Жазық полярлық координаталар жүйесі




Презентация қосу
ЖЕР БЕТІНДЕГІ
НҮКТЕЛЕРДІҢ ОРНЫН
АНЫҚТАУ

ОРЫНДАҒАН: ҚАПИДОЛЛА ДИДАР
ТЕКСЕРГЕН: АКЫНБЕКОВ А.К
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
КООРДИНАТТАР
(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер
бетіндегі экваторға және
нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын
көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және
географиялық бойлық болып ажыратылады.
Географиялық ендік жер бетінің кез келген
нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор
жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе,
географиялық бойлық бастапқы меридиан
жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін
меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен
өлшенеді. Географиялық координаттар бұрышты
өлшегіш аспаптардың көмегімен
(теодолит, сектант, т.б.), астрономиялық
бақылаулар арқылы анықталады.
ГЕОДЕЗИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ.

• Кеңістік координаттар жүйесі
• Географиялық координаталар жүйесі
• Жазық координаталар жүйелері
• Тік бұрышты жазық координаталар
жүйесі.
• Геодезиялык бойлық
• Жазық полярлық координаталар
жүйесі.
КЕҢІСТІК КООРДИНАТТАР
ЖҮЙЕСІ
Кеңістік координаттар жүйесі. Жер бетіндегі
нүктелердің орнын оның координаталары, яғни
алынған координаталар жүйесінің бастапқы
жазықтары мен сызықтарына қатысты ізделіп
отырған нүктелерді сипаттайтын шамалар арқылы
анықтайды. Координаталардың кеңістік жүйелерінің
ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык
координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер
бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта
анықталады. Оларды географиялық ендік-
және географиялық бойлық-λ дейді (2-сурет).
Геодезиялык (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р
нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы
бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге
дейінгі географиялык меридианның доғасымен
өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай
0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер
шарына ортақ және олар астрономия, сфералық
геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде
жиі қолданылады.

ЖАЗЫҚ КООРДИНАТАЛАР
ЖҮЙЕЛЕРІ
Жазық координаталар жүйелері ішінде геодезияда ең
кеңінен тарағандары-тік бұрышты және полярлық
координата жүйелері.
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БОЙЛЫҚ
Геодезиялык бойлық (λ) бастапқы меридиан жазықтығы
мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы
арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридиан батысқа
(батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0°-
тан 180°-қа дейін салынады.
ЖАЗЫҚ ПОЛЯРЛЫҚ
КООРДИНАТАЛАР ЖҮЙЕСІ
Жазық полярлық координаталар жүйесі. Геодезиялык жұмыстарды
жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындарын бастапқы бағыт
немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан
анықталатын жазық, полярлық координаталар жүйесі
қолданылады. Осы координаталар жүйесінің элементтері 5-суретте
көрсетілген:
1) бастапқы бағыт, полярлық осі-ОХ; ОХ осінен кез-келген жаққа
бағыттауға болады, мысалы, А және В нүктелеріне;
2) О-нүктесі-координаталар басы (полюс), түсірістер кезінде, полюс
ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады.
Жазық полярлық координаталар жүйесінде нүкте екі координата
арқылы анықталады: полярлық осьтен нүктеге дейінгі бағыт
аралығындағы горизонталь бұрыш-ß; полюстен бастап
анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық-d. Мысалы, А нүктесінің
координаталары ß1 d1 ал В нүктесінің координаталары ß 2, d2 болып
келеді.
Полярлық бұрыштар полярлык осьпен сағат тілінің бойымен О мен
360° аралыгында өлшенеді. Жазық полярлық координаталар жүйесі
теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге қүрылыс
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Жазық координаталар жүйелері
Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі
Геоцентрлік координаталар жүйелері
Гаусс-Крюгер проекциясы және координаталар
Геодезияда қолданылатын координаталар
Картографиялық проекция. Гаусс-Крюгер проекциясы
Геодезия және топография ғылымдарының даму тарихы
Анықталған интегралдың қолданылуы
Гаусс-Крюгер проекциясы
Экваторлық координат жүйесінен көлденеңге өту
Пәндер