1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы


Slide 1

5. 1. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу.

5. 2. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.

5. 3 Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі.

Slide 2

5. 4. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы. 5. 5. И. Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. 5. 6. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. 5. 7 Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар - Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы. 5. 8. Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. 1965 - 1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. Экономиканың экстенсивтік үлгісінің орнығуы. 5. 9 Идеологиялық тоқырау: ресми марксизмнің дағдарысы, зиялылардың астыртын әрекеттері, диссиденттік үйірмелер қызметі. 60-70-ші жылдарға қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі («Жас тұлпар

Slide 3

5. 1. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу.

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т. с. с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8, 5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты.

Slide 4

Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17, 5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді. Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

Slide 5

5. 2. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары. Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.

Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары. Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары аралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т. б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.

Slide 6

Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.

Slide 7

Білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер. Екінші дүниежүзілік соғыс әлемге алапат шығындар әкелді. Оның ішінде Қазақстан да біршама зардап шекті. Бұл еліміздің экономикасының және мәдениетінің дамуы деңгейінде көріндіЕң құнды адам ресурсы тоқырауда еді. Бірақ шығындар, керісінше, адамдарды өз отанына қалтқысыз, қажырлы еңбек етуге одан сайын ынталандыра түсті. Төртінші бесжылдықтың (1946-1950) мақсаттары:1. Ауыр өнеркәсіпті дамыту. 2. Жаңа теміржол жолдарын салу. 3. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту. 4. Адамдардың мәдениет деңгейі мен материалдық әл-ауқатын арттыру. 1947 жылғы 16 қарашада БКП (б) ОК «Қазақ ССР-де жоғары және орта білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Бұл маңызды шешім болатын, өйткені соғыс жылдарында КСРО ауылдық елді мекендердегі міндетті жетіжылдық және қалалық жерлердегі онжылдық білім беруді кідірткен болатын. Ол кезде жеңіске жету үшін буыны қатаймаған балалардың көмегі де қажет болғандықтан, білім беруге екінші кезекте мән берілді. Соғыс бітісімен еліміз өткеннің қарымын қайтаруды бастады: біртіндеп мектептерге қаржы бөлініп, оларды техникалық құрал-жабдықтармен және қажетті заттармен қамтамасыз ету басталды. Политехникалық білім құнды болып, оның алғашқы бастаулары мектеп қабырғасында беріле бастады. Білім беру саласына бөлінген зейін өз жемістерін бере бастады: егер 1948 жылы мектепте білім алмаған балалар саны 200 мыңды құраса, келесі онжылдықта бұл сан 16 мыңға дейін төмендеді.

Slide 8

1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-де халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» Заң қабылдады. Соған сәйкес 1962-1963 жылдары мектептер 8 жылдық білім беруге көше бастады. Еңбек политехникалық мектептері 11 жылдық білім беруге көшті. Совет мемлекетіне қажетті мамандыққа түскендерге қолдау көрсетілді. Еңбек етуші жастардың мектептері ашылды. Осы кездері педагогикалық білім өте танымал болып, педагогтар мәртебесі КСРО-да өте жоғары болып, мұғалімдер зор құрметке ие болды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білім алғандар саны 11 есе өсті. Тың игеру жылдарында КСРО-да ауыл шаруашылық-техникалық білім беру жүйесі қызмет етті. Оның үстіне, Кеңес одағының барлық түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеруге адамдар легі ағыла бастады. 70-ші жылдары жалпы орта білім беруге көшуге үлкен көңіл бөле бастады. Ал 80-ші жылдардың басында жалпы орта білім міндетті сипатқа ие болды. 1984 жылы жаңа мектеп реформасында материалдық-техникалық базаның сапасына баса көңіл бөліне бастады; оқушылар 1-ші сыныпқа 6 жастан бара бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс тілінде оқытатын мектептер басым болды. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны әжептәуір қысқарып қалды. Шағын деревнялар мен ауылдарда мектептер жабылып немесе біріктіріле бастады. Кейбір мектептер орыс және қазақ тілдерінде біріктіріп оқытты. 80-ші жылдардың ортасында Қазақстанда 55 жоғары оқу орны және 246 арнайы орта білім беру мекемелері болды. Оларда 200-ге жуық түрлі мамандықты ұсынды. Соғыстан соң Қазақ КСР-інің жағдайы мәз емес еді, бірақ қарапайым халықтың қажырлы еңбегінің арқасында өмір сапасы біртіндеп арта бастады. Мектептерге, арнайы оқу орындарында және жоғары оқу орындарына үлкен көңіл бөліне бастады, өйткені елдің әрі қарайғы тағдыры дәл осы жас ұрпақтың қолында болатын.

Slide 9

5. 3 Жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру жүйесінің орнауы. Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі

Жеті жылдық мектеп - Қазақстанда 1922 - 58 ж. аралығында болған жалпы білім беретін орталау мектеп. Алғашқы жылдары Жеті жылдық мектепте ана тіліне аптасына 5 - 6 сағат бөлінді. 1928 ж. Қазақ халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдістемелік кеңесі қазақ Жеті жылдық мектептеріне “аймақ-кешен” бағдарламасын жасады.

Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны- педагогикалық институт 1928 ж. ашылған, оған кейін Абайдың есімі берілді

Slide 10

➢Алматы медицина институты ашылды 1931 жылы

➢ Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институты ашылды 1929 жылы

➢ Орал және Қызылорда пединституттары ашылды 1931-1932 жылдары

➢ С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды 1934 ж.

➢ Республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады Қазақ кен-металлургия институты

➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының саны 20

➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда орта арнаулы оқу орындарының саны 118

➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 40 мыңдай адам оқыды

➢ 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында қазақстандық жастар білім алды 20 мыңдай

➢ Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі 1920-1930 жылдар

➢ Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды 1920-1930 жылдары

Slide 11

Кәсіптік-техникалық білім - кәсіптік-техникалық оқу орындарында және өндірісте оқыту жолымен шаруашылық салалары үшін білікті жұмысшы кадрлар даярлау жүйесі; белгілі бір жұмысшылық кәсіп, мамандық бойынша жұмысты біліктілікпен орындауға мүмкіндік беретін жүйеленген білімдердің, ісмерлік білік пен машық-дағдылардың жиынтығы. Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жалпы білім беретін, орташа және орта білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, тікелей өндірісте, оқу өндірістік комбинаттары мен орталықтарда, курстарда жүргізіледі

Slide 12

5. 4. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) - ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен [1] Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды [2] . ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен [3] ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен [4] "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүшелерін (академиктерді), корреспондент-мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғылым академиясы басқарушылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды.

Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орған (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен [5] "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.

Slide 13

1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ. И. Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999) : физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицина ғылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.

Slide 14

Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орған (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.

1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ. И. Сәтбаев сайланды

Slide 15

5. 5. И. Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау

1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. С. Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н. С. Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті.

Slide 16

Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е. Бекмаханов, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов еліне оралды. К. Бекхожин, С. Мұқанов, С. Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н. С. Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т. б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ.

Slide 17

Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады

Slide 18

5. 6. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі.

Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық - мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954-64ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады.

Slide 19

Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т. б. ), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т. б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т. б. ), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г. К. Жуковты орнынан алды

Slide 20

5. 7 Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар - Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы
Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨСУІ
Қазақ солдаты
"Әдебиет пен өнер" тақырыбындағы сабақ жоспарына презентация
Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы
Ресейге қоныс аударуы
Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы туралы ақпарат
Қазақ даласына жер аударылған ұлттар тарихы
Қ.Жұмаділов "Тағдыр"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz