Микроорганизмдердің өсу кезеңдері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Микроорганизмдердің коректенуі. Микроорганизмдердің тамақтану түрлері бойынша жіктелуі

Орындаған: Жанбай Д. Н

Тексерген: Қайырбекова Т. М

Тобы: БТ-805

Slide 2

ЖОСПАРЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

Микроорганизмдердің қоректенуі

Микроорганизмдерді өсіру процесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Микроб клеткасының барлық тіршілік процестері жүзеге асу үшін белгілі бір жағдайлар қажет, бірінші кезекте микроорганизмдер денесінің құрам бөліктерін синтездейтін қоректік заттар өте қажет. Қоректік ортадан түскен заттардан клеткада құрылымдары: белоктар, көмірсулар, липидтер, ферменттер, токсиндер және т. б. қосылыстар түзіледі.

Қоректену процесі тыныс алу процесімен тығыз байланысты. Қоректену кезінде клетка құрылыс және энергетикалық материалдарды алады, тыныс алу кезінде клетка тіршілігі үшін қажет энергия түзіледі.

Бұл процесс кезінде микроорганизмдер өздерінің табиғаттағы және ауылшаруашылықтағы маңыздылығын көрсететін өте күрделі сапалық және сандық қатынастағы зат айналымға қатысады.

Slide 4

МИКРООРГАНИЗМДЕР ҚОРЕКТЕНУІ

Микроорганизмдер бүкіл беттік денесіндегі жартылай өткізгіш қабықшасы арқылы қоректік заттарды диффузия немесе адсорбция жолымен сіңіреді. Бұл процестердің қарқындылығы әртүрлі жағдайларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы: микроб клеткасы мен сыртқы ортаның осмостық қысымы, клетка құрылысы мен плазмалық қабықшаның жартылай өткізгіштігі.

Қоректік заттар клеткаға олардың суда немесе липоидты еруі кезінде түсуі мүмкін. Суда ерімеген органикалық заттар микробты клеткалармен сыртқа бөлінетін гидролитикалық ферменттер (эктоферменттер) көмегімен ерігіш аттарға айналады.

Судың клеткаға үнемі келіп түсуінің арқасында оның каллоидтары ісінген күй де болады, нәтижесінде цитоплазма қабықшаға тығыз қысылады. Клетка құрылымдарының мұндай тұрақты қысылуы бактерия клеткасының тургорлық қысымы деп аталады. Бактерияны қандай да бір концентрленген ерітіндіге орналастырса, мысалы, 20%-дық қайнатылған тұз ерітіндісіне, микроб клеткасының бірден сусыздануы жүреді, цитоплазма жиырылады және клеткалық қабықшадан ажырайды. Бұл құбылысты плазмолиз деп атайды.

Slide 5

Көміртек көзі ретінде микроорганизмдер көмірсутекті, көпатомды спиртті, әртүрлі органикалық қышқылдарды және олардың тұздарын қолданады.

Көміртегіні сіңіруіне байланысты микроорганизмдер

Автотрофтар (көміртек көзі ретінде пайдаланады)

Гетеротрофтар (көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алады)

Метотрофтар (өлі табиғаттың органикалық заттарын пайдаланады)

Паратрофтар (тірі табиғаттың органикалық заттарын пайдаланады)

Slide 6

Автотрофтар организмдер көміртегін ауадағы көмір қышқыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің көміртегін сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл құбылысты фотосинтезге керісінше хемосинтез деп атайды.

Автотрофты микроорганизмдерге С. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар, темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.

Автотрофты бактериялар минералды заттардан (H2S, NaNO2, NH4OH) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады.

Мысалы, топырақтағы нитросомонас нитробактериялар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады.

Кейбір микроорганизмдер денесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажетті қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеуші автотрофты микроорганизмдер деп атайды.

Slide 7

Гетеротрофты организмдерге - көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қата олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдаланады, сөйтіп бұл микроорганимдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы рөлі үлкен.

Гетеротрофты микроорганизмдер метатрофты және паратрофты болып екіге бөлінеді.

Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдікердің қалдықтарымен және жануарлардың өлекселерімен қоректенеді. Бұларға топырақтағы және судағы әртүрлі органикалық заттарды ыдырататын және тағамдық заттарды бүлдіретін микроорганизмдер жатады. Сонымен бірге көптеген бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары да сапрофиттер болып есептеледі.

Паратрофтылар тек тірі организмдер белогында ғана көбейе алады. Бұған адам мен жануарлардың ауру қоздырушы микроорганизмдері жатады.

Slide 8

Энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне байланысты микроорганизмдерді: фототрофтарға (күн сәулесі энергиясын пайдаланады) және хемотрофтарға (тотығу-тотықсыздану реакциясы негізінде энергия алады) бөледі. Микроорганизмдер түрлеріне қарай әртүрлі азот көздерін пайдалануы мүмкін, азот фикцасиялаушы бактериялар үшін атмосфераның молекулалық азотына бастап, патогенді микробтар үшін жануар мен өсімдік тектес қатаң белокты азот көзі ретінде қолданумен аяқталады. Азот микрооранизмдер тіршілігі үшін аса маңызды қоректік зат. Ол негізінен тірі протоплазманың тірегі. Азотты сіңіру қабілетіне қарай микроорганизмдер екі топқа бөлінеді: аминоавтотрофты микроорганизмдер және аминогетеротрофты микроорганизмдер

Slide 9

Аминоавтотрофты микроорганизмдер. Минералды заттардан немесе азоттың қарапайым органикалық байланысынан белокты синтездеуге қабілетті микроорганизмдер.

Аминогетеротрофты микроорганизмдер. Бұлардың көпшілігі жай қоспаларда (минералды тұздарда) кездесетін көміртегі мен азоттан кейбір амин қышқылдарын түзеді. Бірақ олардың қалыпты тіршілігі үшін таза күйіндегі амин қышқылдары да қажет. Бірінші топқа азот қышқыл аммиак тұздарындағы азотты және молекула күйіндегі атмосфера азотын сіңіретін микробатар жатады да екінші топқа тірі организмнің белогынан азотты сіңіретін немесе амин қыщқылдарынан қоысылыстарынан азот алатын түрлер жатады.

Белок заттарын ыдырататын микробтарға көбінесе спора түзуші - пішен таяқшасы бациллус микойдес және тағы басқалары жатады. Мұнда белок алдымен микробтар ферменттері әсерінен пептонға, одан кейін түрлі амин қышқылдарына ажырайды. Соңында басқа микроорганизмдердің қатысуымен амин қышқылдары аммиакқа, органикалық қышқылдарға, спирттерге және түрлі көмірсутектеіне дейін бөлінеді. Егер амин қышқылдарының құрамында күкірт болса, онда ыдырау барысында ұнамсыз иісті күкіртті сутектері пайда болады.

Slide 10

Микроорганизмдер

Фотоавтотрофтылар

Хемоавтотрофтылар

Фотогетеротрофтылар

Хемогетеротрофтар

Slide 11

Бұл топтың әрқайсысы, сондай-ақ бейорганикалық қосылыстардың қышқылдануы негізінде энергия алу көздеріне қарай органотрофтылар және литотрофтыларға бөлінеді. Көрсеткіштеріне қарай олардың 8 түрлі қоректену көзі бар деп болжауға болады.

Slide 12

Фотоавтотрофтылар - органикалық емес қосылыстарын органикалық заттарды синтездеу үшін күн сәулесінің энергиясын пайдаланатын фотосинтездеуші микроорганизмдер.

Фотоорганотрофтылар (күкіртті емес қышқыл бактериялар) - факультативтік анаэробтар, олар жарық және қараңғы жерлерде де дами алатындықтан қажетті қуатты күн сәулесімен қатар органикалық заттардың тотығуы кезінде бөлініп шығатын энергиядан да алады.

Хемоавтотрофтылар органикалық емес қосылыстардың тотығуы реакциясының энергиясы арқылы СО2 мен органикалық заттарды синтездейді. Оларға нитрифицирлеуші бактериялар, күкірт бактериялары, темір бактериялары жатады.

орагникалық қоысылыстарды энергия және көміртек көзі ретінде пайдаланады. Тағам өнімдерінде кездесетін микроорганизмдер қоректенетіндер. бактериялардың көпшілігі:

Сапрофиттер - өлген организмдердің органикалық заттарын пайдаланушылар

Симбионттар - басқа тірі организмдердің органикалық заттарын, оларға зиян келтірмей пайдаланатындар

Паразиттер - тірі организмдердің органикалық заттарын, оларға зиян келтіре отырып

Slide 13

Микроорганизмдердің қоректенуіне қарай жіктелуі

Энергия көзі

Тотықтырғыш субстрат

Органикалық қосылыстар

СО2

Жарық

H2O, H2S, S, H2

Фото(лито) гетеротрофтылар

Фото(лито) автотрофтылар

Органикалық қосылыстар

Фото(органо) гетеротрофтылар

Фото(органо) автотрофтылар

Органикалық заттар

Органикалық қосылыстар

Хемо(органо) гетеротрофтылар

Хемо(органо) автотрофтылар

Бейорганикалық заттар

Бейорганикалық қосылыстар

Хемо(лито) гетеротрофтылар

Хемо(лито) автотрофтылар

Slide 14

Микроорганизмдердің өсу кезеңдері

Көп клеткалы организмдер үшін өсу деген ұғым олардың санының емес, биомассасының ұлғаюын білдіреді, ал бір клеткалы организмдер үшін өсу және көбею ұғымдары бір-біріне сәйкес. Бактериялардың саны клеткалар бөлінгенде өседі, яғни популяция ұлғаяды. Бактериялардың өсуін жай көзбен де, мысалы пробиркадағы сұйық не қиғаш қатты қоректік ортада, Петри табақшасында тығыз қоректік ортаның бетінде, байқауға және олардың өскен-өспегендігі мен өсудің түрлерін анықтауға болады.

Бактериялардың өсуін сандық деңгейде пайдалануға арналған тиімд әдістер де белгілі. Кейбір әдістермен клеткалардың санын анықтаса, басқаларымен толық популяцияның массасын анықтайды.

Slide 15

Тығыз қоректік ортада бактериялар көлемі, пішіні, түсі бойынша ажыратылатын колония түзеді. Сұйық ортада бактериялардың өсуі қоректік ортаның бет жағында қабыршақтың болуымен сипатталады. Бактерия клеткасының сұйық қоректік ортадағы өсу фазалары:

Лаг-фаза - бактерияның қоректік ортаға сепкеннен бастап, оның өсе бастауына дейінгі кезең. Бұл кезеңде қоректік ортаға бейілімдейді, микробтық клеткада РНҚ мөлшері көбейіп, соның көмегімен қажетті ферменттердің синтезі жүреді. Лаг-фаза кезеңі 10 минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

Логарифмдік фазада (экспоненциалды өсу фазасы) клеткалардың өсуі өте қарқынды жүреді. Бактериялар әр 20-40 минут сайын бөліне бастайды. Бактериялар бұл кезеңде өте сезімтал, сыртқы орта факторларына тәуелді болады. Экспоненциальды өсу кезеңінің ұзақтығы қоректік ортаның концентрациясына байланысты және ұзақтығы орташа есеппен 5-6 сағатқа созылады.

Slide 16

3. Стационарлық фазада жаңадан пайда болған және өлген клеткалардың санын арасында тепе-теңдік орнайды. Қоректік ортаның сапасы төмендеп, популяциядағы клеткалардың тығыздығы артады, зат алмасу өнімдерінің улы әсері күшейеді. Бұл кезеңнің соңына қарай кейбір микроорганизмдердің спора түзу үдерісі байқалады.


Ұқсас жұмыстар
Бактериялардың өсу фазалары
Микроорганизмдердің қоректенуі
Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
Микроорганизмнің таза культурасы
Метаболизм жолдары Биохимиялық Мысал механизмдер
Микроорганизмдерге физико - химиялық факторлардың әсері
ТОПЫРАҚТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТ
Ауыз қуысының дисбактериозы. Түзілу себебі. Халитозис. Алдын алу және емдеу. Ауыз қуысы инфекция қақпасы ретінде
Микробтық массалар алуға негізделген биотехнологиялық процестер
Таяқша бактериялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz