Instagramm - жастардың әлеуметтік желісі
Презентация қосу
Әлеуметтік желінің
зияны мен пайдасы
Ерсайынова Бибақыт
Журналистика 181(4)2 топ
Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те
атайды екен. Бұл –адамдардың бір-бірімен ғаламтор
арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет
сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ,
әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен
қарым-қатынасы.
Әлеуметтік желі деген не?
Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-
бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес,
сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың
тағыда кімдермен байланыс таныс екенін
білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-
білістігіңді арттырудың жолы. Демек,
әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –
байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде
«желі» сөзі – интернеттегі сайт болса,
«әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары,
яғни сіз бен біз.
Әлеуметтік желі не үшін керек?
Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам
баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы,
өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды,
белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде
фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал,
шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана
жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің
қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені,
біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-
бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды.
Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін
жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың
тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп
тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен
еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің
мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.
Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі
қолдың саусағын қосып санасаңда жетпейтін
жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы
әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі,
микроблогтар, тек қана видео немесе
суреттерді жүктеуге арналған белгілі
бағыттағы , тақырыптық әлеуметтік желі бар.
Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге
youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress,
ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен
әлем бойынша рейтінгі ең жоғары әлеуметтік
желіні атап өтейін.
В контактенің қолданушылардың жасы 16-30 жастар
аралығында.Пайдасы достарынмен араласып, хат алмасып
отырасың. Туыстарыңның,достарыңның фотоларың көресің.
Жаңалықтан құр қалмайсың.Неше түрлі видеолар және кинолар
көресің, кинотеатрға бармай-ақ. Бұрынғы аталырымыз бен
апаларымыз тыңдап келе жатқан әндерді және қазіргі заманғы
әндерді таба аламыз. Группа деген бар,ол жерде неше түрлі нәрсе
білуге болады.Мысалы, жұлдыздар туралы күнделікті жаңалықты
оқисын.Ғылым мен техника саласында не болып жатқаның біліп
тұрасың.Тіпті, адамдарға әдемі айтылған нақылдарды тамсана
қарап оқисың. Зияны ол адам сол әлеуметтік жүйеге тәуелді болып
кетеді.
Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең
бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы
әлеуметтік желі. Қолданушылар жасы 20-40 жастар
аралығы.Дүние жүзінен достар табуға болады. Топтар ашып,
көптеген жұмыс бітіруге болады. Сайлаудың алдында қандай
ресми партиялар бар екенін, қандай көсемдер мен шешендер
бар екенін білуге болады. Біреудің бір суреті, видеосы немесе
жазбасы ұнаса, оны басқалармен бөлісуге болады.Жастарға
онша қызық емес. Бұл жерде кілең бастықтар отырады. Бұл
әлеуметтік жүйеде босқа отырмайды.
Whatsapp- қазіргі таңда жастардың көп қолданатын желілердің бірі.
Тек қана жастар ғана емес, үлкен кісілерде қолданады. Оның
пайдасы аудиомен сойлеп жіберуге болады. Өлең, видео, фото бір-
бірімен алмасуға болады.
Instagramm- жастардың әлеуметтік желісі. Оның ерекшелігі
күнделікті не істеп жүргеніңді фото арқылы достарына көрсетесің.
Бірақта, осы желі маған ұнамайды. Себебі, алтын уақытынды керек
емес нәрсеге бөлесің.
Тіркелудің түрлері
Әр желінің өзінді тіркелу шарттары бар. Мысалы:
МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың
тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу
үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын
кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың,
салмағың, жұмыс орның, бойың, салмағың, жұмыс
орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25
сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы
сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен,
хоббиіңмен таныс болады. Яғни өзіңді-өзің басқаның
қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір
дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ
секілді барлау қызметтерінің жобасы деп.
Әлеуметтік желінің денсаулыққа
зияны.
Facebook ресми веб парақшасы әлеуметтік желілерді
шектен тыс падалану денсаулыққа зиян деп
жарияланды. Мамандар Facebook сияқты әлеуметтік
желіде күн-түн демей онлайнда отыратындардың
шынайы өмірдегі адамдармен қарым-қатынас деңгейі
төмендейді. Деп дабыл қағып отыр.
Әлеуметтанушылар мен психологтар “Facebook сияқты
әлеуметтік желілер тез әрі оңай қарым-қатынас жасау
жолы ретінде көрінеді де, көз алдағы ақпараттар
толқыны сізді жұтып кете береді. Бірақ, ол сіздің өміріңіз
емес. Ол сіздің уақытыңызды өлтірумен қатар, шынайы
өмірдегі достарыңызбен ара қатынасыңызды
алшақтатады әрі шынайы өміріңіздегі нақты барыс-
келістерге немқұрайлылықпен қарай бастайтын
боласыз” деп отыр.
Назарларыңызға
Рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz