Тіршілік эволюциясы




Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университеті
Жаратылыстану
факультеті
Биология
кафедрасы

Орындаған: Таймуратова Оқида
Бобомуродқызы ЖБЛ-111, 1-
курс студенті
Тақырыбы: «Биологиялық
эволюция түсінігі.
Эволюцияның қозғаушы
күштері»
Биологиялық эволюция - бұл тірі ағзалардың күрделі
сатыға көтеріліп, қоршаған орта жағдайларына
бейімделгіштіктің артуындағы тұрақты, үздіксіз
жүретін үдеріс. Микроэволюция дегеніміз - жаңа
түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі. Жаңа
түршелер таксондарының, қалыптасу үдерісі
макроэволюция деп аталады. Бұл үдерістер
эволюциялық өзгерістердің құнды тізбегін түзеді.
Жаңа класты сонда пайда болған жаңа түрлерсіз
пайда болды деудің өзі түсініксіз. Сондай-ақ
бастапқы түрлер өте көп мөлшерде жеткіліксіз
болса, жаңа түршелік санаттардың қалыптасуы да
мүмкін емес. Биологиялық эволюция үдерістері
жалпы заңдылықтарға бағынады.
Тіршілік эволюциясы
Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті?
Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға
мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің
пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р.
Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик,
академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің
пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория
бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның
- алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін
биологиялық эволюциялардың нәтижесі.
Эволюцияның қозғаушы күштері
Эволюцияның қозғаушы күштері деп –Ч.Дарвин тұқымқуалаушылық,
өзгергіштік және табиғи сұрыпталу деп бөлді. Ол тұқымқуалаушылық
пен өзгергіштік әсерінен пайда болған өзгергіштігін организм өзінде
сақтап және келесі ұрпаққа бере алады деп түсіндірді. Өзгергіштік
организмдердің алуантүрлілігін туғызса, ал тұқымқуалаушылық осы
өзгерісті келесі ұрпаққа береді. Сонымен барлық тірі организмдердегі
өзгергіштік пен шағылыстыру кезіндегі пайда болған өзгерістер
тұқымқуалаушылықтың жемісі (гетерогенді)
Эволюцияның
қозғаушы күштері

Тұқымқуалаушы Өзгергіштік Табиғи сұрыпталу
лық
Тұқымқуалаушылық. Барлық организмдердің ата тегінен құрылысы мен
атқаратын қызметінің ерекшеліктерін сақтап ұрпағына беретін жалпы
қасиеттерін тұқым қуалаушылық деп атайды.

Организмдерде ата-енесінің ұрпағымен байланысы негізінен көбею
арқылы жүзеге асады. Ұрпақтары қашанда ата-енесі мен ататектеріне
ұқсас болғанмен де олардың дәлме-дәл көшірмесі бола алмайды.

Шошқажаңғақтан емен өсіп, көкектің жұмыртқасынан оның балапаны
өрбитіні кімге де болса аян. Мәдени өсімдіктің белгілі сортты тұқымынан
сол сортты өсімдік өсіп шығады. Үй хайуанаттарының ұрпағы сол
тұқымның қасиеттерін сақтап қалады.
Өзгергіштік. Организмдердің жаңа белгілерге жалпы ие болу қасиеті - түр
ішіндегі особьтар арасында болатын айырмашылықтар өзгергіштік деп
аталады.
Организмнің барлық белгілері: сыртқы және ішкі құрылысының,
физиологиясының, мінез-қылығының және т. б. ерекшеліктері өзгеріп тұрады.

Жануарлар жұбының бір ұрпағынан, сондай-ақ бір жемістен өсіп шыққан
өсімдіктер арасынан мүлде бірдей особьтарды кездестіру мүмкін емес. Бір
тұқымды қойлар табынындағы жануарлардың әрқайсысы бірінен-бірі болар-
болмас ерекшеліктері: дене мөлшері, сирағының ұзындығы, басы, реңі,
жүнінің ұзындығы және бұйралығы, даусы, мінез-қылығы арқылы
ажыратылады. Алтын шыбық (күрделі гүлділер тұқымдасы) гүл-шоғындағы
шеткі тілше гүлдер саны 5-тен 8-ге дейін ауытқып тұрады.
Еменді ормандағы желайдардың (сарғалдақ тұқымдас) күлте
жапырақшаларының саны 6, кейде 7 және 8 болады.
Бір түрдің немесе бір сорттың өсімдіктері бірінен-бірі гүлдеу, жемістерінің
пісіп жетілу мерзімдері, қуаңшылыққа төзімділік дәрежесі т. б. бойынша
ажыратылады. Особьтардың өзгергіштігі арқасында популяция әр текті
болып келеді.
Дарвин өзгергіштіктің негізгі екі формасын - тұқым қуаламайтын және
тұқым қуалайтын формаларын ажыратты.
Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік.
Дәл бір тұқымның барлық особьтары сорттың немесе түрдің белгілі бір
себеп әсерінен бір бағытқа карай өзгеретіні ежелден-ақ байқала
бастады. Мәдени өсімдіктердің сорттары адамның оларды алғашқы
шығарғандағы жағдайлары сақталмаса, өз сапасын жоғалтады.

Мысалы, ыстық елдерде өсірілген ақ қауданды капуста қаудан түзбейді.
Өсімдіктерді жақсы тыңайтып, суарғанда, жарық бергенде бір түпте
қаулап өсіп, мол жеміс беретіні белгілі. Азығы құнарсыз тауға немесе
аралға апарылған жылқы тұқымдары уақыт өткен сайын бойы
аласарып, тәпелтек бола бастайды.

Тұқымы нашар үй хайуанаттарының бағып-өсіруі жақсартылып, күтімі
арттырылған жағдайларда өнімділігі жоғарылай түседі. Бұл
өзгерістердің барлығы да тұқым қуаламайды,ал егер өсімдіктерді
немесе жануарларды бастапқы тіршілік жағдайларына көшірсе-ақ
болды, алғашқы белгілер қайтадан білінетін болады.
Лавршие жапырақтарының
модификациялық өзгергіштігі
Табиғи сұрыпталу. Табиғи сұрыпталу дегеніміз-өзінен соң
ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайына жақсы
бейімделген даралардың тірі қалуы.

Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі. Тіршілігін сақтап
қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес
жүреді.

Тіршілік үшін күрес дегеніміз-бір түр ішіндегі, бір түр мен
екінші түр арасындағы және түрлер мен қоршаған орта
арасындағы ұрпақтарының өсімталдылығын қамтамасыз
ететін даралардың қарым-қатынасының күрделі
жиынтығы. Дарвин тіршілік үшін күрестің негізгі 3
формасын атады: Тіршілік үшін күрес,Түраралық,Түрішілік
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.
Түраралық күрес. Әртүрлі түрге жататын даралар
арасында жүреді. Мысалы: түлкілердің қояндарға
шабуылы (жыртқыштық), қасқыр мен түлкі жемтігі үшін
таласады (конкуренция-бәсекелестік), діңқұлақ пен ағаш
(паразитизм).
Түрішілік күрес. Бір түрге жататын даралар арасындағы
күрес. Мысалы: екі ақ аюдың өз тамағы үшін күрес
(конкуренция).
Табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес. Құрғақшылықпен,
суықпен, нөсермен т. б. күрес. Мысалы: көптеген өсімдіктер қары аз,
аязды суықтарда қырылып қалады, сонымен қатар аяз кезінде
топырақта тіршілік ететін көп ағзалар қырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Е.Ө.Қуандықов. Медициналық биология және генетика, Алматы 2011 жыл.
С.Б.Ахметова., Г.А.Абдулина.,Ж.С.Сайлау. Жалпы микробиология. Қарағанды 2013
жыл. 112б.
М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев. «Микробиология және вирусология».
Т.Т.Березов., Б.М.Коровкин. Биохимия. М., «Медицина», 2002.
Ч.Дарвин. “ Происхождение человека и полевой отбор ”. Соч. Т.S.М.Л. –2003.
И. Шмальгаузен. “ Дарвинизм қиындықтары ”. Л. Ғылым –2009.
Северцов А.С. Введения в теории эволюции.,М.,2001
В.М.Найдыш. Концепция современного естествознания М, «Гайдар».2000.
Тағайбекова Д.С., Исаев Е.Б. Эволюциялық ілім, лекциялар
жинағы.,ЮКГУ,Шымкент,2008
Варонцов Н.Н. Сухорукова Л.Н. Эволюция органического мира М.,2001
Қосымша дереккөздер:
https://www.referat911.ru/Ekologiya/biologiyaly-jevoljuciya/190997-2323799-place1.h
tml

https://stud.kz/referat/show/44151
https://www.myunivercity.ru/История/Эволюциялы_теорияны_даму_тарихы_жне_
оамны/468057_3407078_страница1.html
Назарларыңызға рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Адам эволюциясы кезеңдерінің сипаттамалары
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЭВОЛЮЦИЯСЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА Ч. ДАРВИННІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Адамның шығу тегі туралы көзқарастар
БИОГЕНДІ КЕЗЕҢ
Ноосфера туралы
Жүйелеу Адамның Жүйелеу себептері қатары жүйелеу қатары
Бафетидтер осы кезеңнің суларында өмір сүрді - бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілер пайда болған жануарлар
Мутацияның молекулалық механизімі
Пәндер