Дамыта оқытудың негізін
Презентация қосу
КӨРНЕКТІ ТЕОРЕТИКТЕРДІҢ (С.Г.ШАПОВАЛЕНКО,
Л.В.ЗАНКОВ, М.И.СКАТКИН, И.Я.ЛЕРНЕР Т.Б
ЕҢБЕКТЕРІН ОҚУ.
Орындаған:Рамазанова
А.М.
Қабылдаған:Таганова А.М.
ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа
технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін
Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында»
айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып,
1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың
зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез
келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге
айналуы,»-деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту
процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген
мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала
психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп,
бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін
психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп
айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала
дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті
психолог Л.С. Выготский.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық
заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі
қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп
түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті
жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі
болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де
соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары
болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері
дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз
ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара
білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде
жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының
қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже),
ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский,
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк,
А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет
теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев,
П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент
жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін
Л.В.Занков басқарады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің
бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа
мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай
жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын
болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов
жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz