Азот қышқылының өндірісі, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы


Slide 1

Тақырыбы: Азот қышқылының өндірісі

Slide 2

Азот қышқылы маңыздылығы жоғары бейорганикалық қышқыл болып табылады және өндіріс көлемі бойынша күкірт қышқылынан кейінгі екінші орынды алады. Суда еритін тұздар түзеді (нитраттар), концентрлі түрінің органикалық қосылыстарға тотықтырғыш және нитрлеуші әсері бар, қара металдарды пассивтейді. Бұның барлығы азот қышқылының халық шаруашылығында, қарулы техникада кең қолданыс табуына жол ашты.

Slide 3

Өндірістің қысқаша тарихы

Сонау VIII ғасырдың өзінде алғаш рет азот қышқылын селитра мен темір купоросының қоспасын қыздыру арқылы алу әдісі белгілі болған еді. Кейінірек азот қышқылы селитраға концентрлі күкірт қышқылын қосқанда алынатындығы анықталды.

NaNO3+H2SO4=HNO3+NaHSO4

Азот қышқылын кокс газынан бөлінетін аммиакты тотықтыру әдісі де қолданылды.

Азот қышқылын аммиактан алудың негізін салушы инженер И. И. Андреев. 1914 жылдан бастап, Донбаста көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып азот қышқылын алуға болатындығын дәлелдеп, 1917ж. Юзовкада (қазіргі Донецк) бірінші зауыт салынды.

Қазіргі кезде азот қышқылының екі сұрыбы шығарылады: 50-60% сулы ерітінді болатын сұйытылған және 96-98% HNO3 болатын концентрлі.

Slide 4

Азот қышқылының қолданылуы:

Металдардың нитраттары;

Целлюлоза нитраттары;

Ароматты нитроқосылыстар;

Қопарылғыш заттар;

Түсті металллургия;

Нитролактар;

Бояғыштар;

Пластмассалар;

Нитрофос;

Нитрофоска;

Аммоний нитраты;

Зымыран отыны.

Slide 5

Сусыз азот қышқылы - кристалдану температурасы -41, 6°С, қайнау температурасы - 82, 6° және тығыздығы - 1, 513г/м3 болатын сұйықтық. Сумен кез келген қатынаста араласып, гидраттар деп аталатын жеке қосылыстар,

HNO3*H2O және HNO3*3 H2O, түзеді.

Физикалық қасиеттері

Slide 6

Химиялық қасиеттері

1. Күшті электролит, суда иондарға диссоциацияланады.

HNO3 -> H+ +NO3-

Индикатордың түсін өзгертеді.

2. Негіздік оксидтермен әрекеттеседі

СuO+2 HNO3 -> Cu(NO3) 2 +H2O

3. Негіздермен әрекеттеседі

HNO3 + KOH -> KNO3 + H2O

4. Тұздармен әрекеттеседі.

Na2CO3 + 2HNO3 -> 2NaNO3 +H2CO3

Құрғақ / \

H2O CO2

Өзіндік ерекшеліктері:

5. Жарықтың әсерінен ыдырайды, тұрақсыз

4HNO3 -> 2H2O +4NO2 + O2

6. Металдардың кернеу қатарына қарай орналасқан металдармен әрекеттеседі (№2 кестеге қара)

а) 4HNO3(конц) + Cu -> Cu(NO3) 2 + 2NO2↑ + 2H2O

б) 4HNO3(сұйыл. ) + 3Ag -> 3AgNO3 + NO↑ + 2H2O

Slide 7

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Пластмассалар: жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, өндірісі және қолданылуы
Азот қышқылы өндірісі: әдістері, физика-химиялық негіздері және технологиялық процестері
Мұнайдың құрамы, физика-химиялық қасиеттері және өнімдерінің қолданылуы
Азоттың физика-химиялық қасиеттері, табиғаттағы айналымы және қолданылуы
Карбамид өндірісі: физика-химиялық негізі және технологиялық схемалары
Фосфор: ашылуы, физика-химиялық қасиеттері, өндірісі және Қазақстандағы қорлары
Азот (N): атомдық құрылым, физико-химиялық қасиеттері, таралуы және қолданылуы
Азот оксидтері: құрылымы, химиялық қасиеттері және қолданылуы (9-сынып, химия)
Фосфор элементінің таралуы, физика-химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Күкірт қышқылы: физикалық және химиялық қасиеттері, өндірісі, қолданылуы мен экономикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz