ҚАЗАҚСТАН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ



Егеменді қазақстанның: жеттістіктері мен болашағы. қазақстан ядролық қарусыз әлем
Орындаған: 306 құқықтану студенті
Ибдиминов И. Ш
Тексерген: Наурызбаева С. Н

Жоспар: 1. Ядролық қару қай елдерде бар? 2. Ядролық қару - адамзатқан төнген қауіп 3 Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары 4. Қуатты қарудың зардаптары 5. Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі 6. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон: Қазақстан туралы


Ядролық қару қай елдерде бар?
Ядролық қару аты қорқынышты. Алайда мұндай қаруы жоқ елдер бар елдерге «мықты» деп қарайтыны анық. Тағы бір айта кетерлігі, қаруы бар елдердің де көңілі тыныш отыр деп ешкім айта алмайды. Шындығына келгенде жаппай қырып-жоятын тажалды өндіріп, сақтап орасан зор шығындарға батып отырып та тыныштығыңды сатып ала алмайтының белгілі болды. Бүгінде қуатты қаруға мына елдер иелік етеді: АҚШ, Ресей (КСРО ыдырағаннан кейін ядролық қаруды өз иелігіне алды), Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Солтүстік Корея және Пәкістан. Сонымен қатар, бұл елдердің қатарында Израильді де қосуға болады. Бұл ресми мойындалмағанмен, әлемдік қауымдастықтар бұл мемлекеттің өзі құрастырып дайындаған қарулары бар дегенге меңзейді. Айта кетер тағы бір жайт, бұл тізімге Украина да кірген болатын. Алайда, украиндар 90-жылдары алапат қарудан бас тартып, ресми түрде бейбітшіл халық деген мәртебеге ие болған. «Дүние жүзінде ядролық қару саны кеміп жатқанымен, ядролық қаруы бар елдер өз арсеналын модернизациялап жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл қару түрінен бас тартпақ емес» деп мәлімдеген болатын Стокгольмдегі (Швеция) Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI - Stockholm International Peace Research Institute) ғалымдары. Аталған институттың мәліметі бойынша, 2017 жылдың басында қуатты қаруы бар тоғыз мемлекетте жедел қолданысқа дайын барлығы 4 150 дана ядролық қару болған. SIPRI есебінше, бұл елдердің жалпы қорында осы жылдың басында ядролық оқтұмсықтардың саны 14 935-ке жеткені айтылады. Дегенмен, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 15395 дана аз екені де белгілі болды. Ядролық заряды көп елдер тізімін көршілес Ресей Федерациясы бастап тұр. Ресей арсеналында бас-аяғы 1 950 ядролық заряд бар. Ал АҚШ-тың иелігінде бұл көрсеткіш 1800 ядролық заряд пен 5000 өзге де оқтұмсықтарды құрайды. Институттың дерегі бойынша көш соңындағы Солтүстік Корея елінде 10-нан 20-ға дейін ядролық заряд бар екен. Қару соғыс құралы, ол бар жерде тыныштық болмайды дейтін қарапайым қағиданың тағы бір мысалы. Қазіргі шексіз билікке ұмтылған мемлекеттер мен олардан қалғысы келмейтіндер арасындағы негізгі дау осы қарудың айналасында. Қырғиқабақ көзқарастардың нәтижесі әлем елдері арасындағы сенімсіздікке алып келді. Қаруға кеткен қаржы экономиканың әлсіреуіне, қарапайым халық тұрмысының төмендеуіне бірден-бір баспалдақ болып отыр. . .

Ядролық қару - адамзатқан төнген қауіп
Бейресми мәліметтер бойынша дүниежүзілік соғыс басталардың алдында Еуропадағы фашистік тәртіптен қашқан ғалымдар АҚШ-та бас қосып, қуатты қаруды жасауға қызығушылық танытқан екен. Өткен ғасырдың 40-жылы Америка үкіметі Еуропадан келген ғалымдарды Ұлттық ғылыми және әскери зерттеу орталығына жинап, жеке ядролық қару жасау жобасын қолға алады. Алдағы бір-екі жыл көлемінде ғалымдар fission-uranium-235 және плутонийдің (Пу-239) басты материалдарын дайындаумен шұғылданды. Атом бомбасы алғаш рет «ядролық бомбаның әкесі» деген атпен танылған Роберт Оппенхеймердің жетекшілігімен АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Лос-Аламос деген жерде сынақтан өткізіледі. Ал алғаш рет іс жүзінде 1945 жылдың 6 тамызында пайдаланылды. Яғни бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезі болатын. АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы ең бірінші жасалған атом бомбасын Жапонияның 350 мың тұрғыны бар Хиросима қаласына тастайды. Қуатты жарылыс Хиросиманың 90 пайызына әсер етіп, 140 мыңнан астам адамды ажал құштырды. Мыңдаған тұрғын радиоактивті сәуленің кесірінен жарымжан болды. Арада үш күн өткен соң, яғни 9 тамызда B-29 ұшағы екінші қуатты қаруын Нагасаки қаласына тастады. Бұл апаттан 75 мыңға жуық адам опат болды. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен шығындардың бірі. Мұндай апаттан кейін Жапония императоры сол жылдың 15 тамызында қарсылықсыз жеңілгенін жариялады.

Қазақ елі - ядролық сынақ зардаптары
Әріге бармай-ақ қояйық, атом бомбасынан қазақтың да көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Жергілікті уақыт бойынша 07:00-де болған қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранды. . .
Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2, 5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы. Осы 40 жыл уақыт аралығында бас-аяғы 470 ядролық қару сынақтан өтті. Оның 118-і жер үстінде болса, қалған 352-сі жер астында өткізіліпті.
КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрі негізінен Семей полигонында өтті (500 ядролық сынақ жасалды) . Бұл әлемдегі барлық сынақтардың үштен бірін құрайды. Ол негізінен еліміздің солтүстік-шығыс және орталық аудандарына экологиялық зиянын тигізді. Семей полигонында өткізілген соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Еліміз егемендігін алғаннан кейін полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.
Одан бері ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі де тартып келеді. Мамандар оның зияны кемінде 5-6 ұрпаққа жалғасады деген болжамдар айтады. Жалпы бұл радиациядан зардап шеккендердің саны 2 млн. адамнан асады.

Қуатты қарудың зардаптары
Мұндай қуаты күшті қару жарылған кезде жалынның температурасы бірден бірнеше миллион Цельси градусқа дейін жетеді. Яғни, мұндай күшті қызу ұрғанда жақын жердегі адамның денесінен ештеңе қалмайды. Хиросимадан үш шақырым қашықтықта жүрген жұрттың тек күлі ғана қалған деген деректер де бар. Бір ретте жүз мыңдаған адамның өмірін жалмайтын қарудың бұдан да өзге зияндары жоқ емес. Жарылыстан аман қалғандар бірнеше күн бойы радиоактивті шөгінділердің кесірінен өмір мен өлімнің ортасында жүреді. Радиоактивті сәуле алған жүкті әйелдер сәбилерін жоғалтады, аман-есен босанғанның өзінде дені сау бала тууы қиын.
Бұрынғы тарихта болмаған мұндай алапат қарудың дами келе адамзат баласының жалғыз мекені жер ананың болашағына қауіп төндіріп тұрғаны саяси мүдде көздерін тұндырған кей елдерді ойландырмайтын секілді. Бетін ары - егер жаппай қолданылып, жер шарына қауіп төндірер болса, бұндай қарудың бары мен жоғының айырмашылығы шамалы.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz