Аяқ жүйкелеріне өткізгіштік анестезия: жамбас аяқтарының анатомо-топографиялық деректері және блоктау техникасы


Slide 1

ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ AУЫЛ ШAРУAШЫЛЫҒЫ МИНИCТPЛІГІ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» Ветеринария факультеті Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы Зертханалық сабақ №16 Тақырыбы: Аяқ жүйкелеріне өткізгіштік анестезия жасау.

Slide 2

Жамбас аяқтары

Анатомо - топографиялық деректері. Жамбас аяқтарында

келесі аумақтарды анықтайды.

Бөксе аумағы (regio glutaea) Шекаралары: жоғарғы - дененің

медиандық сызығы; алдыңғы - мықын сүйектің сыртқы және ішкі

төмпектерін қосушы сызық; төменгі

- мықын сүйектің сыртқы бұрышынан, жамбас - ортан жілік буын арқылы сербекке дейі жүрген сынған сызық; артқы - құйрық түбірінен сербекке дейін сызығы. Мына аумақ аттас жақпен бірге сауыр аталатынды дене бөлімін құрастырады. Бөксе аумағында сыртқы және ішкі мықын сүйегінің төмпектері, омыртқа өсінділері, сербекте ортан жіліктің

ұршықтары, шонданай - құйымшақ байламның артқы жағы

бағдарлары байқалып қаралады.

Slide 3

Сан аумағы(regio femoralis) . Шекаралары: жоғарғы

алдындағы аумақтың төменгі шекарасымен сәйкес келеді; төменгі -

тобықтан жоғары өткізілген жазықтық; алдыңғы - сан кең фасция

тартқышының алдыңғы қатары

Тобық буының және тілерсек аумағы r. genualis et cruralis) .

Шекаралары: жоғарғы - алдындағы аумақтың төменгі шекарасына

сай болады төменгі - өқше сүйектің төбесі арқылы өткізілген

горизонтальдық жазықтық. Аумақ беттеріне жақсы байқалатын

науашалар: шыбық сүйектік

ұзын• және жақтық саусақ

Тілерсек буында әрқашанда біріне бірі бөлектенген 2 қуыс болады.

Тілерсек буының аумағы (r. tarsi) . -күрделі аумақ, көп

байламдар, сіңірлер, сіңірлердің қынаптары, қан тамырлары,

жүйкелер, синовиальдық қапшықтар және сүйектер қөп

сандарымен сипатталады.

Slide 4

Циркулярлық новокаиндік тежеу. Аяқтардың дистальды аумағындағы патологиялық процестер барысында қолданылады. Жануарды жатқан немесе тұрған күйінде бекемдейді. Операциялық орынды хирургиялық ережеге сай дайындайды. Жылы ерітіндіні зақымдалған жерге 4-5 жерден енгізеді. Қажет болған жағдайда ерітіндіге антибиотиктер қосады. Ерітіндіні тері астына қабаттап содан кейін сіңірге енгізеді. Тежеуді 1-2 күннен кейін қайталайды.

Slide 5

Көрсеткіш: ойылымдар, жіті асептикалық және іріңді қабынулар.

Операция техникасы. Циркулярлық новокаинді тежеу жергілікті тежеудің бір түрі. Дененің басқа бөлімдерінде патологиялық ошақтың айналасына ертінділерді бүрку түрінде болса, ал аяқтарды зақымдалған ошақтан жоғары жұмсақ ұлпаны айнала инфильтрациялау арқылы жүзеге асады. Инъекция 2-4 нүктеден жасалады, теріні, тері асты шелін, бұлшықетті сүйекке дейін 0, 25% новокаин ертіндісін енгізеді.

Slide 6

Тежеу нүктесі:

2"2-саусақ жүйкесінің плантарлы бағаны;

1-шынтақ жүйкесі;

3-плантарлы жүйкесі;

а, б - шынтақтың бүккіш және алдыңғы тiзенiң жазғыш бұлшықеттерінің кескіні.

Slide 7

Жылқының иық буыны. Тесу нүктесі:

а, а1-иық буыны; б, б1 -

сумки заостного мускула; в-меж-

бугорковой сумки.

Жылқының иық буыны. Тесу нүктесі:

1-Оливков бойынша;

2-Харченмо б/ша;

3-Плахотин б/ша;

4-Вестгуес б/ша.

Slide 8

Ірі қарамалдың кеуде аяқтарын өктізгіштік жансыздандыру.

Аяқтың дистальдық бөлімін орталық, шынтақ, кәрі жілік және бұлшық ет - тері жүйкелердің бұтақтармен иннервациясы жүзеге асады

Slide 9

Тізені жансыздандыру үшін жүйкелерді тежеу. Тері астындағы прекарпальдық синовиальды дорбаның экстирпациясы, тізе аумағында тері пластикасы және басқа операцияларда жансыздандыру.

Тежеу техникасы (Артмейер бойынша) екі кезеңнен түзеледі.

1. Кәрі жілік және бұлшық ет - тері жүйкелердің бұтақтарын тежеу (сурет 23, а) . Тізеден 8-10 см проксимальдық ара қашықтықта, білектің дорсальды беттерінде тізенің кәрі жілік жазғыш сіңірін іздеп табады. Ол шынашақтай жуандық түрінде жақсы байқап көрінеді. Сол сіңірдің медианалық жағында теріге перпендикулярды, сүйекке дейін білек фасцияның астына инені қадап 10 мл 4 %- новокаин ерітіндісінің инъекциялап, өтетін кәрі жілік жүйкесінің (n. cutaneus antebrachii dorsalis) тері бұтағын тежейді.

Slide 10

Содан соң инеге горизонтальдық бағыт беріп, оны тері астынан көлденең 4-5 см медиальды жылжыта, сол сызықтарға қайтадан 10 мл ерітіндіні инъекциялайды. Мына инъекциямен бұлшық ет - тері жүйкенің жіңішке тері бұтағы (n . cutaneus antebrachii medialis) тежеледі

Slide 11

Ірі қара малдың тізесін жансыздандыру (Артмейермен) : а - кәрі жілік

және бұлшық ет - тері жүйкелердің бұтақтарын тежеу; б - шынтақ жүйкесін тежеуі.

Slide 12

2. Шынтақ жүйкенің тежеуін тек қана зақымдалу тізе жақ беттеріне таратылғанда қосымша қолданылады. Тізе қосымша сүйектен алақан ені жоғарырақ, дәл орта сызықпен бұлшықет аралық науашаны тауып фасцияның астына 3 см

тереңдікке инені қадап 10 мл 4 % новокаин ерітіндісін енгізеді.

Slide 13

Назарларыңызға рахмет !!!


Ұқсас жұмыстар
Ұрғашы малдарға овариоэктомия және овариогистеректомия: анатомо-топографиялық негіздері, көрсеткіштері және операция техникасы
Жылқылардың лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық орналасуы
Хирургиялық стоматологиядағы материалтану және жақ-бет аймағының анатомо-топографиялық ерекшеліктері
Аяқ сүйектері мен жамбас астауының анатомиясы және буындары
Қол және аяқ қаңқалары: иық және жамбас белдеулерінің анатомиялық құрылымы мен сүйек терминологиясы
Параллелориметрлер және параллелориметрия әдістері: тіссіз жақтардың анатомо-топографиялық ерекшеліктері
8-сынып биологиясы: бассүйек, иық және жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектерінің құрылысы және қызметі
Аяқ киім гигиенасы және балалар аяқ киіміне қойылатын талаптар
Иммобилизация және зардап шегушіні тасымалдау: омыртқа, бас, жамбас және қол-аяқ сындарындағы алғашқы көмек
Омыртқа, жамбас және аяқ-қол жарақаттары мен туа біткен саусақ ақаулары: клиникасы, шұғыл көмек және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz