ҚАНЫҚПАҒАН МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР




Презентация қосу
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университеті

Тақырыбы: Липидтер

Топ атауы: АЗТ - 202

Орындаған: Серікбаева Гүлнұр

Қабылдаған: Дузелбаева Самал
Липидтер – бүкіл тірі клеткалардың құрамына
енетін, майлардың және май тәрізді заттардан
құралған, суда ерімейтін, полюстігі төмен
органикалық заттар.

Сабындалатын Сабындалмайтын
(немесе (немесе
гидролизденетін, 2,3 гидролизденбейтін,
және одан да көп бір ғана
компоненттерден компоненттен
тұрады) тұрады)
Липидтер тірі ағзалардың ішкі
органдарының, ұлпалар және олардың
клеткаларындағы мыңдаған органикалық
қосылыстардың мөлшері мен сапалы әрқашан
бір қалыпты және тұрақты болуы үшін қажет.
Оны ғылым тілінде гомеостаз деп атайды.

Липидтер жасушада бос күйінде емес,
ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі,
сондықтан оларды липопротеиндер дейді.
Сабындалатын
липидтер

жай күрделі

балауыз фосфолипидтер гликолипидтер

триацилглицериндер сфинголипидтер
Липидтердің физикалық химиялық
қасиеттері олардың құрамында болатын майлы
қышқылдарға байланысты. Табиғи майлы
қышқылдар қаныққан, қанықпаған болып
екіге бөлінеді.
Қаныққан майлы қышқылдан тұратын
майлар қалыпты температурада қатты, ал
қанықпаған қышқылдан тұратын майлар
сұйық майлар деп аталады.
Қатты майлар (сиыр, қой, т.б.) негізінде
шектелген (қатты) қышқылдың
триглицеридтерінен, ал сұйық майлар
(күнбағыс майы т.б.) шектелген (сұйық)
қышқылдардың триглицеридтерінен тұрады.
Гидрогенделу (сутектендіру) реакциясы арқылы
сұйық майды қатты майға айналдырады.
ҚАНЫҚҚАН МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР

Қаныққан (шектелген) бір негізді жоғары карбон (майлы)
қышқылдарының гомологтық қатарының негізгі өкілдері:
• СН3-(СН2)2-СООН (С4Н7СООН) май қышқылы
• СН3-(СН2)14-СООН(С15Н31СООН)пальмитин қышқылы
• СН3-(СН2)16-СООН (С17Н35СООН) стеарин қышқылы
Қаныққан майлы қышқылдардың қанықпаған
қышқылдардан айырмашылығы олар ағзада
ацетилкофермент А-ның (КоА) синтезделуі нәтижесінде
пайда болады. Ал КоА сірке қышқылының активті бір
формасы болып есептеледі.
ҚАНЫҚПАҒАН МАЙЛЫ ҚЫШҚЫЛДАР
Қанықпаған майлы қышқылдар көбінесе
жануарлар ағзасында кездеседі. Олардың негізгі
өнімдері:
•СН3-(СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН (С17Н33СООН)
олеин қышқылы

•СН3-(СН2)6-(СН=СН)-(СН2)6-СООН (С17Н31СООН)
линоль қышқылы

•СН3-(СН2)5-(СН=СН)3-(СН2)5-СООН (С17Н29СООН)
линолен қышқылы

•СН3-(СН2)5-(СН=СН)4-(СН2)5-СООН (С17Н31СООН)
арахидон қышқылы
ГЛИЦЕРОЛИПИДТЕР. АЦИЛГЛИЦЕРИНДЕР
(жай және аралас)
Ацилглицериндер жоғары бір негізді қаныққан
және қанықпаған карбон қышқылдары
(пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН,
олейн С17Н33СООН) және үш атомды спирт
глицериннен түзілетін күрделі эфирлер. Мұндай
қосылыстар триглицеридтер
O деп аталады.
O
CH 2 OH + HO C
CH2 O C
C 17H35
C17H35
O O
+ 3H2O
CH OH + HO C CH O C

C 17H 35 C17H35

O O

CH2 OH + HO C CH2 O C

C17H 35 C17H35
Аралас майлар глицериннен және әртүрлі
жоғарғы карбон қышқылдарынан (қаныққан
және қанықпаған) тұрады.
Егер жоғары карбон қышқылдары
глицериннің барлық гидроксил топтарымен
әрекеттессе (этерификация) триглицерид
(триацилглицерин), екі гидроксил тобымен
әрекеттессе диглицерид (диацилглицерид), бір
гидроксил тобымен әрекеттессе моноглицерид
(моноацилглицерин)
O түзіледі.
O Мысалы: O

CH2 O C C17H35 CH2 O C C17H33 CH2 O C C17H35
O O

CH O C C17H33 CH O C C17H35 CH OH
O

CH2 O C C15H31 CH2OH CH2 OH
триглицерид диглицерид моноглицерид
Майлардың гидролиздену реакциясы
қайтымды процесс, бірақ сілтілердің
(NaOH, KOH) қатысуымен бір бағытта
жүріп сабын алынады.
O
CH2 O C
C17H33
O CH2OH O
CH O C + 3NaOH CHOH + 3C17H33 C
C17H33 ONa
CH2OH
O
глицерин
CH2 O C
C17H33
триолеин
O
CH2 O C
C17H35
CH2OH
O
HCl, липаза
CH O C + 3H2O CHOH + 3C17H35COOH
C17H35
CH2OH
O глицерин
CH2 O C
C17H35
тристеарин

Қышқылдық ортада гидролиздену реакциясы
Фосфоглицеролипидтер

Фосфоглицерофосфолипидтер жануарлар
мен өсімдіктердің әртүрлі ұлпаларында көп
таралған. Ең көп таралған фосфолипидтер
глицериннің жоғарғы майлы қышқылдардың
және фосфор қышқылының қалдықтарынан
тұратын күрделі эфирлер болып саналады. Ең
қажетті үш фосфолипид:
фосфатидилэтаноламин,
фосфатидилхолин,
Фосфатидилсерин .
Фосфатидилэтаноламиннің құрамына
аминді спирті этаноламин (коламин) кіреді.

Фосфатидилэтаноламин (коламинкефалин)
Фосфатидилхолин азоттық негіз холиннен
тұрады.

Фосфатидилхолин (лецитин)
Фосфатилдилсерин, фосфатидилэтаноламин,
фосфатидилхолин, фосфотид қышқылының
туындылары болып табылады.
Фосфатидилсерин молекуласында
аминқышқылы сериннің қалдығы болады.

Фосфатидилсерин (серинкефалин)
СФИНГОЛИПИДТЕР және ГЛИКОЛИПИДТЕР

Сфинголипидтер мембрана липидтерінің
маңызды класына жатады. Сфинголипидтер екі
атомды қанықпаған аминді спирттен
(сфингозин), майлы қышқылдарынан, фосфар
қышқылы мен азоттық негізден тұрады. Олардің
ішінде бір полюсті (гидрофильдік) және екі
полюссіз (гидрофобтық) бөліктері бар, бірақ
құрамында глицерин болмайды.
Сфинголипидтердің ішінде ең көп тарағаны
сфингомиелиндер. Олар жануарлар мен
өсімдіктер жасушаларының мембраналарында
кездеседі. Әсіресе нерв (жүйке) ұлпаларында өте
көп. Сфингомелиндер бүйрек, бауыр ұлпаларынан
(тканьдерінен) және басқа ағзаларда да табылады.

Гликолипидтер күрделі липидтер. Олар
көмірсулардың молекулаларында кездеседі,
көбінесе, галактозаның Д формасында. Фосфор
қышқылы мен азоттың негіздер гликолипидтердің
құрамында болмайды. Гликолипидтер жүйке
жасушаларының қызметін реттейді.
САБЫНДАЛМАЙТЫН ЛИПИДТЕР
Сабындалмайтын липидтер қышқылдық және
сілтілік ортада гидролизденбейды.

терпендер стероидтар
Терпендер изопреннің екі немесе одан да
көп қалдықтарынан тұрады.
Құрамында екі изопрен тобы бар
терпендерді - монотерпендер, үш -
сесквитерпендер, төрт, алты және сегіз – ди-,
үш- және тетратерпендер деп аталады.

Изопрен формуласы
Монотерпендер

ациклді бициклді
моноциклді

Гераниол Ментол Камфора
Стероидтар табиғатта ең көп тараған
және ағзада атқаратын қызметтері әртүрлі,
құрылыстары циклды болып келеді.
Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран
циклопентан және пергидрофенантрен
ядроларынан құралған.

Стероидтарға холестерин, жүрек гликозидтері,
гормондар және т.б. заттар жатады.
Пайдаланылған әдебиет:
1.Химия,
Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов,
Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова
2. М.Б.Усманова, Қ.Н.Сакарянова
3. Органикалық химия
М.Н.Петров

Ұқсас жұмыстар
Май қышқылдары
КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫН ӨНДІРУ
Биотехнологиялық консервілеу әдістері
Қанықпаған және қанықпаған майлар
Май өнімдерінің қосалқы өнімдері
Карбон қышқылы
Түрлі көмірсутектердің қоспасы
Май қышқылдарының алмасуы
Липидтердың маңыздылығы
Булану және конденсация
Пәндер