Дислалияның түрлері
Презентация қосу
Дислалия
Жоспар
• I Кіріспе
• II Негізгі бөлім
• 1. Дислалия.
• 2. Дислалияның түрлері.
• III Қорытынды
• «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің
профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында
бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін
19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен
артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың
бұзылыстарын атады. В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше,
артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған
дыбыстардың бұзылуын жатқызды. 20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың
бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының
бұзылуы», О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп
атаған. Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты
алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық
құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау). Дислалия сөйлеу тілінің
бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі
дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
• Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін
дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде
(О.В.Правдина). Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады. Дислалия - есту қабілеті
дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова). Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша,
мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-
20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі. Бұл зерттеулер осы
бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің
дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады. Сөйлемнің фонетикалық жағын
меңгеру дәрежесі фонетикалық есту қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады.
Фонетикалық естудің жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика нышандары
бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады. Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне
қатысатын психофизиологиялық механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін
ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. Токарева, О. В. Правдина
және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап
етеді. Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы сөйлеу тілін зерттейтін
әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық
ықпалға ерерлік бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін
(фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру.
• Акустикалық-фонематикалық дислалия дыбысты айту
ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу
операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу
негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы.
Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір
дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде
қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды
білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен
шектеледі.
• Артикуляторлы-фонематикалықдислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің
артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының
қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі
болуы мүмкін: 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының
нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған,
артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша
ұқсас дыбыстар таңдалады.2) Артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен
дыбысты шығару үшін керек барлық артикуляторлы ұстаным игеріледі. Бірақ
дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір жағдайларда
дыбыс дұрыс айтылады, басқаларында- дұрыс айтылмайды. Яғни, дыбыс
алмастырылып айтылады.Артикуляциясы ұқсас дыбыстар алмастырылып,
шатастырылып айтылады. (ц-ч,р-л, т-к, д-г, с-ш, з-ж).Дислалияның осы түрінде
баланың фонематикалық есту қабілеті толық қалыптасқан болады. Сондықтан
бұл ақаулықтар түзету барысында жойылады.
• Артикуляторлы–фонетикалық дислалия артикуляторлы позициялары
дұрыс қалыптаспауының салдарынан болған бұзылыстар. Дыбыстар
бұзылып айтылады (дұрыс айтуына жақын). Дыбыстарды тастап
кетуі мүмкін.Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы
бұзылады. Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі: 1.дыбысты
мүлдем айтпауы; 2.дыбысты алмастырып айтуы; 3.дыбысты бұзып
айтуы; 4.дыбысты шатастырып айтуы. Дыбысты мүлдем айтпауы
және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал
дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың
фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Қорытынды
• Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің
бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды
және органикалық болады. К. П. Беккер және М. Совак
дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны
ажыратады. Бірақ, Л. С. Волкова дислалияны түрлері
бойынша емес, денгей бойынша бөлген жөн деп
санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде дағдылардың
қалыптасуының денгейі жайында айтылады. Жоғарыда
аталған дислалияның әр түрінде дағдыларының
қалыптасуының әр түрлі денгейі байқалуы мүмкін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz