АЙҒЫРДЫ ПІШУ ӘДІСТЕРІ



Еркек және ұрғашы жануарларды пішу әдістері
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ Зерттеу УНИВЕРСИТЕТІ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринария» факультеті «Акушерлік, хирургия және өсіп өну биотехнологиясы» кафедрасы

Пішу деп экономикалық немесе емдік мақсатта, жыныс бездерінің қызметін тоқтататын операцияны айтады.
Пішу шаралары ерте заманнан келеді. Ассирия мен Египет заманындағы адамдар да білетін. Осы уақыт ішінде пішудің өте көп әдістері ашылған, олардың осы күні кейбіреулері ғана қолданыс тапты.
Мал шаруашылығында қабандар, қошқарлар, сондай-ақ тайыншалар мен тай-құнандардың піштірілуі экономикалық жағынан өте маңызды орын алады. Піштірілген жануарлардың салмағы тез өседі және олардың өнім сапасы жоғары болады. Экономикалық көзқарасымен мал пішу науқанын әдетте белгілі бір кезеңге туралайды да, бұл жұмысты жалпы тәртіппен өткізеді. Жалпылама түрде өткізілетін мұндай операцияның орындалуы өте сақтық, жауапкершілікті қажет етеді, сондықтан асептика және антисептика ережелерін сақтау керек.
ПІШУ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК

АНАТОМОТОПОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫСҚЫША МӘЛІМЕТТЕР
Жануарлардың ендері эмбрионалдық даму кезеңінде іште болады да, жануарлардың туар қарсаңында шап шеңбері арқылы ұмасына түседі. Ірі малдардың ұмасындағы ендері шап арасында тұрады. Жылқылар мен күйіс малдарында - санының алдыңғы жағына жақын тұрады.
Ұма теріден, серпімді бұлшықет қаптап және купер шандырынан құралады. Ұманың терісі жұқалау болады; иттерде, мысықтарда және ұсақ күйістілерде түкті болады; жылқылардың, ірі қара малдардың және шошқалардың ұмасындағы түгі аз және майда болады. Ұмасының дәл ортасында, оңға және солға екі бөліп тұратын көзге айқын түсетін жігі болады.
Серпімді бұлшықет қабығы, тері астылық қабат пен шандырдан құралады. Ондағы қабығы ұма терісіне тығыз байланысып тұрады, сондықтан бұлшықеттердің талшықтары жиырылған кезінде ұмасы да жиырылады. Сонымен қатар серпімді қабығы ұманың қабырғасын құрайды, сөйтіп ол ұманы оң және сол жақ екіге бөліп, ұма қуысын жасайды.
Купер шандыры өте тығыз фибриозды тақташық тәрізді болады, ол серпімді бұлшықет қабықпен тығыз қосылған және астыңғы ұлпалармен бірігеді.
Бұлшықет - ен көтергіші - жолақ бұлшықеттен кұралады да, жалпы қынап қабығын сырт жағынан жауып, онымен өте тығыз байланысады. Ен көтергішін сыртқы беткейінен жұқа шандыр қаптайды, ол ұманын ішкі жақ қабырғасымен біріктіргіш ұлпамен жалғасады. Бұлшықеттер жиырылған қезінде ен жоғары тартылады.

АНАТОМОТОПОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫСҚЫША МӘЛІМЕТТЕР
Еннің қынаптық қабығы. Әрбір ұма қуысының ішіндегі еннің көтергіші жағынан екі қабығы болады: 1) өзара берік қосақталған екі тақтадан (сыртқы тығыз талшықты және ішкісі сірлі - іштің ішкі жапырағы) және қынап қуысынан құралады, өзі қынап қапшығы сияқты келетін жалпы қынап қабығы болады ; 2) арнаулы не өзіндік қынап қабығы болады, ол іштің сыртқы жапырақшасы. Ол ен мен сағақты тікелей және берік қоршап тұрады, салбырай түскені кезінде ілесе жүреді. Әлгідей арнаулы қабықпен, сондай-ақ тамырлар мен жүйкелерді де қоршалған, олар ен бауын құрастырады.
Үй жануарларының қынап қуыстарында еннің тұратын жағдайы әртүрлі болады. Жылқылар мен етқоректілердің ендері ұзын болады да, горизонталь бағытта тұрады. Олардың бүйірлік беткейінде басымен қосылған сағағы арт жағына қарай созыла жатады.
Күйістілердің ендері тіке бағытта болады, ал талғаусыздардікі қиғаш жатады. Сағақтары ендерінің алдыңғы жағында басы төмен қарай алға бағытталған, ал құйрығы жоғары қарай артқа бағытталған.
Қынап дорбасындағыдан-ақ қынап каналындағы ішкі жапырақшасы яғни қынап қабығының сірлі тақташық қынап қабығына ауысады. Ол қабық жылқылардың ішінде, ал күйісті жануарларда астыңғы жағында, етқоректілерде, шошқаларда үстіңгі жағында орналасады да, ауыспалы тарамыс құрастырады.
Ауырлау келетін сол жақ ені, оң жақ енінен төменірек салбырап тұрады, сондықтан олар аяқты басқан кезінде санының ішкі жағына қақтығып, қыстырылып қалудан аман болады.

Пішетін еркек жануарлар жасы мен операцияға дайындау
Еркек мал түріне, тұқымына, ерте жетілуіне, пішу мақсатына (бордақылау үшін немесе жұмыс жасайтын жануар ретінде пайдалану үшін) және орындалатын операция әдісіне байланысты өмірінің әр кезеңінде піштіріледі.
Осыған сәйкес ерте жетілетін тұқымдардың айғырларды 1, 5-2 жаста, ал кеш жетілетін айғырлар 3-4 жастан ерте емес пішеді.
Есектер мен қашырлар 3-4 жаста кастрацияланады.
Бордақылауға бөлінген бұқалар, қошқарларды 5-6 айда;
Қабандар 4-8-12 аптада піштіріледі, бірақ экспрессивті әдіспен - 2 айда.
Түйе 2, 5-3 жасында, бұғы 10-12 айында (кораллизация кезінде), қоян 1, 5-2, 5 айында піштіріледі.
Ірі жануарларды пішу қарсаңында азықтандырмайды, ал пішу күні ішек пен қуығын босатады. Айғырларда операция қарсаңында ішкі шап сақиналары тік ішектен(ректальды) тексеріледі; пішу әдісі олардың мөлшеріне байланысты болады. Егер үш саусақтың ұштарын шап сақинасына салуға болатын болса, онда мұндай айғырлар жабық түрде піштіріледі.

Еркек жануарларды пішу әдістерінің жалпы сипаттамасы
Еркек малды пішу тәсілдерінің саны өте мол. Бірақ олардың барлық негіздерін екі тәсілге біріктіруге болады - қанды және қансыз. Ол тәсілдерді пайдалануы және жүзеге асыруы операция жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветеринар маманның шеберлігіне, операцияның мақсатына, операцияның аумағындағы патологиясына және қолданылатын құралдардың ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Малды қанды әдіспен пішуі кең таралған, жиірек қолданылады; ондайда ашық және жабық тәсілдердің қолдануымен көбінде енді және қосалқаны толық алып тастайды. Ашық тәсілде жалпы қынаптық қабын жарып ұманы ашып оны қосалқасымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты кеспейді, енді және қосалқаны оларды жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге тіліп алады.
Жыныс бездердің элементтердің жарым - жарты жоюдың негізгі мақсаты - шәует бөлінуі тоқтауы, еркек жыныс гармон өндіруін сақтау. Қанға бөліп шығатын жыныс гармоны малдың үйлесімін молырақ дамытып қалыптастырады ал ұрықтандыруға қабілеттілігі болмайды. Осы тәсілді тап толық пішу деп есептеуге болмайды. Оны көбіне стерилдеу деп атағаны дұрыс болады.

Еркек жануарларды пішу әдістерінің жалпы сипаттамасы
Ең көп таралғаны 2 тәсіл:
а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу) оның болбыр ұлпасының негіздерін және қосалқасын сақтаулы.
б) еннің қосалқасының құйрықтарының резекциясы - операцияны кейде қойларда және өгізшелерге жасайды. Операция жасалған малда либидо сақталып олар ұрғашыларды ұрықтандыруға мүмкіншіліксіз болғандықтан, мына операцияны тексеретін қошқарларды дайындау мақсатымен ұсынылған болатын (жыныс стерилдеу) .
Қансыз пішу әдіс, перкутарлық пішу - өнімді малға ең көп қолданылатын пішудің түрі. Ол негізі екі дербес тәсілдерден тұрады: ен бауының бүтіндігін перкутарлық бұзуы немесе еннің үзу.

Еркек жануарларды пішу әдістерінің жалпы сипаттамасы
Ен бауын бүтіндігін перкутарлық бұзуға негізі екі әдісі бар.
а) Ен бауының ұма мойын аумағында, терісінің сыртынан, арнайы қысқыш арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе үзу арқылы. Ен бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, одан кейін семеді. Сорылатын өнімдер малдың организімінің дамуына және өсуіне ынталандыру әрекет көрсетеді, енді толық алып тастағанда бұндай ерекше әсер болмайды.
б) эластрация - не бауына икемді резеңке сақина салып қысу, ол жағдайда ен ұма мен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді.
в) крипторхизмды жасанды жасау - енді қынаптық канал қуысына итеріп салу және оны қайтадан шықпау үшін ұма төменгі бөліміне икемді сақина салумен бекіту.
Малды пішу ерекшелігінің де маңызы өте зор. Малды пішудегі барлық әдістердің ішіндегі экономикалық жағынан ең тиімдісі - жыныс бездерінің ішкі секрециясын сақтай отырып пішу.

Әр түрлі уақыт аралығында ұсынылған пішу әдістері:
1) ен бауын тері астынан бұрау (шопан әдісі «бистурнаж») ;
2) ен бауды тері астынан жырту (қазақша әдіс «тарту», Черноморсков әдісі) ;
3) ен бауын Бурдиццо, Голенский, Телятниковтың қысқыштарымен қысу;
4) ен бауға тері асты лигатурасын салу;
5) ен бауының тамырлы бөлігін И. Е. Поваженко бойынша дюралюминді кронштейнімен қысу;
6) аталық без(ен) паренхимасын Мочаловский қысқышымен ұсақтау(қысу) ;
8) химиялық жолдармен жыныс бездерінің қызметін тоқтату (мысалы, ен бауының венасына натрий хлоридінің 12% ерітіндісін немесе М. Н. Кириллов бойынша луголев ерітіндісін енгізу) .

Пішуге арналған құралдар

Пішуге арналған қысқыштардың түрлері
(астынғы оң жағында - кескіш бранштың модификациясы)
Эмаскуляторлар:
1-ірі жануарларға;
2-эмаскулятор модификациясы; 3-ұсақ жануарларға;
Құралдар. Тік қайшы, хирургиялық пинцет және скальпельден басқа (ұма қабырғасы мен байламды кесу үшін), кастрациялық қысқыш қажет.

Ен бауын және енді орыс әдісімен жансыздандыру
1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терінің түптеріне 5%-тік йод ерітіндісін жағады. Осы орындарға әрбір ұмаға 10 мл 4 % - тік новокаин ерітіндісінің инъекциялайды бұл
Л. С. Сапожниковтің интратестикулярдық жансыздану тәсілі.
2) новокаин ерітіндісін қосалқының сыртқа шығып тұрған құйрығынан денесіне бағыттап жібереді;
3) ұманы қолмен берік ұстап инені қосалқының басынан қадап, оның жең бауына қарай 4 см жылжытып 10 мл 4 % - тік новокаин ерітіндісін енгізеді.
4) Ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді.
Жансыздану 5-6 минуттан кейін болады. Егер алдын ала хлоралгидрат берілсе онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат қолданбағанда тілетін орынға тері астынан 0, 5% новокаин ерітіндісімен жансыздандыру қажет.

АЙҒЫРДЫ ПІШУ ӘДІСТЕРІ
Айғырларды әдетте 2, 5 - 4 жасында піштіреді.
Енін алып тастау әдісімен пішу тиімдірек.
Әдістердің ең тиімдісі болу себебі: 1) бездерінің қызметін мүлде тоқтатып тастайды, 2) екіншілік қан ағыс болмайды, 3) асептика шараларын толық қанағаттандырады, 4) іріп-шіру процесін болмайды, 5) піштірілген малдың денсаулығына әсер етпейді.
Жиі қолданылып жүрген пішу әдістері:
1) пішу қысқышын қолдану,
2) эмаскулятормен кесу,
3) буу,
4) Ен бауын үзу,
6) қысқышпен пішу.

Қысқыш қолданып пішу. Қандай әдіс қолданылатындығына қарамастан піштірер алдында тиісті мәліметтер жинастырып, алдын ала зерттеу керек. Егер де жұқпалы аурудың барлығына күмәнданса пішу жұмысын тоқтату керек, өйткені жұқпалы аурудың инкубация кезінде піштірілген малдың өліп кеткен жағдайлары болған.
Пішуден бір күн бұрын, не сол күні хирургтің өзі шап шеңберін тексереді. Ол үшін қолын тік ішектің ішіне салады, шат сүйектің көлденең сабағына дейін жеткізеді де, қолын 10-15 см шамасы бір жағына бұрып 3 см алдына созып, қатпар тәрізденген шап шеңберін сипалайды.
Піштірілгеннен кейін жануарды таза және дезинфекцияланған жақсы желдеткіші бар қорада ұстайды, оны жақсы азықпен қамтамассыз етудің керектігін есте сақтау керек. Піштіргеннен кейін жануарды өрге жоғары қарай жүргізбеу керек, жануардың артқы жағы алдынан биігірек болатындай етіп қою керек, әйтпесе ішек түсіп кетуі мүмкін.
Асау айғырларды құлату алдында, нейролептиктер (рометар, ромпун) жүргізіледі. Операция жасауға ыңғайлы болу үшін, айғырды сол жақ бүйіріне, егер де операцияны стол үстінде жасайтын болса оқ жақ бүйіріне жатқызады да, операция орнын дайындайды. Ұмасын жақсылап йодты спиртпен немесе арақпен сүртеді, 5 %-ды йодтың тұнбасын жағады. Күпегінің ішіне дәке және макта тампонын салып, оны қысқыштармен қысып қоюға болады.

Операция техникасы. Ендерді іштен тартады да, оның астыңғы жағына өзінің сол қолын салып, ұмасын сұқ саусағымен басбармағының арасында боларлықтай етіп қысып ұстайды, не ұманың мойнына резина түтігін орай салады да, оңай шешілерліктей етіп байлайды. Осылайша байлау дұрыстап тілуге мүмкіншілік тудырады, өйткені ұма терісіне күштің көп түсетіндігінен оның жігі көзге айқын түсетін болады. Одан кейінгі жерде бүйірлі скальпелмен ұстап, ұма тігісіне қатар тіледі, сол кезде төменгі енін бір жағына қарата, одан 1, 5-2 см шамасы аулақ ұстайды. Терісін өзінің қатпарымен серпімді бұлшықет қабығын, жалпы қынап қабығын ашады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz