Орта ғасырда Латын әліпбиі


Slide 1

Латын әліпбиі

Орындаған:Қуанышева Қаршыға

Slide 2

Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады[1] [2] . Б. з. б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б. з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б. з. б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б. з. б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber - тәуелсіз, liber - кітап.

Slide 3

Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) - а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) - аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.

Slide 4 Slide 5

Дыбыс құраудың халықаралық қосалқы баламалары gh, ph, sh халықаралық жағдайларға ғана қолданылады.

Толықтыру:

1) Жуандық «`» белгісі «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т. б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты] . t. b. ;

Slide 6

2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т. б. Латын тіліндегі қостаңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т. б. ;

Slide 7

3) Қазақ тілінде, тіпті А. Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.

Slide 8

4) "y" және "z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r», «w», «y», «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і] -[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстармен [і] -[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: s`yliq, uw, uwis, kyw, jetisw, Jetis`w, swret, tyim, t`yim, kelw, aedeby, qi`ltyma, Atraw, qzil, qarz, traektr, t. b.

5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [франшия] ;

6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т. б.

Slide 9

7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci ) және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona) ;

8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу] . М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп; 9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеген жөн. Латын тілінде классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан "g" әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырдағы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;

10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе қыпшақ тілінің [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ
Латын әліпбиінің шығу тарихы
Бей үндес буынды кірме сөздерге қосымша жалғаудың орфографиялану
ТІЛ ЖӘНЕ ҰЛТ
Латын әлипбиі негізіндегі қазақ жазуы
Қазақ мектептерінің жабылу себептері
Ацтектер тайпасы
Орфографияның графикаға қатысы
Қазіргі қолданыстағы жаңа қазақ жазуының ңұсқаларына тоқталу
Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz