Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет


Slide 1

10-ТАҚЫРЫП Қазіргі түркі тілдері бойынша қысқаша мәлімет

Slide 2

Жоспары:

1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі)

2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері)

3. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері)

5. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері)

Slide 3

Бұрын түрік қағандығы құрамында болған бірнеше тайпалық бірліктер Орта түркі дәуірінде айқындала түседі де, бір-бірінен бөлініп, жеке тайпалар одағы болып қалыптасады. Олардың қатарына:

деп аталатын тайпалық одақтар жатады. Бұл тайпалық одақтар қазіргі көптеген түркі тілдерінің тараған төркіні болды.

бұлғар

оғыз

қыпшақ

қарлұқ

Slide 4

Бұлғар бірлестігі және оның тілі

Бұлғар мемлекеті VII-VIII ғасырларда Волга, Кама бойында қалыптаса бастаса керек. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бүл бірлестіктің тілі, яғни бұлғар группасына жататын тілдер туралы алғашқы мәлімет араб географы Истрахридың еңбегінде берілген. Онда бұлғарлар тілі хазар тіліне ұқсас екендігі айтылады. Ол X ғасырда өмір сүрген Ибн-Русте де бұлғар тілінің хазар тіліне ұқсастығын және бұл екі тілдің орыс тілінен мейлінше бөлек тілдер екендігін айтқан.

Slide 5

Оғыздар-орта ғасырда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар одағы. Оғыздар «тоғыз оғыз» деген атпен VII ғасырдағы Шығыс түрік кағандығы құрамында болған. Оғыздар Орталық, Орта Азия, Жетісу өңірлерін, Ыстықкөл аймағын мекендеген. IX ғасырда осы аймақтарды өз билігіне алған оғыз тайпаларының Ұлы Салжұқ деп аталатын ерте феодалдық мемлекеті қалыптасады. Оның орталығы Жаңакент қаласы болған.

Slide 6

Оғыз бірлестігі және оның тілі

XI ғасырда оғыздар қыпшақтардан жеңіліп, біразы Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысалы да, енді бір бөлігі Мәуеренахрдағы Қарахан әулиеті мен Хорасандағы Салжұқ әкімдеріне тәуелді болды. Оғыздар түркмендердің, өзбектердің, қарақалпақтардың арғы аталар болып есептеледі. Оғыздар түрік, қазақ халықтарының қалыптасуына да белгілі үлес қосқан.

Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т. б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар - боз оқ және үш оқ (учук) . VIII ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды.

Slide 7

Қарлұқтар және оның тілдері.

Slide 8

Қыпшақтар және оның тілдері

«Қыпшақ» деген атау қытай жазбаларында б. з. алдындағы 2-ғасырдан бастап кездесетін керінеді. Ал оның әйгілі, жауынгер тайпа ретінде сахнасында керінуі Орта ғасырдан/9-11/ ғасыр басталады. Тарихи деректерге қарағанда, қыпшақтар бір кезде Түркі қағанаты құрамында болған Қимақ мемлекетінің ыдырауына байланысты содан бөлініп шыққан. Қыпшақтар Европа жазбаларында Кумандар, Россияда половшылар деп аталады. Қыпшақ Евразияның көптеген аймақтарын "мекендеген мал өсіруші, көшпелі халықтар болған.

Slide 9

Олар Қытай шекарасынан бастап Дон өзеніне, Оралдан бастап Қара теңізге дейінгі ұланғайыр аймақтарды жайлаған. Тарихи әдебиеттерде қыпшақтар «дешті Қыпшақ» /дала Қыпшағы/ деп те аталады. Қыпшақтар көптеген ру, тайпаларды жаулап алып, өзінің құрамын мейлінше молайтқан. Қыпшақ бірлестігі кейінде қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрік, азербайжан, татар, башқұрт, түрікпен, ноғай, қарашай, карайым, балқар, ғағауыз сияқты халықтардың қалыптасуында елеулі роль атқарған.

Slide 10

Бақылау жұмыстары:

1. Түркі тілдерінің бұлғар тобы (чуваш тілі)

2. Түркі тілдерінің оғыз тобы (түрік, әзірбайжан, түрікмен, гагауыз, салар тілдері)

3. Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы (қырғыз, алтай тілдері)

4. Түркі тілдерінің қыпшақ тобы (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқүрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар тілдері)

5. Түркі тілдерінің қарлұқ тобы (ұйғыр, өзбек тілдері)

6. Түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз тобы (якут, хакас, тува, тофа, шор, сары ұйғыр тілдері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә. Қайдар, М. Оразов. Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.


Ұқсас жұмыстар
ҒҰН ДӘУІРІ ТҮРКІТАНУДЫҢ ҚАЙНАР
Түркі тілдері
Латын жазулы түркі жазба ескерткіштері
Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ
Орал тілдері шоғыры
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Тіл теориясы
Түркі ғалымы
ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ТҮРКІ БАТЫС ТҮРКІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz