Есірткінің зардаптары


Slide 1

Жастар арасында алкоголь мен есірткіні тұтынуға әсер етуі мүмкін фокторлары.

Орындаған: Серикпаева Дильназ

П20-002-02

Slide 2

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

Есірткінің зардаптары.

Ішімдіктің зардаптары.

Темекінің зардаптары.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3 Slide 4

- Ата-ананың бір бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы; - Отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы; - Мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі; - Достарының арасында нашақорлардың бар болуы; - Өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі; - Алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы; - Әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі.

Slide 5 Slide 6

Есірткінің зардаптары.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кең ауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.

Slide 7

Нашақорлық көптеген түрлі қылмыстарға итермелейді. Есірткілерге деген сұраныс оны коммерциялық сатуға тыйым салу жағдайында жасырын есірткі бизнесі мен наркомафияны туғызады. Есірткілерді тарату мен нашақорлар қызметіне байланысты басқа да қылмыс түрлері көбеюде. Егер есірткілік заттарды тәуліктік қабылдауға нашақордың қажеттілігі аса жоғары болса, бұл жағдайда кезекті дозаға ақша табу үшін, нашақор кез келген қылмысқа баруы мүмкін. Ол қоғаммен байланысты жоғалтады, сондықтан қылмыс істеуге әрқашан дайын. Нашақорлықтың салдарын бағалауда күрделі есірткілер (героин, крэк, кокаин) мен жеңіл есірткілерді (гашиш, марихуана) айырмашылығын ескерген жөн. Өлімге әкелетін күрделі есірткілер аса қауіпті.

Slide 8

Есірткінің биологиялық зияны: • Ағзаны тәуелді етеді; • Психика бұзылады; • Ішкі құрылыс зақымданады; • Кемтар балалар туылады, т. с. Есірткінің әлеуметтік зияны: • Нашақордың отбасы қиналады; • Емдейтін маман іздейді; • Шығынданады; • Нашақор өз жақындарын еліктіреді; • Қылмыстар жасалады, т. б. Есірткінің экономикалық зияны: • Бар ақшасын есірткі қолдануға құртады; • Өз үйінен бағалы заттарды білдіртпей алып кете бастайды; • Үйдің жағдайын төмендетеді; • Есірткі сатушылар оңай олжаға кенеледі, арам жолмен байиды.

Slide 9

Ішімдіктің зардаптары.

Алкогольдік ішімдік ішу - бұзақылық, қылмыс, кісі өлтіру, өз-өзіне қол салу және көлік жүргізу барысында қазаға ұшыраудың негізгі себептерінің бірі. Неге десеңіз алкогольдің психика мен ағзаға зиянды әсері адамның жүріс тұрысы мен мінезін бұзады. Алкоголь адамның ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін азайтқандықтан, көптеген қылмыстар мен апаттарға жол ашады. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында жылына ондаған мың отбасылар, мас адамдар көлік жүргізу кезінде олардың туыстарын қағып кетіп өлтіргені үшін заң мекемелеріне барып оларды жазаға тартуын сұрайды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, алкоголь ішу, адамның физикалық әрекеттерін тежеп, оның дене қозғалысын бақылау қабілетін жояды. Осының салдарынан арақ ішкен адамның қоғамдағы әрекеттері өз-өзінен өзгереді. Ол ережелерді орындамай, маңайындағы жағдайды дұрыс түсінбейді. Арақ ішкен адам мас болып, қоғамдық және әлеуметтік ережелер мен қағидаларға мән бермей оларды орындамайды. Осының нәтижесінде ол лезде ашуланып, тәртіпсіздік жасаумен балағат сөздер айтады

Slide 10

Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.

Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді.

Slide 11 Slide 12

Алкогольдік ішімдіктер тұтынудан ең көп зиян көретін орталардың бірі - жанұя. Көптеген мәліметтер мен есептер, жанұяның бір мүшесі алкогольдік ішімдік ішетін болса осы қасиетті ортаның құрлысы бұзылуына себепші болатынын көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, жанұя қоғамның тұңғыш бөлімі болып саналады және бала осы ортада дүниеге келіп, тұлғаға ие болады. Салт-дәстүрлер, үлгілер, ата-аналардың көзқарастары мен пікірлері және тәрбиелеу әдістері баланың мінезіне зор әсер етеді. Бала үйде көп нәрсені үйренеді және осы ортада ахлақтық негіздер мен өмір жолын игереді. Сондықтан балаға жақсылық пен жамандықты және құндылықтар мен келеңсіздіктерді түсіндіруде ата-аналар күрделі рөл атқарады. Егер жанұя кеңістігі сау болмаса әрине көптеген келеңсіздіктер мен жағымсыз мінездердің бастамасы болатыны шүбәсіз.

Осы тұрғыдан, жанұядағы маскүнем балаларға тым қолайсыз үлгі болады. Сонымен қатар жанұядағы қолайсыз орта ондағы мүшелердің әсіресе жастардың бұзақылыққа және алкогольге әуестенуіне септігін тигізеді

Slide 13 Slide 14

Швецияда 645 маскүнеммен жүргізілген зерттеуде, әлгілердің бауырлары мен қарындастарының 25 пайызы да алкогольдік ішімдікке құмар екендігі анықталған. Осылайша маскүнемі бар жанұяда басқа мүшелердің де алкогольға әуестену ықтималы жоғары болады. Кейде маскүнем еркектер өзінің жаман әдетін жалғастыру мақсатында, жұбайларын да осы жағымсыз әдетке үйретуге тырысады. Ата-аналардың өзара тату болмауы және әке мен ананың ажырасуы, күйеу мен әйелінде және оның балаларында үмітсіздік сезімі мен қоғамдық қысымдарға шалдықтырады. Бұл қысымдар оларда алкогольдік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына әуес болуына апаруы мүмкін.

Slide 15

Темекінің зардаптары.

Темекі (Nicotiana) - алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1, 09-3, 7 пайыз никотин, 17, 1-18, 9 пайыз күл (органикалық заттар), 4, 9-17, 6 пайыз көмірсулар, 2, 2-3, 7 пайыз азот, 0, 1-1, 3 пайыз эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі - өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған

Slide 16

Темекі тартудың салдарынан туындайтын аурулар

Кеңірдектегі қатерлі ісік

Өкпенің қатерлі ісігі.

Асқазандағы қатерлі ісік.


Ұқсас жұмыстар
Екі қыз жақсы дос
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көңіліңді бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста
Нашақорлық – қоғамдық дерт болып табылады
Мұнай өндірудің экологиялық зардаптары
ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Қазіргі уақытта наркотик айналымы барлық елдерде шектеулі
Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру
Шараның мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz