Күй - қазақ өнерінің феномені



Күй-қазақ өнерінің феномені.
Орындағандар: кял 19/1 студенттері
Шырдабай Гаухар
Хожаберген Айгерім
Асабаева Маржан
Күмісбек Самал
Жұмабаева Жансәулем
Тексерген: Тоқбаева Лариса

Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің Репертуарларында көп орындалады.

Күй өнерінің майталмандары

Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы - домбыра.
Оның әлденеше себептері бар. Біріншіден - домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.
Екіншіден - домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды.
Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай.
Төртіншіден - домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да «қолқанаты».

Дәстүрлі музыка өнері еліміздің тарихымен байланысты. Түркі тілдес туысқан елдер шартарапқа тарыдай шышылып қазақ елі дербес ұлт болып жеке дара шықты. Өзінің тілін, діңін, мәдениетін қалыптастырды. Бірақ қалай дегенде де біздің ұлттық музыкамыз туыс халықтарымен байланысты. Басты айырмашылық оларда бәрі, яғни ән де, музыка да, би де «Күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.

Қазақ музыка өнерінің тарихи тамыры Қорқытқа дейінгі ғасырларға жатқандығын материалдық мұралар айғақтап отырғанмен, халық күйлерінің қай ғасырда туғандығын дөп басып айту қиын. Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың құймақұлақ арқылы ғана бізге жетіп отыр.
Көне ғасырда Қорқыт, XIX ғасырдың бас кезінде Боғда, Махамбет, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Тоқа, Сармалай, Ықылас, Қазанғап, Байсерке, Шортанбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Мамен, Дина, Сүгір, Сейтек т. б. секілді дарынды күйші, дәулескер домбырашылар - қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр, әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді. Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды.

YESSENOV
UNIVERSITY
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz