Оқытудағы қиындықтары бар балалардың психологиялық және педагогикалық сипаттамасы




Презентация қосу
Тақырыбы:
Оқытудағы қиындықтары бар балалардың
психологиялық және педагогикалық сипаттамасы

Орындағандар:
Ғапизатова Динара
Мәдібекқызы Айзат
Жұмабекова Әсел
Өсер Зере
Құсайынова Ақмарал
Жауметбай Жазира
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру
материалдық, кадрлық және ғылыми-практикалық жағдайлардың
болуын талап етеді. Білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері әр
түрлі балалардың торлық құнды жеке бастық өзін-өзі танытуына
және олардың жалпы білім беру ұйымдарындағы
бағдарламаларды толық құнды меңгерулеріне мүмкіндік беретін
бейімдеуіш ортаны құру қажет.
Мектепте мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқуына және дене
тұрғысынан қолжетімділікке арналған қажетті техникалық жағдай
құрылуға міндетті:
қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар
оқушыларға арналған арнайы

оқу-әдістемелік
құралдар, жарақтандырудың
құрылғылар, ең төменгі
мүмкіндіктері нормативтік
шектеулі балаларды талаптарына сәйкес
оқыту үдерісін заманауи көмекші
материалдық- құралдар, көрнекі
техникалық және дидактикалық
материалдар.
◦ Балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдауды қамтамасыз ететін дефектолог
мұғалімнің, педагог-психологтың, логопед
мұғалімнің және басқа да мамандардың
кабинеттері түзете дамыту құралдарымен,
оқыту құралдарымен (оның ішінде
техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және
дидактикалық әдебиеттермен жабдықталуға
міндетті.
◦ Мүмкіндігі шектеулі білім алуда ерекше
қажеттілктері бар баланы оқыту мазмұнын
қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымының
кітапханасы арнайы білім беру және түзете
дамыту бағдарламаларымен, арнайы
әдістемелік және оқу әдебиетімен
жабдықталады.
◦Қолдау қызметінің жұмыс істеуі және дамуы үшін балаларды сүйемелдеу
тұжырымдамасын және кәсіптік реттелген өзара әрекеттенуді қамтамасыз
ететін ұймдасқан құрылымды құру қажет болады. Бұндай құрылымға
мектептік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жатады.
◦Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
◦1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық
◦тәсілдемелері.
◦Кәсіпаралық серіктестік баланың мектепте және жанұяда дамуының,
◦мамандар (психолог, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог) мен 5

◦мұғалімдердің іргелес ғылымның білімін, әдістемелерін меңгерудің бірыңғай
стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған.
◦ 2) Білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.
◦ Балада тұлғалық, танымдық және әлеуметтік мүмкіндікті арттыру міндетін
табысты шешу үшін мектепте оқытудың барлық сатыларында жүзеге асырылатын
мамандар мен педагогтардың командасының ұзақ та күрделі жұмысы қажет болады.
◦ 3) Қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру. Білім беру
ұйымнындағы оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша
мамандардың командасының жұмысын реттемелеу үшін жергілікті нормативтік
актілерді әзірлеу. Психологиялық-педагогикалық қолдау үдерісін оқу-әдістемелік
қамсыздандыру.
◦4) Қолдау әрекетін әлеуметтік-
педагогикалық және психологиялық
жобалау.
◦Мамандардың келісілген әрекеттерін
бекітуге арналған мамандардың
құжаттарының пакетін әзірлеу үшін
олардың бағыты мен мазмұнын алдын
ала анықтау.
◦5) Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды
психологиялық- педагогикалық қолдау
бойынша шараларға ата-аналарды,
педагогикалық және балалар ұжымын
белсенді тарту.
◦ Мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаумен
қамтамасыз ететін білім беру ұйымының мамандары ата-аналармен жұмысын
ұйымдастырады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі баланы
оқытудағы және тәрбиелеудегі жанұяның әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге
асыру. Баланың жанұясымен жұмыстың негізгі міндеттері:
◦ - ата-аналарда өзінің баласына деген сәйкес қатынасты, оны жанұяда
тәрбиелеудің белсенді позициясын қалыптастыру;
◦ - ата-аналарға баламен өзара әрекеттену тәсілдерін, жанұя жағдайында оны
тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектесу;
◦ ата-аналарды балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмысына белсенді тарту;
◦ - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ақпараттандыру. Ата-аналармен жұмыс
жеке әңгімелесу және кеңес беру; ата-аналық
◦ лекторий; ашық есік күндері, семинарлар және т.б. түрінде жүргізіледі. Мүмкіндіктері
шектеулі балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) психологиялық-педагогикалық
қолдаудың жеке бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне тартылады,
сабаққа және түзету сабақтарына шақырылады, түзете дамыту және білім беру
үдерісінің нәтижелері туралы
◦ шынайы және толық ақпарат алады.
◦ Құрамына ең алдымен мүмкіндіктері шектеулі балалар кіретін білім алуда ерекше
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау білім
берудің әрбір сатыларында төмендегі міндеттерді шеше отырып, жүзеге
асырылады:
бастауыш мектеп – мектепте оқуға дайындығын анықтау, мектепке
бейімделуін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу әрекетіне деген
қызығушылығын арттыру, танымдық және оқу уәждерін дамыту,
дербестік пен өзін реттеу қабілетін дамыту, «оқи білу» және қалауын
қалыптастыруда қолдау, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін және
әлеуеттік мүмкіндіктерін есепке ала отырып шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
◦ негізгі мектеп – оқушының негізгі мектепке көшуде қолдау, оқытудың жаңа
талаптарына бейімделу, жеке тұлғалық және құндылықты-мағыналық өзін-өзі
тану мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуде қолдау, жеке тұлғалық мәселелері
мен әлеуметтендіру мәселелерін шешуде, өмірдік дағдыларын қалыптасыруда
көмектесу, неврозды алдын ала емдеуде, ата-анасымен және құрдастарымен
құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу;
◦ орта мектеп – оқушыға бейінді бағдарлауда және кәсіптік тұрғыда өзін-өзі
анықтауда, экзистенциалдық мәселелерді (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін іздеу,
жеке бірдейлікке жету) шешуде қолдау, уақытша келешекті, мақсатты
тұжырымдау қабілетін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту.
Әдебиеттер тізімі
Л.А.Головчиц. Мектепке дейінгі сурдопедагогика. Есту бұзылыстары бар мектепке дейінгі
жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. М., 2001. (45-49беттер)
Б.Д.Корсунская. Отбасындағы саңырау мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу. – М. (21-
24беттер)
Ермағанбет Ә. Ы. Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен
сипаты. Тілашар, 2011
(5-10беттер)

Ұқсас жұмыстар
Мүмкіншілігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОСҚЫН БАЛАЛАР, МИГРАНТ БАЛАЛАР МЕН ОРАЛМАН
Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытудың тұғырлары
Баланың сөйлеу қиындықтар
Алғашқы қадам бағдарламасы
Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері
Пәндер