Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары
Презентация қосу
«Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тіл саясатының
басым бағыттары»
Орындаған:Киргизбаева С.
Тобы: ЕП-19-16К2
Жетекшісі: Алибекова Ғ.
Ғылыми жобаның
міндеті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тіл саясатының басым бағыттарын
анықтап, мемлекеттік тілді биік дәрежеге
көтеруге бағытталған әрекеттерді
қолданудың жолдарын анықтауға арналған.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстанда тарихи себептерге байланысты қалыптасқан тілдік ахуал, орыс
тілінің үстемдігі, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесі ел азаматтары жиі
көтеріп жүрген түйіткілді жайттың бірі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор – қазақ тілі, сондықтан
мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек» деген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына арналған
жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық
қатынас тіліне айналатын кезең келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету
үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тілін
дамытуға қатысты өз ойымен бөлісті.
Жобаның мақсаты:
Мемлекеттік тілдің мәні мен қызметін терең меңгеру
Мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын ашып көрсету.
Мемлекеттік тілдің қоғам үшін маңыздылығын ұғындыру.
Жобаның міндеттері:
1. Мемлекеттік тілдің атқаратын қызметтерін айта
отырып, мемлекет, жеке адам үшін маңыздылығын
көрсету.
2. Мемлекеттілікті сақтау кезінде тілдің жоғары
дәрежедегі қажеттілігін ұғындыру.
3. Мемлекеттік тіл дәрежесін көтеру кезінде
қабылданған жобаларды атап көрсету.
Зерттеу әдістері:
Тіл мәселесіне қатысты әдебиеттерді қарастыру;
Тіл дәрежесін көтеруге қатысты қабылданған
жобалар мен іс – шараларды , т.б қарау;
Мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға байланысты
шет елдік тәжірибелерді талқылау;
Мемлекеттік тілдің дамуы жайында қоғамнан
сұхбат алу.
«Егер де маған ел басқару
мүмкіндігі туса, ең алдымен
сол елдің тіл мәселесін қолға
алар едім. Себебі тіл бірлігі
болмаса, пікір бірлігі
болмайды және идеология
дұрыс жүргізілмейді.
Идеология дұрыс жүргізілмей,
Конфуций
ортақ түсіністік таппаған елде
бірлік болмайды. Сондықтан
бәрінен де бұрын адамдар
арасындағы бірлікті ұстап
1997ж 11 шілде
Қазақстан
Республикасының Конст
Қазақстан
итуциясына сәйкес
Республикасындағы
«Қазақстан
мемлекеттiк тiл - қазақ
Республикасындағы
тiлi. (Қазақстан
тілдерҚазақстан
туралы» заңы
Республикасы
қабылданды.Қылм
Республикасының
Конституциясының 7 –
ыстық кодексінің
бабының 1 – тармағы ,
Бейбітшілік пен адамзат
Қазақстан
қауіпсіздігіне қарсы
Республикасының Тіл
қылмыстар тарауы, 164-
туралы Заңының 4 –
1-бабында Мемлекеттік
бабы
тілді қорлауға
бағытталған қасақана іс-
әрекеттерге қарсы
заңдық нормалар
бекітілген.
Мемлекеттік тіл саясатында соңғы жылдары орын алған маңызды
өзгерістің бірі қазақ тілін латын графикасына көшіру жұмыстары.
Бұл заман талабынан туындаған тарихи маңызды шешім. Қазір әлемдегі
тілдердің басым көпшілігі латын әліпбиінде таңбаланады. Бүгінде ғылым
мен білімнің, әлемдік коммуникацияның тілі де латын қарпінде жазылатын
ағылшын тілі.
Қазақ тілі латын әліпбиіне эволюциялық жолмен, кезең-кезеңімен
көшеді. Жалпы, латын әліпбиі біз үшін таңсық емес.
Қазақ тілі 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде таңбаланып келді. Сол
уақытта да қаншама құнды дүниелер жазылды. Сондықтан мұны латын
әліпбиіне көшу емес, латын әліпбиіне қайта оралу деуге де болады.
2021 жылдын 28
қаңтарында латын
әліпбиінің жаңа нұсқасы
ұсынылды. Соңғы нұсқа
латын алфавитінің негізгі
жүйесінің 31 таңбасын
қамтиды.
Қазақ тілінің ерекше
дыбыстары жеке
әріптермен берілген: ә (ä), ө
(ö), ү (ü), ұ (φ), ғ (ğ), ш (ş).
Латын графикасына ауысудың тиімді жақтары
1. 2017 жылғы 12 сәуірде республиканың тұңғыш президенті қоғамдық сананы жаңғырту туралы
мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы
жазды.
2. 2017 жылы 27 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев әліпбиді кириллицадан латын қаріптеріне көшіру
туралы жарлыққа қол қойды
3. Біріншісі 2017 жылдың 11 қыркүйегінде көрсетілді, оның 25 әрпі мен 8 диграфы болды.
4. Президенттің 2017 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен басқа әліпби қабылданды. Онда
апострофтар қолданылады
4. Президенттің 2017 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен басқа әліпби қабылданды. Онда
апострофтар қолданылады
4. 2018 жылдың 19 ақпанында алфавиттің тағы бір нұсқасы ұсынылды. Онда диграфтар да,
акулалар да қолданылды – әріп үстіндегі штрихтар түріндегі арнайы белгілер қойылды.
Латын графикасына ауысудың тиімді жақтары
1. Еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге
қабілеттігін арттыра түседі.
2. Үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады.
3. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза
қалпының сақталуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын
іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №
1045 қаулысында бекітілген.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту
2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі
рөлін күшейту
3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту
Нысаналы индикаторлары:
Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға
қатысушылар үлесі: 2022 жылы – 10 %, 2023 жылы – 20 %, 2024 жылы – 30%,
2025 жылы – 50 %;
Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 90,5 %, 2021 жылы –
91 %, 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 94 %, 2025 жылы – 95
%;
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі:
2020 жылы – 74 %, 2021 жылы – 75 %, 2022 жылы – 76 %, 2023 жылы – 77 %,
2024 жылы – 78 %, 2025 жылы – 79 %;
Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы –
26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%,
2025 жылы – 31%.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге
қатысты кездесетін түйіткілдер аз емес. Аталған мәселелерге жеке-жеке
сипаттама бере кеткенді жөн көрдім.
Олай болса, қазақ тілінің қолданыс әлеуетін арттыруда кездесетін
практикалық түйіткілдердер келесідей:
Бірінші – жалпы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін ең
алдымен «Тіл туралы» заңға өзгерістер енгізу керек.
Бұл мемлекеттік тілдің дамуына негізгі кедергі деуге болады. Кез келген
мекеме немесе жеке және заңды тұлға «қажет болған жағдайда» (немесе орыс
тілінде) деген сөзді сылтау қылып тек орыс тілінде хат алмасуды, іс-шара
өткізуді қалыпты жағдайға айналдырған.
Екінші – аралас мектептер мәселесі және мемлекеттік және жекеменшік
балабақшалардағы тілдік ахуал.
Аралас мектептердің кезінде отарлық саясаттың бір құралы ретінде пайда болғаны
тарихтан белгілі. Орыс тілін оқитын балалардың үзілісте өзара қазақша
сөйлесетінін көрген сол заманның идеологтары аралас мектеп ашу ісін жолға
қояды. Ол өз нәтижесін де берген.
Халқымызда «Бұлақ басынан тұнады» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі жастар –
ертеңгі ел тірегі. Олай болса, келешегіміздің кепілі саналатын жастарымыздың
бойында ұлттық тәлім-тәрбие дарыту, олардың төл құндылықтарымызды бойға
сіңіруін, мемлекеттік тілді меңгеруін бүгіннен бастап қолға алу қажет.
Үшінші – интернеттегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді
контенттің саны мен сапасын арттыру.
Бүгінде технология дамыған заманда баспасөздің рөлі әлсіреп, интернет
сайттар мен жеке блогтардың маңызы артып келеді. Тіпті республикалық
деңгейдегі маңдайалды газеттеріміздің таралымы мен әлеуметтік желілердегі
танымал азаматтардың жазылушылары арасында жер мен көктей айырмашылық
бар. Әрине басымдық соңғыларының еншісінде. Бұл интернет қолданушылар
санының соңғы уақытта күрт артып келе жатқанына байланысты.
Сондықтан интернеттегі қазақ тілді контенттің дамуына мемлекет те,
азаматтық қоғам институттары да бірлесе атсалысқаны жөн.
Елдің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінде
сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған
жөн екенін айтты.
"Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс
істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін
жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз
мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік
қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында - анахронизмге айналуға
тиіс.
Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек.
Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі
жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз
дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне
көтеруге көмектеседі.
Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық
қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық
танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың
талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн.
Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл
ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың
қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық идеяға қызмет ететін
топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет", - дейді Президент.
1. Заңдаманы 2. Тілдер 3. Қаражатпен 4. Тілді 5. Тілді 6. Тілдік
мемлекеттік туралы қамту жағы; ғылыми өмірге насихат;
тіл пайдасына заңдылықтың дамыту енгізу;
мәселесі; 7. Тіл
жақсарту; орындалуын
үйрету
бақылау
жөнінде;
шаралары;
8. Мемлекеттік
қызметкерлерді
аттестациялау;
Мемлекеттік тілді
дамыту жөніндегі 9. Іс жүргізуді
іс-шаралар мемлекеттік тілге
аумақтар бойынша
емес, ведомостволар
12. Мемлекеттік тілді 11. Балабақтағы тілдік бойынша көшіру;
енгізу жөніндегі тәрбие және мектеп 10. Тілді
жұмыстарға бітірушілердің мемлекеттік «электрондау»
мониторинг жасау. тілді меңгеру деңгейі. саясаты;
Қорыта келгенде, Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін, оның құзыретін іс
жүзінде нығайту мәселесі, өкінішке орай, әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Бұл шындығында бәрімізге артылған жауапкершілік жүгі, барша
қазақстандықтардың ортақ ісі. Отбасындағы тәрбиеден бастап, ел басындағы
азаматтарға дейін өз ісінде осыны естен шығармауы тиіс.
Жоғарыда баяндалған бірқатар себепке байланысты мемлекеттік тілдің
әлеуеті уақыт өткен сайын арта беретінін анық болжауға болады. Бірақ, бұл
үрдісті жеделдетуге қолымызда бар ресурстарды, мүмкіндікті пайдалана
отырып, баршамыз атсалысуымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Алматы: «Елорда», 2011 ж;
2. Н.А. Назарбаев. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы;
3. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы;
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.2017 ж.
5. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы,«Жеті
жарғы», 2011ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz