ИНВЕКТИВТІ СӨЗДЕР
Презентация қосу
ф.ғ.д., профессор А.К. Алтаева
2-ДӘРІС. ИНВЕКТИВТІ СӨЗДЕР
Алматы 2021
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ТІЛДІҢ ИНВЕКТИВТІ ҚЫЗМЕТІН КЕҢІНЕН ҚАРАСТЫРУ.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• ИНВЕКТИВА ҰҒЫМЫН КЕҢ ЖӘНЕ ТАР МАҒЫНАСЫНДА ТҮСІНЕ БІЛУ;
• ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРҒА ТОҚТАЛУ;
• ИНВЕКТИВАҒА ҚАТЫСТЫ ЕКІ БАҒЫТТЫ МЕҢГЕРУ;
• ЖАЛА МЕН ҚОРЛАУҒА ИНВЕКТИВАНЫҢ ҚАЙ БАҒЫТТАРЫ СӘЙКЕС КЕЛЕТІНІН АНЫҚТАУ;
• ИНВЕКТИВАНЫ АУЫСТЫРАТЫН БАСҚА АТАУЛАРДЫ БІЛУ.
Инвектива – «біреуге немесе бірдеңеге бола қатты сөз айту, балағат, әдепсіз
сөз, тіл тигізу, қорлау, ұрысу», қайнар көзі латын тілінен шыққан: invective
oratio – балағат сөйлеу. Инвектива ұғымы қазіргі зерттеушілердің
еңбектерінде кең мағынасында адамның жек көру сезімі мен ашу-ызасының
қорлау ретінде қабылданатын кез-келген тілдік көрінісі (біреуге қатты сөз
айту ғана емес) және тар мағынасында тыйым салынған тілдік құралдармен
адамды қорлайтын атау.
Лингвистикалық сараптама мақсатында тілдік агрессия түрлеріне сәйкес
инвективаға қатысты екі бағыт бар: 1) инвективті экспрессия – сөйлеушінің
эмоционалды күйі, яғни, кісіге көңілінің толмауы, жек көру, ыза; 2)
инвективті ниет – сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты, яғни, тұлғаға
залал келтіруді көздеп сөйлеуі, беделін түсіруі, құлықтық зардап шектіруі.
Инвективті экспрессия өткір бағалауыштық сөзде байқалады, бұл – кекесін,
балағат сөздер мен сөйлемдерді қолдану, жеккөрушілік пен өшпенділікті
көрсету. Инвектив-экспрессия қасақана қорлау ниетінсіз (неумышленное
оскорбление) өткір бағалау көрінісі ретінде қорлауға (ҚР ҚК 130-бабы)
жақын келеді. Бұл жағдайда инвектив-экспрессия инвективтің кең
мағынасына сәйкес келеді.
Инвективті ниет орын алғанда жұмсалған сөз залал келтіру міндетін қалтқысыз
орындауы тиіс. Бұл тұрғыда инвективті ниет инвективтің тар мағынасындағы
түсінігіне сәйкес. Инвективті ниет қорлаудан басқа, тұлғаның ар-намысы,
абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді қасақана
тарату арқылы саналы түрде залал келтіруге жақын. Бұл «жала» дап аталатын
қылмыстық әрекеттің желісі болып табылады.
Инвектива тар мағынасында басқа да атауларға ие: нормаға түспеген лексика,
табуланған лексика, әдепсіз лексика, ашық қолдануға болмайтын лексика,
тыйым салынған лексика, боқтық лексика.
ДӘРІС БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
• КЕҢ МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ТАР МАҒЫНАСЫНДАҒЫ ИНВЕКТИВА ДЕГЕНДІ
ҚАЛАЙ ТҮСІНДІҢІЗ?
• ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫ АТАП БЕРІҢІЗ.
• ТҰЛҒАҒА ЗАЛАЛ КЕЛТІРУДІ КӨЗДЕП СӨЙЛЕУ ИНВЕКТИВТІ НИЕТ ПЕН ИНВЕКТИВТІ
ЭКСПРЕССИЯНЫҢ ҚАЙСЫСЫНА ЖАТАДЫ?
• ЕКІ БАҒЫТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЖАЛА ЖАБУМЕН, ҚАЙСЫСЫ ҚОРЛАУМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz