Теодолиттік түсіріс




Презентация қосу
Топографиялық түсірулер. Теодолиттік түсіріс.
Далалық өлшеулер. Ситуацияларды түсіру.
Жергілікті жердің картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін
геодезиялық өлшеулер процесін түсіріс деп атайды. Егер түсіріс
нәтижесінде жердегі заттардың, объектілердің контурлары мен
өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсары және
жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық деп
аталады.
Қолданылатын аспаптардың аттары мен әдістерге байланысты
түсірістер мынандай түрлерге бөлінеді:

Теодолиттік түсіріс

Тахеометриялық түсіріс

Мензулалық түсіріс

Аэрофототопографиялық түсіріс

Жердегі сфереофотограмметриялық түсіріс

Нивелирлеу
Теодолиттік түсіріс - жердің контурлық планын алу үшін теодолит (бұрыш
өлшегіш аспап) пен өлшеу лентасының (қашықтық өлшеуіш) көмегімен
орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірулер кезінде
горизонталь бұрыштар және арақашықтықтар S өлшелінеді.
Тахеометриялық түсіріс тахеометр деген аспап арқылы жүргізіледі.
Тахеометр арқылы горизонталь , вертикаль v бұрыштар, қашықтық S және
биіктік өсімшесі h анықталады.
Топографиялық планды тікелей далада салу үшін қолданылатын графикті әдіс
мензулалық түсіріс деп аталады. Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен
кипрегельдің көмегімен атқарылады. Түсірісті жасау, жергілікті жердегі
нүктелердің планшеттік өзара орындарын графикалық түрде анықтауға
негізделген. Нүктелерге дейінгі ара қашықтық кипрегельдің ара қашықтық
өлшеуіш пен қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты
графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде, ара
қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді.
Фототопографиялық түсіріс фотосуреттер бойынша топографиялық план
мен картаны жасауға негізделген геодезиялық жұмыстардың бір түрі. Суретке
түсіру әдістеріне байланысты фототопографиялық түсірістер аэрофототүсіріс
және жер бетіндегі фототүсіріс болып бөлінеді.
Аэрофототүсірісте жер беті самолеттен, вертолеттен және жер серігінен
арнайы аэрофотоаппараттар (АФА) арқылы түсіріледі. Бұл әдіс көлемі үлкен
аймақтардың 1:1000-1:5000 масштабты карталары мен пландарын жасау үшін
қолданылады.
Стереотопографиялық аэрофототүсіріс топографиялық картаның
түпнұсқасын жасауға қажетті жұмыстардың жиынтығы. Құрама түсірістермен
салыстырғанда, бұл әдісте далалық жұмыстардың көлемі аз болады.
Стереотопографиялық түсірістің артықшылығы: далалық, топографиялық
жұмыстарды едәуір қысқарту; түсірілетін ауданның физика-географиялық
жағдайына тәуелсіз жұмыстардың бірқалыпты дәлдігін сақтау және барлық
жұмыстарды жыл бойына біркелкі бөлу.
Топографиялық карталар мен пландарды аэрофототүсіріс әдістермен жасау,
өзара байланысты мынадай жұмыстардан тұрады: ұшу-түсіру, далалық
фотолабораториялық, топографиялық-геодезиялық және фотограмметриялық.
ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІС

Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын
жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық
өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды.
Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда,
құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржол тораптары, т.б.
жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.
ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІС

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және
ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті
жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті
дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды
да, қолдағы бар картографиялық материалдарды
(планды, картаны және профилді) мұқият қайта
қарап зерделейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда
геодезиялық тірек торабы пункттері болса, онда
олардың орналасқан жерінің сұлбасын жасап,
каталогтан координаталарын жазып алады.
ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІС

Далалық жұмыстардың құрамына мыналар енеді:
жергілікті жермен танысу және пункттерді бекіту;
түсірістің пландық негіздемесін жасаған кезде бұрыштарды
және арақашықтықтардың ұзындығын өлшеу;
жергілікті жердің контурын түсіру;
түсіріс негіздемесі пункттерін мемлекеттік немесе жергілікті
торап пункттеріне байланыстыру.
ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІС
Далалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғылыми өңдеуге және
теодолиттік түсірістің планын жасауға кіріседі. Теодолиттік
жүрістерді ғылыми өңдеудің түпкі мақсаты нүктенің тікбұрышты
координаталарының х және у мәнін және олардың биіктігін шығару
болып табылады.
ТЕОДОЛИТТІК ЖҮРІСТЕР

Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы
байланыстырылған болып бөлінеді.
Тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық тірек пунктіне
байланыскан тұйық көпбұрыш түрінде болады.
ТЕОДОЛИТТІК ЖҮРІСТЕР
Тұйықталмаған жүрістердің басы мен аяғы геодезиялық
негіздеменің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс.

Бір шеті геодезиялық тірек пунктіне байланыстырылып, ал
екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс
деп аталады.
Теодолиггік жүрістерді геодезиялық тірек жүйелері
пункттеріне байланыстыру
Жер бетінің ситуациясын түсіру

Түсіріс кезінде жергілікті жерде өлшеулер арқылы ситуацияның
ерекше нүктелерінің орнын (ғимараттар бұрышын, жолдардың
бұрышын және т.с.с.) анықтайды. Сонан соң планда графикалық
құру арқылы осы нүктелердің бейнесін алады да, ситуацияны
шартты белгілермен сызады.
Жер бетінің ситуациясын түсіру

Перпендикуля
р тәсілі

Полярлық Жармалық
тәсілі тәсілі

Сызықтық Бұрыштық
тәсілі тәсілі
Перпендикуляр тәсілі
Перпендикулярлық тәсілде рулетканы теодолиттік жүріс
қабырғасының тұстамасына жатқызады да, ситуацияның ерекше
нүктелерінен жүріс қабырғасына перпендикуляр түсіреді.

дуб

6 м. 6.5 м. 8 м. 5 м. 10 м. 4 м.
90° 90° 90° 90° 90° 90°

l 3 м. ll
22 м.
Полярлық тәсілі
Жармалық тәсілі
Бұрыштық тәсілі
Сызықтық тәсілі
Тексеру сұрақтары:
1.Топографиялық түсірулер
2.Теодолиттік түсіріс
3.Тахеометриялық түсіріс
4.Мензулалық түсіріс

Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Лазерлік сканерлеу технологиясы
Тахеометрлік түсіріс
Маркшейдерлік түсіріс
Маркшейдерлік түсіріс туралы
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖИІЛЕНДІРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Фототопография
СӨЖ ТАХЕОМЕТР
Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТІРЕК ТОРАПТАРЫ
Электронды теодолит
Пәндер