көмек көрстеудің барлық кезеңдері, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру, мамандарды дайындау жатыр; сәйкесінше ЖМК қызметімен қатар (станциялар, бөлімдер), ЖМК емханалары мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, ЖМК мамандарын дайындау орталығы және апат медицинасының орталығы кіреді.

Slide 7

ЖМК емханасы - құрамында ЖМК бөлімі бар стационарлы түрдегі емдеу-профилактикалық ұйымы.

Шұғыл медициналық көмек көрсетудің ЖМК қызметі әртүрлі түрдегі стационарлармен байланыста. Науқастар муниципалды, аудандық, облыстық (аймақтық, республикалық) емханаларға, жедел көмек институттарына және мамандандырылған ғылыми-практикалық ұйымдарға ЖМК бригадаларымен жеткізіледі.

ЖМК-ның ауруханаға дейінгі кезеңі - шұғыл медициналық көмектің емдеу мекемесінен тыс көрсетілуі.

Slide 8

ЖМК көрсетудің негізгі принциптері

ЖМК көрсетудің кейінге қалдырылмайтын сипаты болып науқастың өмірлік маңызды функцияларының бұзылуы немесе адекватты емдеу құралының болмау кезіндегі патологиялық жағдайдың тез өршу салдарынан оның жоғарғы қауіппен дамуы табылады.

Шұғыл жағдайлар кезіндегі ЖМК көрсетудің бас тартпаушылық сипаты.

Әлеуметтік, ұлттық, мәдени-діндік және басқа да ерекшеліктерінен тыс ЖМК қызметіне жүгінген және жедел медициналық араласуды қажет еткенәрбір азамат медициналық көмек стандарттыры бойынша тегін шұғыл медициналық көмек ала алады.

Шұғыл жағдайлар кезінде науқастардың тегін көмек алу сипаты.

Мемлекеттік реттеу ЖМК уақытылы көрсетудің ұйымы үшін орындаушы билік органдары жауапкершілік алады.

Slide 9

ЖМК көлемі - шұғыл жағдайды жоюға арналған кейінге қалдырылмайтын емдеу-диагностикалық шараларының түрі.

Көмек көрсету шарттарына, оны көрсетудің шарттанған кезеңдеріне, арнайы медициналық көмектің көлеміне және кадрларына сәйкес көмек көрсету келесідей болуы мүмкін:

Аурулар мен жарақаттанғандарға алғашқы көмек

Дәрігерге дейінгі көмек

Алғашқы дәрігерлік көмек

мамандандырылған медициналық көмек

арнайы оқытылып дайындалған медициналық көмек

Slide 10

Шұғыл медициналық көмектің алгоритмі - типикалық клиникалық жағдайларда қажетті емдеу-диагностикалық шараларының жалғасуы, шұғыл медициналық көмектің кезеңі мен көлеміне сәйкес келетіндігі.

Шұғыл медициналық көмектің тактикасы - заманауи және ыңғайлы медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде қолданылатын құралдар және әдістар.

ЖМК тактикасында - өмірге қауіпті мүмкін жағдайларды және басқа да критикалық жағдайларды ескеру, науқасқа, қоршаған ортаға және медицина қызметкерлеріне бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты алдын-алу компоненттері болуы қажет .

Slide 11

ЖМК қызметінің уақыты:

Күнделікті жұмыс

- Төтенше жағдайлар

Ұйым жүйесінің және ЖМК көрсетудің 2 бір-бірімен байланыстағы кезеңдері:

Ауруханаға дейінгі (ЖМК станциялары) ;

Ауруханадағы (түрлі деңгейдегі стационарлар)

ЖМК ұйымы жұмысындағы 3 деңгей:

Бірдеңгейлі (фельдшерлі) ауылдық жерде.

2-деңгейлі (аралас) орташа қалаларда (дәрігерлік бригада және фельдшерлік бригада) .

3-деңгейлі (аралас) үлкен қалаларда (дәрігерлік бригада, мамандандырылған дәрігерлік бригада және фельдшерлік бригада) .

Slide 12

ЖМК қызметі келесі принциптерге негізделе құрылады:

Географиялық белгісіне байланысты

Стационарлармен және администраторлық басқарма (және қаржылы) түрімен өзара қарым-қатынас принципі бойынша

Поликлиника кезінде шұғыл медициналық көмекке параллельді ұйым «оқиға орнына байланысты» жедел көмек көрсетеді: көше - ЖМК, үй - шұғыл медициналық көмек.

Оқиға орнынан тәуелсіз (шұғыл медициналық көмек қызметінің құрылуынсыз), тек ЖМК күші және құралымен «себеп ауырлығының дәрежесі бойынша» жедел көмек көрсету принциптері.

Жеке заттар және қаржы принциптері бойынша ЖМК қызметінің мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінуі.

Slide 13

ЖМК станциясы -қажетті күштері мен құралдары бар шығатын бригадалар ауруханаға дейінгі ЖМК көрсету үшін арналған мемлекеттік немесе муниципиальді денсаулық сақтау ұйымы.

ЖМК станциясы құрамында келесілер қаралуы тиіс: оперативті бөлім (диспетчерлік) (шақыруларды қабылдау үшін), байланыс бөлімі (ЖМК станциялары және шығатын бригадалары арасындағы байланысын жүзеге асыру үшін ), архивтелген медициналық статистика бөлімі, амбулаторлы науқастарды қабылдау бөлмесі, ЖМК бригадасының медициналық жабдықтарын сақтау үшін арналған орын, дәрігерлердің дем алу бөлмесі және т. б.

Slide 14

Оперативті бөлімнің негізгі функциялары:

Тұрғындардың шақыруларын қабылдау.

Шақыруларды орындауға жіберу

Шығу бригадаларын оперативті басқару.

Оперативті жұмыстардың сұрақтары бойынша станция аралық ақпарат алмасу.

Қаланың (аудандық) кезекшілік қызметімен, полиция, өрт сөндіру күзетімен, ТЖМ және т. б. өзара әрекеті.

Төтенше және шиеленіс жағдайлары туралы станция басқармасының жедел ақпарат беру.

Тұрғындарға анықтамалық сипаттағы ақпарат беру.

Slide 15

Қоңырау қабылдау кезіндегі диспетчердің негізгі әрекеті:

«03» қоңырау шалған азаматты тыңдау.

Ережеге сәйкес қоңырауды қабылдау сұрақтарын шешу.

Шешім қабылдау қиындығы туған кезде телефон желісін бас дәрігермен байланыстыру.

Егер қоңырауды қабылдау шешімі қабылданса, берілгендерді сақтау :

Мекенжай және телефон

Тегі, аты, әкесінің аты және жасы;

Қоңырау шалушының телефоны және тегі, науқасқа жақындығы;

Жағдайын анықтау

Алынған жауаптарға негізделе қоңырау мақсатын анықтау (жұмыс кезінде қолмен) . Автоматтандырылған қоңырау шалуды реттеу жүйесінің жұмысы кезінде қоңырау шалу мақсаты компьютерлік программамен анықталады.

Slide 16

ЖМК станцияларының мүмкіндіктеріне сәйкес қоңырауды ретке келтіру қолмен немесе автоматтандырылған жүйемен жүргізілуі мүмкін.

Оперативті бөлімде (диспетчерлікте) барлық жұмыс орындары компьютермен қамтамасыздандырылуы, сойлесуді жазу құралдарымен жабдықталуы және автоматты түрде телефон нөмірін анықтауы керек.

Оперативті бөлімде (диспетчерлікте) ЖМК көмегіне жүгінген науқастардың бірыңғай берілгендері жинақталуы керек.

Қоңырауды қабылдау және оны шығатын бригадаларға жеткізу ЖМК станциясының фельдщерімен жүзеге асырылады.

Slide 17

ЖМК шығу бригадалары келесі шараларды жүзеге асырады:

Берілген территорияға орнатылған нақты уақыт аралығында шұғыл шығу және науқасқа келу.

Диагнозды кою, оған қарсы шараларды қолдану, науқастын жағдайын тұрақтандыру, медициналық көрсеткіш бойынша ЕМҰ тасымалдау

Керекті медициналық құжаттарды емхана дәрігеріне (фельдшер) ЕМҰ

Көпшілік улануларда, травмаларда және басқа апаттық жағдайларда науқастарды сұрыптау және алгоритм бойынша жедел көмек корсету.

Алгоритм бойынша санитарлы - эпидемиялық және санитарлы -гигиеналық іс шараларын жүргізу.

Slide 18

Жедел медициналық көмектің шығу бргадалары жұмысына қойылған негізгі талаптар

Шығу бригадаларының оперативті жұмысы.

шақыру алынғаннан 4 мин. кейін бригада шақыруға шығады

ЖМК бригадасы оптимальды маршрутпен шақыру орнына келіп оперативті бөлімге жеткенін хабарлайды.

ЖМК бригадасы аз уақыт аралығында толық көлемді сапалы көмек көрсетеді.

ЖМК бригадасы шақырудың орындалғанын бірден хабарлайды.

Slide 19

Көмек көрсету сапасын келесі азаматтар бақылайды:

Медициналық құжаттар (шақыру карталары) және шешуші шығулар кезінде ішкістанцияларды (бөлімдерді) басқарушы.

Оперативті бөлімнің (шығу бригадаларының тактикалық шешімдері) бас дәрігерлері.

Аурухана дәрігерлері (шығу бригадаларының тактикалық шешімдері) .

Станциялардың бас маманданған дәрігерлері (медициналық құжаттар бойынша) .

Медициналық бөлім бойынша бас дәрігердің орынбасары (медициналық құжаттар бойынша) .

Бас дәрігер қоятын станцияның басқарылатын емдеу комиссиясы.

Slide 20

Медициналық құжаттардың сапалы жасалуын келесі азаматтар мен комиссия тексереді :

Ішкістанцияларды (бөлімдерді) басқарушы.

Аурухана дәрігерлерімен.

Медициналық бөлімнің бас дәрігерінің орынбасарымен (таңдаулы) .

Басшылар орнататын бөлімдерді тексеру комиссиясымен.

Slide 21

ЖМК қызметі жұмысындағы медициналық көмектің сапалығын қамтамасыз ету

Медициналық көмектің сапалығы (МКС) - бұл азаматтардың қажеттіліктерін ыңғайлы алдын алулармен және ауруды емдеумен қанағаттандыратын, өмір сапасын арттыратын және оның жалғасуына апаратын сипаттар жиынтығы.

Медициналық көмектің сапалығын басқару ресурстарды қажетті минималды шашу кезінде тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша заманауи білім деңгейінің максималды мүмкіндікте алуға бағытталған.

Slide 22

МКС бағалау критерилері болып:

Қол жетімдігі;

адекваттылығы;

Қарым қатынасы;

әрекеттігі;

ыңғайлылығы;

науқасты күтулігі;

қауіпсіздігі;

уақыттылығы.

Slide 23

Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ЕРЕЖЕЛЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Емдеу алдын алу мекемелері
Апаттардың медициналық сипаттамасы
Күйік шалғандағы халық емі
Қабылдау бөлімі
Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері
Жалпы практикалық дәрігер отбасылық дәрігер
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі
Медициналық мекемелердегі медбикелердің қызметінің бағыттары
Екіншілік профилактика
Омыртқа жарақаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz