Колледж оқушыларын ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Колледж оқушыларын ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы шығармашылық қабілетін
қалыптастыру»
5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
Орындаған Шыңғысова Мейрамгүл
Ғылыми жетекшісі Дарменова Р.А.
п.ғ.к., профессор м.а.
Қазіргі уақытта сәндік қолданбалы қолөнерді жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік
тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Өйткені қазақтың қолданбалы сәндік қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі
негізгі салаларының бірі. Олай болса қазақтың ұлттық мәдениетін, оның қолданбалы сәндік қолөнерін, шеберлердің
істеген еңбегін, ісін, жан-жақты зерттеу қажетті мұра болып табылады. Оның үстіне қазақ халқы өзіндік қолөнерге бай
тарихы бар терең мәдениеттанулық, философиялық мазмұны өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшеліктерімен қымбат әрі,
құнды. Халықтың сәндік қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезеңде қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшелігіне үлкен үлес қосушылар:
тарихшы этнографтар М.Қадірбаев, А.Оразбаев өнертанушылар (Қ.Ибраева, С.Арғынбаев, Д.Шоқпарұлы ж. т.б.).
Кəсіби білім беретін оқу орындарының, білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың басты мақсаты
мамандықтарды игерту ғана емес, əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін кəсіби
құзыреттілік мүмкіншіліктері арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру - қазіргі таңда негізгі
өзекті мəселелердің бірі. Шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз -студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта
отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, дəстүрлі өнерді, білімді қолдана білу,
жан-жақты ізденуге бағыттауды қалыптастыру Қабілет - адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлік.
Шығармашылық өте күрделі процесс. Əр адам осы уақытқа дейінгі жинақталған тəжірибесін меңгертуге бағытталған оқу əрекеті арқылы
дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды жəне шығармашылық əрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу
əрекетінде шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту өте ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді. осындай оқыту ғана
баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Колледж (ағылш. college) – жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны.
Білім беру деңгейіне қарай дүние жүзінде колледждің 3 түрі бар:
1) жоғары білім беретін колледж (университеттердің бөлігі мен автономды жоолар);
2) орта және жоғары оқу орындарының аралығындағы колледж;
3) жоғары сыныпқа сәйкес келетін орта білім беретін колледж.
Жоғары колледж – еліміздің индустриялық-инновациялық даму талаптарына сай, жоғары білікті мамандарды даярлауды
жүзеге асыратын жоғары білікті инженерлік-педагогикалық ұжымның, жоғары материалдық-техникалық базасына бай
жаңа үлгісі.
Міндеті: Ұлттық және халықаралық деңгейде талап етілетін, өмір бойы өзінің кәсіби және интеллектуалдық әлеуетін
дербес жетілдіруге қабілетті, әлеуметтік белсенділік пен азаматтық-отансүйгіштік қаситтеттерге иеленетін бәсекеге
қабілетті, жанжақты жетілдірілген маман қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Колледж дамуының негізгі стратегиялық бағыттары:
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделін арттыру (бұдан әрі – ТКБ);
ТжКБ-ның қолжетімділігін және оқыту сапасын қамтамасыз ету;
еліміздің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына байланысты ТКБ мазмұнын жаңарту;
«Мәңгілік Ел» ұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты
мәдениетін нығайту;
бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
оқу орнының әлеуметтік серіктестік моделі шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік еңбек және жұмыспен
қамту қызметтері және басқа да құрылымдармен қызметін жетілдіру;
білім беру, оқу-әдістемелік жұмыстарды бірыңғай тұтастыққа біріктіру;
практикалық оқыту рөлін күшейту;
қосымша білім беру, зияткерлік және өндірістік қызметтерді дамыту, орта буын мамандары мен қызметкерлерін қайта
даярлау және қайта даярлау, ересектерді оқыту;
жоғары оқу орнының оқу үрдісінде және басқару жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу;
Кәсіптік бағдар беру жұмысына инновациялық технологияларды еңгізу;
Мұғалімдер мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейге көтеру.
Қазіргі уақытта сәндік қолданбалы қолөнерге көп көңіл аударылып, дәстүрді сақтауға, ұлттық мәдениетке келетін
болсақ, халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы қалыптасып жетіліп
отыратындығы белгілі. Сондай қажеттіліктің бірі, халықтың қолданбалы қолөнері, әшекейлеу әдістері, ою-өрнектері
зергерлік өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана
білу болып табылады.
мақсаты - Колледж оқушыларын ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы шығармашылық қабілетін
қалыптастыру»
Зерттеудің міндеті:
- Колледж оқушыларына қазақ даласындағы ағартушы-ғалымдар туралы мағлумат беру;
- Колледж оқушыларының ұлттық қолданбалы өнердің түрлерімен таныстыру
- Колледж оқушыларына ши орау өнерінің әдіс-тәсілдерімен таныстыру;
- Колледж оқушыларына ұлттық қолданбалы өнер арқылы көркемдік, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің жұмысының практикада қолданатын орны.
Дала өсімдігі Ши қазіргі заманда көп сұраныста болғандықтан ірі мәдени орындарында, үй бөлмелерін
интерьерде безендіру үшін қабырғада тұтынуға, әсемдеуде үлкен сұраныс тудырып отыр.
Ши тоқу технологиясын меңгертуде тоқу жолдарының түрлі тұйықтау композициялық шешімінде гүлдерді
жинақтау арқылы шешілуі, жылы туыс түстердің үндестігінің шешімін табу қарастырылған.
Бүгінгі өркениетті елдер қатарына қосыламыз десек, үнемі даму, алға ұмтылу, білімді толықтыру, жаңарту, жалпы өмір
ағымынан қалмауымыз керек. Ол үшін жоғары мектептегі оқу-тәрбие үрдісін талапқа сай даму жолына негіздей отырып
ғылыми-ізденушілікке бет бұруға тиіспіз. Бұл жердегі негізгі мәселе: жоғары оқу орындарында студенттерді
инновациялық технология негізінде оқыту болып табылады.
Кәсіптік білім беру- бұл әртүрлі мамандықтар сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды
біліммен қаруландыру.
Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда, халық шаруашылығы, оның
салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін еңбек тәрбиесі, кәсіпкерлік білім беру негізінде қалыптастыру.
Кәсіптік білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, психофизиологиялық қасиеттерін
еске алу қажет.
Кәсіптік техникалық білім беру- Халық шаруашылығының барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы
кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік техникалық лицейлерде жүзеге асырылады. Қандай да бір істің өзінің
нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік қажет.
Қолданбалы қолөнерді шығармашылық жобалау кезінде оқушылар өз қиялын іске қосып, ізденіс жасауы қажет. Қиял
арқылы қоршаған ортадағы барлық заттарды ерекше бұрыштан көру қабілеті дамиды, адам «көруге» үйренеді, ал
қоршаған орта, табиғат сұлулығын сезіне білген адам өзі мен өзгені, әлемді сүюге, құрметтеуге, қадір-қасиетін бағалауға
үйренеді. Қолөнерді үйрету сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланудың ролі өте зор. Әсіресе оқушының немесе мұғалімнің өзі
дайындаған көрнекіліктерді, плакаттарды, фотосуреттерді пайдалануда ғана оқушылар практикалық жұмыстарды дұрыс орындай
алады. Білімнің, іскерліктің мықты болуы бірінші кезекте оқытудың төмендегі принциптерінің орындалуына байланысты:
жүйелік;
реттілік;
теорияның практикамен байланысы;
көрнекілігі;
оқушылардың іскерлігі.
Әрбір жаңа сабаққа байланысты дидактикалық материалдар, көрнекілі
құралдар қажетті жағдайда жеткілікті болу керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz