Арнайы мектепте математиканы оқыту
Презентация қосу
Арнайы мектепте
математиканы оқыту
Орындаған: Бекназарова А.А.
Арнайы мектепте математиканы оқыту
Әдістемесінің мақсаты
Арнайы мектептің негізгі міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар
оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі және эмоциядық-ерік аясындағы
кемшіліктерді мүмкіндігінше жеңу, оларды кәсіби еңбекке даярлау,
заманауи қоғам жағдайына әлеуметтік бейімдеу. Арнайы мектеп
оқушыларын математикаға оқытудың міндеттерін анықтау барысында
аталмыш міндеттерді негізге алу қажет.
Математика – арнайы мектептегі негізгі жалпы білім беретін міндеттердің
бірі. Арнайы мектептегі математикаға оқытудың жалпы білім беретін
міндеті – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылармен, күнделікті
ӛмірде және болашақ мамандығына қажетті, мемлекеттік білім беру
стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеруіне жету болып
саналады.
Осыған сәйкес математиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:
аталмыш пәннің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетіне, өздігінен
білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық
байланысты жалпы 10 адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру арқылы баланы тұлға
ретінде қалыптастыру;
оқушының ақыл-ой және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.
Осы мақсаттарға сәйкес математиканы оқытудың мынадай жалпы міндеттері айқындалады:
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын және ерік пен сезімге қатысты
белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны
туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және қалыптастыру;
оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен және ересек адамдармен өзара іс-
әрекетте жасай білуге үйрену.
Арнайы мектепте математикаға оқыту кезеңінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар
оқушылар келесі білім, білік және дағдыларды игеруі қажет:
- натурал сан, нөл , натурал сандар қатарлары мен олардың негізігі қасиеттері туралы, жай және
ондық бөлшектер туралы ұғымдарды;
- негізігі шамалар туралы (кесіндінің ұзындығы, заттар массасы, бағасы, денелердің көлемі мен
сыйымдылығы, уақыт, фигуралар ауданы), шамаларды өлшеу бірліктері және олардың
арасалмақтығы туралы түсініктерді;
- метрлік өлшем жүйесін, уақыт өлшемдерін білу және оларды тәжірибе жүзінде қолдануды;
- қарапайым өлшемдерді жасау дағдыларын, құрал-саймандарды қолдана білу іскерлігін
(сызғыш, сағат, таразы, өлшем ыдыстары және т.б);
- бүтін (көптаңбалы) және бөлшек сандармен негізі төрт арифметикалық амалдарды орындай
білуді;
- жай (қарапайым) және құрама (бірнеше) амалды арифметикалық есептерді шешу іскерлігі;
- жазықтық және кӛлемді геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың
қасиеттерін білу және оларды сызба құралдары (сызғыш , циркуль, үшбұрышты сызғыш ,
транспортир) арқылы салу.
Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бөлімдері:
бүтін сандар арифметикасы,
шамалар,
арифметикалық есептер,
бөлшектер арифметикасы,
көрнекі геометрия элементтері.
Арнайы мектепте математикаға оқытудың ерекшеліктері:
әр сыныптың бағдарламалық материал көлемінің шағын болуы;
бағдарламадағы материалдық орналасу ерекшелігі (дайындық
жаттығулардың болуы және кейбір тақырыптарды алдын ала өту);
оқыту барысында теңеу, салыстыру және қарама-қарсы қойып салыстыру
тәсілдеріне сүйену;
материалды концентр ретімен оқу (бес концентр);
көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану;
оқытудың тәжірбиелік бағыттылығы;
болмыстың нақты құбылыстарын бақылау барысында алынған білімдерді
жалпылау;
жеке және дефференцалды ықпал етуді жүзеге асыру;
оқытудың пропедевтикалық (дайындық) кезеңі;
оқытудың түзету бағыты;
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
Зияты зақымдалған балаларға математиканы оқыту үрдісі арнайы
пропедевтикалық (дайындық) кезеңінен басталады. Бұл мерзім ішінде
мұғалім білім беру, түзету және тәрбие мәселелерінің көбісін шешеді.
Математиканы оқытудың негізгі білім беру мақсаты – зияты зақымдалған
балаларды жүйелі математикалық білімдерді қабылдауға үйрету. 1- сынып
оқушыларының өлшемдік, кеңістіктік, уақыт жөніндегі мәліметтерді
қалыптастыру. Т.В.Розанова математикалық білімдердің меңгерілуін
толық қамтамасыз ететін әдістемелік талаптарды анықтады. Бұл талаптар
оқушылардың кемшіліктерін, дүниетаным ерекшеліктері мен жастық
айырмашылықтарын ескереді.
Дайындық кезеңіне келесі талаптар қойылады:
заттық-тәжірибелік әрекеттерді ұйымдастыру (өлшем, уақыт, кеңістік,
қатынастар жайлы түсініктер);
28 - тілдің белсенді түрін дамыту, оны математикалық ұғымдармен
байыту;
ойлау операцияларды жетілдіру (сұрыптау, қорытындылау).
Сабақ – білім берудің негізгі формасы болып табылады. Арнайы
мектептерде дайындық кезеңінде өткізілетін сабақ 35 минуттан
аспауы қажет. Сабақтың жоспары балаларды жан-жақты зерттеу
мүмкіндігі болатындай және математикалық білімдердің қорын
жетілдіретіндей құрастырылуы керек. Бұл кезеңде сабақтың
дидактикалық және көрнекілік материалымен толық жабдықталуы
қажет. Сабақта түгел сыныппен жаппай (фронтальды) жұмыс
ӛткізіледі. Бұнда мұғалім балалардың сақталған қабілеттіліктеріне
сүйенеді. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп, белгілі бір көркемдік
суреттерді көрсетсе, ондағы заттарды, өлшемдерді атаса, оқушылар
соны қайталауы қажет. Сондықтан да мұғалім сабақта қолданатын
барлық сөздерін, сұрақтарын, суреттері мен құралдарын алдын ала
ойластыруы қажет. Қолданылатын әдістер балалардың
мүмкіндіктеріне сай болуы керек.
Топсеруен барысында теориялық білімдер
тәжірибелік іс-әрекетімен толықтырылады.
Топсеруен мектеп ішінде, шеберханаларда,
мектеп ауласында өтуі мүмкін. Топсеруен
балалардың дүниетанымдарын кеңейтеді,
қоршаған орта жайлы түсініктерін жетілдіреді.
Зияты зақымдалған балалардың математикалық
білімдерін қалыптастыру әдістемесі Шамалар
елесі. Дайындық кезеңінде мұғалім
оқушылардың шамалар жайлы түсініктерінің
бар-жоғын анықтайды. Математикалық сөз
қорын дамытады. Заттарды өлшеуге, бір-біріне
теңеу арқылы салыстыруға үйретеді.
Ұғымдардың өзара қатынасын түсіндіреді
(ұзын-қысқа, алыс-жақын, кең – тар). Белгілі бір
қасиеттер негізінде объектілерді жұптарға,
топтарға бөлу жұмыстарын жүргізу жөн.
Уақыт жөніндегі түсініктер сандық түсініктерге қарағанда зияты зақымдалған балалармен
баяу меңгеріледі. Бұл уақыт түсінігін қабылдайтын түйсіктер жұмысының жетіспейтіндігі.
Уақыт жөніндегі түсініктерді қалыптастыру балалардың қоршаған орта жайлы ұғымдарын
дамытады. Ол тәжірибелік жұмыстар барысында жүзеге асырылады. Уақыт ұғымдары әр сабақ
сайын қайталануы керек. Сабақты бастамас бұрын мұғалім балалардың бүгін немен
айналысатындарын баяндап, кеше не істегендерін еске түсіреді. Апта күні аталып, сабақтың
сабақ кестесіндегі орны сұралады. Уақыт жөніндегі түсініктерді қалыптастыру барысында
көрнекілік жабдықтардың маңызы зор (тәуліктік сағат).
Кеңістік түсініктері. Кеңістік жөніндегі түсініктер дайындық кезеңінің басынан соңына дейін
қалыптастырылады. Бұл жұмысты атқарғанда келесі бірізділікті сақтау керек:
1. бала өз дене мүшелерінің орналасуын білу керек (оң/сол жақ қол/аяқ, бас, құлақ, алдында, артында);
2. бағыт-бағдар ұғымдары (алға, артқа, оңға, солға, үсті, асты) және заттардың орналасуын анықтау
(алдында, артында, үстінде, астында, оң жақта, сол жақта, ...);
3. 2-3 заттың бір-біріне қатынасы жайлы (қасында, артында, ішінде, арасында, басында, соңында);
4. жазықтықтағы бағыт-бағдары.
Мұғалім балаларды заттарды орындарына қоюларын үйретсе, келе-келе заттардың балаларға қатысты
орналасуын сұрап, кеңістіктік білімдерін толықтырады. Кейін реттік атаулары енгізіледі (бірінші, соңғы,
солдан соңғы, алдында, келесі). Бұл сандардың қатарымен меңгерілуін жеңілдетеді.
Геометриялық фигуралар жөніндегі түсініктер. Дөңгелек, тікбұрыш,
тіктөртбұрыш, үшбұрыш, текше, брус, сопақша сияқты геометриялық
фигуралардың атауларын дайындық кезеңінің басында игеруі тиісті.
Бейнелеу, еңбек сабақтарында балалар тағы да осы фигуралармен танысады.
Пропедевтикалық кезеңінде оқушылардың білім деңгейі зерттеледі. Білімдерін зерттеу келесі тақырыптар бойынша жүргізілуі
қажет:
1. Заттардың өлшемі мен ауырлығы туралы қарапайым түсініктер (әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру: үлкен-кіші, бірдей, әртүрлі,
дӛңгелек, сопақша, үшбұрыш).
2. Сандық түсініктер (қанша? нешеу?): кӛп, аз, бірнеше, кӛп емес. Заттардың екі тобын салыстыру: артық – кем, к ӛп – аз, т.б.
заттардың санының ӛзгеруі – қанша болса, сонша... Сұйық және сусымалы заттарды салыстыру. Кеңістік туралы ұғымдар.
3. Жылдамдық туралы түсінік: баяу, жылдам, жүйрік.
4. Адамның жасы бойынша салыстыру: ағасы, інісі, атасы, әкесі, кәрі, жас, баласы, әжесі...
5. Сызықтар (түзу, қисық сызық, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді), оны сызу, ӛлшеу.
6. Санауды білу (есеп шығарусыз) 1-ден бастап әрі қарай неше? 5- тен (10-нан) бастап кері сана. 3-тен бастап әрі қарай сана, 3-тен 8-ге
дейін сана, 10-нан 5-ке дейін сана (кӛп, біреу).
7. Элементтерді санау (кӛпшіліктерді – множества). Мына жерде неше дӛңгелек бар, сана. Мына жерде неше шырша салынған, сана.
Таяқшалардың саны нешеу?
8. Цифрларды білу. Білетін сандарынды кӛрсет және ата. Мен кӛрсететін цифрларды ата (1, 3, 7, 2, 5, 6, 9, 4, 8). Мына сандарды жаз: 1,
3, 5, 2, 4, 7, 9, 8.
9. Кӛпшелік элементтері мен сандарды салыстыру. Қай жерде кӛп? (2 және 4 таяқша ұсынылады). Неше таяқша? (3) Ӛзіңе де сонша
санап ал.
10. Цифрлар мен кӛпшелік элементтерін салыстыру. Мына жерде неше жұлдызша бар? Сана да, цифрларын жаз. Ол қандай сан? Сонша
дӛңгелек сал.
11. Амалдарды орында. Сана да, тексер. Мына амалдар дұрыс орындалған ба? 3+2=5, 4-1=3 Мына амалдарды орында: 2+3= 5-2=
Бірінші амал қайсысы? Екінші амал қайсысы?
12. Есептерді шығару: қосындысын табуға арналған сӛз есептер, қалдығын табуға арналған есептер.
13. Геометриялық фигураларды, денелерді білу.
Оқушы дұрыс отырып тұруға, сұрақ қоюға, жауап беруге,
жолдастарының жауабын тыңдауға, мұғалімнің нұсқауларын дәл
орындауға, сабаққа қажет оқу жабдықтарын даярлауға, оқулық пен
таратылған материалдармен жұмыс істеуге үйретілуі қажет. Оқушы өз
іс-әрекетін баяндай білуі үшін мұғалім бала тілін дамытады, сөздік
қорын байытады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz