Ароматты қосылыстар және олардың туындылары


Slide 1

Ароматты қосылыстар және олардың туындылары

Орындаған:Тлеуғалиқызы Перизат

Сыдарбек Айбибі

ТФП-319

Қабылдаған: Есенбекова С. К

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Химия факультеті

Қарағанды, 2021

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ароматты қосылыстар

Арендер

Арендердің гомологтары

Арендердің алынуы

Бензол

Қолданылуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ароматты қосылыстарға негізінен ароматты көмірсутектер (мыс., бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен) және олардың туындылары (мыс., анилин, бензой қышқылы, фенол т. б. ), сондай-ақ кейбір бензоидты емес (мыс., азулен) және гетероциклды (мыс., фуран, тиофен, пиридин т. б. ) қосылыстар жатады.

Slide 4

Ароматты қосылыстар

Ароматты қосылыстар - молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдар бір-бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды.

Slide 5

Топтастыру

Ароматты көмірсутектер

Арендердің туындылары

Гетероциклды қосылыстар

Бензоидты емес қосылыстар

бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен

анилин, бензой қышқылы, фенол

фуран, тиофен, пиридин

азулен

Slide 6 Slide 7

Арендер

Арендер - хош иісті көмірсутектер . Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды.

Slide 8

Арендердің гомологтары, атаулары мен изомерлері

Ароматты көмірсутектерді жүйелеу номенклатурасы бойынша арендер деп атайды. Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі:

бензол: С6Н5 - H

метилбензол: С6Н5 - СН3

этилбензол: С6Н5 - С2Н5

пропилбензол: С6Н5 - С3Н7

Slide 9

Арендердің алынуы

Алкандарды катализатор қатысында ароматтап дегидрлегенде (риформинг) бензол мен оның туындылары түзілетінін білесіңдер:

Ацетиленді белсендендірілген көмір қатысында қыздырып бензол алуға болатынын сендер өткен тақырыптардан білесіңдер:

Slide 10

Бензол

Бензолды алғаш рет 1825 жылы Майкл Фарадей ашқан. Бензол, С6Н6 - ароматты көмірсутек; түссіз, қауіпті, өзіне тән иісі бар, буланғыш сұйық зат, балқу t 5, 5°С, қайнау t 80, 1°С, буы ауамен араласып, қопарылғыш қоспа түзеді. Ол органикалық еріткіштерде (эфирлерде, спиртте, ацетонда, сірке қышқылында) ериді. Бензол полярлы емес қосылыстар үшін жақсы еріткіш болып табылады, майларды, резеңке, каучук, күкірт, йодты ерітуде қолданылады.

Slide 11

Химиялық қасиеттері:

1. Галогендермен :

C6H6 + Br2 -(FeBr3) -> C6H5Br + HBr

2. Азот қышқылымен:

C6H6 + HNO3 --> C6H5-NO2 + H2O

Slide 12

Қолданылуы

Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады.

Slide 13

Қорытынды

Қазіргі кезде 90% жуық бензол және оның гомологтарын өндірісте мұнайды катализдік риформинглеу нәтижесінде алады. Бірақ реактивті және дизель отындарының құрамында олардың болуының қажеті жоқ, себебі олар отынның жану процесіне теріс әсер етеді. Айдау кезінде май фракциясына түсетін парафинді бүйір тізбекті полициклді арендер майлардың тұтқыр температуралық қасиетін төмендетеді, сондықтан да майларды тазалағанда оларды аластауға тырысады. Бензол, толуол, этилбензол, ксилол, нафталин көптеген мұнай химиялық және органикалық синтезде, синтездік көксағыз, пластмасса, синтетикалық талшық, қопарылғыш, анилин бояғыш және дәрі дәрмек заттар өңдірісінің маңызды салаларында өте маңызды химиялық шикізат болып табылады.

Slide 14

Қолданылған әдебиеттер:

Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т. Н. Жұмағалиев, Б. М. Қуандықов. - А. : АРНGroup, 2000 жыл. - 328 бет.

Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. - 352 бет, суретті.


Ұқсас жұмыстар
Органикалық қосылыстар
АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕГІ
Бензол молекуласының құрылысы
Ароматты аминдер реакцияларының ерекшеліктері
Ароматты аминдер туралы
Ароматты көмірсутек туындылары
Салицил қышқылы
Аминқышқылдар
Фолий қышқылы
Гетероциклді қосылыстарға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz