СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жалпы сипаттамасы. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері
Тексерген:Эльмира А.
Орындаған:

Жоспары
Кіріспе. Сыбайлас жемқорлық
Негізгі бөлім:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Сыбайлас жемқорлық
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына ықпал етеді. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жолға қою маңызды» деді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы
Екі негізгі заң: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды . «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз болды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылданып, сыбайлас жемқорлық анықтамасы берілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің мақсаттары мен қағидаттары бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы
1992-1997 жылдар аралығы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі өтті. 1992 жылдың 17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық (бұдан әрі - Жарлық) шығарылды
1998-2000 жылдар кезеңі
Осы кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте тигізетін қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институтының жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау қажеттігі туындады. Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау және арнайы органдардың әдістері мен құралдарын қолдану керектігі туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, тек оның салдарларымен күресу қажет болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы
2001-2004 жылдар аралығы
Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және кешендік сипатқа ие болды.
2005-2014 жылдар кезеңі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының төртінші кезеңі - 2005-2014 жылдар. Қазақстанды жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 2005 жылдың ақпаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында мемлекет жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында тұрды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бұған дейін қабылданған іс-шаралардың жеткіліксіз екені айқындала бастады.

Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған.
Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты ісшараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды.
2015 - 2025 жылдардағы стратегия:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінен 3, 4-бапта айтылған:
3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz