САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
Презентация қосу
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ
МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.
ОРЫНДАҒАН: ТИМУРКЫЗЫ АЯУЛЫМ
ТОБЫ: ПСК 20-8
ТЕКСЕРГЕН: БИСЕНОВА А.
САЯСИ МӘДЕНИЕТ
• Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының
демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту
етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай
өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның
саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси
санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау
ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ
белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің
бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
• Саяси ғылымда бұл тақырыптың
маңызы зор. Ол анық саяси
жүйенің сипатын, саяси
тәртіптің мәнін, қоғамдық
топтардың саяси санасы мен іс
әрекеттерінің ерекшеліктерін
саяси үрдістердің даму жолын
және бағытын түсінуге
көмектеседі. Саяси мәдениет
адамдардың жүріс-тұрысы мен
әр түрлі ұйымдардың
қызметіне, олардың ішкі және
сыртқы саясат құбылыстарының
ұғынуға, саяси бағдар алуына
тікелей әсер етеді.
ТҰЖЫРЫМДАМА
• «Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ.
Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек
Н.Макиавелли, Ф.Бэкон, Ш.Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы
салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе
жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі
сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген
сұрақтарға жауап іздеген.
• Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге
М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі
саясатшылары мен социологтары елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет»
деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХYIII
ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.
• Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара
САЯСИ МӘДЕНИЕТ қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси
нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі
жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет
қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың
топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы
жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің
мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның
белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.
• Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға
көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай,
елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына
өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси
өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы,
субъектісі бола алады.
ӨМІРДЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТ МЫНАНДАЙ ҚЫЗМЕТ
АТҚАРАДЫ:
• 1) Танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада
ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және
сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы
басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі,
мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды.
• 2) Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру
міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз
етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы
ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында
олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі
мүмкін.
• 3) Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп,
ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты,
кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік –таптық
қатынастарды реттеуді қатамасыз етеді.
• 4) Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге
қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда
өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.
• 5) Қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек,
мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен
қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса алатындай
шеберлікке дағдыланады.
• 6) Қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз
мақсат, мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл
міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын
ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz