Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны


Slide 1

1-тақырып. Жалпы тіл білімі пәні, зерттеу нысаны, салалары, басқа ғылымдармен байланысы

Slide 2

Дәріс жоспары

1. Жалпы тіл білімі тіл ғылымының зерттеу нысаны 2. Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан негізгі күрделі салалар

Slide 3

Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Жеке тілдер жөніндегі ғылым бұдан көп бұрын пайда болғанымен, олар бір-біріне байланыссыз, жеке-жеке қаралды. Тілдердің өзара туыстас, төркіндестігі, дыбысты тілдің жалпы адамзаттық құбылыс екендігі, олардың арасында бірліктің де, өзгешеліктің де, жалпы заңдылықтың да, даралықтың да болатыны онша белгілі бола қоймады. Сондықтан зерттеулерден жалпы тілдік теориялық қорытындылар жасалмай келді.

Slide 4

Жалпы тіл ғылымы

тілдің құрамын,

функциялық сипаттарын,

даму

заңдылықтарын,

сыртқы дүниемен, қоғаммен, мәдениетпен байланысын жанжақты зерттейді.

Дүниежүзінде қаншама тілдер бар, дәл санын айту мүмкін емес, бірақ осы тілдердің барлығына ортақ заңдылықтар қалыптасқан. Мұндай ортақ қасиеттердің болуы - тіл иелері болып табылатын адамзаттың ойлау жүйесінің сөйлеу органдары мен есту қабілеттерінің, ой-саналарының бір-біріне жақын, ұқсас болуынан. Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны жалпы тілдік болғандықтан, одан шығатын теориялық тұжырымдар да тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілігіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория болмақ. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс.

Slide 5

Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан негізгі күрделі салалар:

Slide 6

Тіл білімін зерттеуде қолданатын әдіс-тәсіліне, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай да жіктешілік бар.

Slide 7 Slide 8

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Ғалымдар арасында тіл білімін жаратылыстану не қоғамдық ғылымға жатқызуда бірізділік жоқ. Қалай дегенмен де тіл табиғаттағы өзге де құбылыстардан, жаратылыстардан оқшау өмір сүре алмайтыны сиықты, тіл туралы ғылым да басқа ғылымдармен байланыссыз дами алмайды.

Ғылымдардың байланысы дегенде мына мәселені ескеру қажет. Ғылым салаларының байланысы олардың ортақ мәселелерді зерттеуімен байланысты болады. Белгілі бір ғылым түрі табиғаттағы, қоғамдағы құбылысты, затты өзіне зерттеу нысаны етіп тұтастай не белгілі бір бөлшегін алуы мүмкін. Осыдан келіп жаратылыстағы бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ зерттеу нысаны бола алады. Осы тұрғыдан алғанда тіл ғылымындай басқа ғылымдармен байланысы мол ғылым саласы кемде-кем.

Slide 9 Slide 10

Практикалық сабақ жоспары (1сағ)

Лингвистикалық зерттеу мектептері.

2. Кешенді зерттеулер негізінде пайда болған қазақ тіл білімінің қазіргі салалары.

ОСӨЖ арналған тапсырмалар (1сағ)

Қазақ лингвистикасының даму үдерісіне шолу.

2. Тілдердің даму заңдылығы

Ұсынылатын әдебиеттер №:1, 2, 3, 4.


Ұқсас жұмыстар
Тіл теориясы
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тіл мен таным бірлестігі
Когнитивтік лингвистика
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Тіл және сөйлеу
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
Тіл білімі және оның объектісі
Когнитивтік тіл білімінің лингвистика табиғи бағыты
Орта ғасыр тіл білімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz