Ақпараттық процестер


Slide 1

Ақпараттық технологиялар - қоғам дамуының қозғаушы күші

Ақпарат

және

мәдениет

Slide 2

Қазіргі замандағы ақпараттық төңкеріс

Дүниежүзінде мыңдаған ақпарат жинақталды.

Адамзаттың жалпы білім жиынтығы бұрын өте баяу өсетін. Бірақ 1900 жылдан бастап ол әрбір 50 жылда, 1950 жылдан әрбір 10 жылда, 1970 жылдан - әрбір 5 жылда, ал 1990 жылдан - жылма-жыл екі еселеніп отырды.

Қоғам мен өндірісте ақпаратты үстемелей пайдалану және ақпараттық технологиялардың өте жедел даму процесі «Ақпараттық төңкеріс" деп аталады.

Slide 3

Қоғамды ақпараттандыру

Ақпараттындыру - әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз жұмсап, үнемдеудің нәтижесі.

Ақпарат - адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің бір түрі.

Ақпараттандыру - қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі. Бұл қазіргі қоғам дамуындағы ең қажетті де кезек күттірмес мәселе.

Slide 4

Ақпараттық қоғам

Компьютерлік техниканың және ақпараттық технологиялардың жедел дамуы ақпараттың түрлерін кеңінен пайдаланатын қоғамның қалыптасуына алып келді. Бұл - ақпараттық қоғам.

Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері:

Ақпарат тасқыны мен оның қолжетімділігі

сәйкестендірілді;

Ақпаратқа барлық салаларда басымдылық берілді;

Ақпараттық экономика негізгі бағыт болып

анықталды;

Ақпараттық технологиялар адам іс-әрекетінің

барлық саласына еніп, дүниежүзілік үрдіс

болып қалыптасты;

Адамзат өркениетінің біртұтас ақпараттық

кеңістігі қалыптасуда;

Қоғамды басқарудың және қоршаған ортаны

қорғаудың ақпараттық-адамгершіліктік

қағидалары орнатылуда.

Slide 5

Ақпараттық мәдениеттің байқалуы

Техникалық құралдарды қолдану дағдыларымен;

Өз қызметінде компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалану қабілетінен;

Түрлі көздерден ақпарат ала білуі: БАҚ-тан ғана емес, электрондық коммуникациялық құралдардан да, оны түсінікті түрде тиімді пайдалана білуі;

Ақпаратты талдап, сараптау әдістерін меңгергендігімен;

Ақпараттың әр түрімен жұмыс істей білу дағдыларымен;

Өз қызмет саласындағы ақпарат ағынының ерекшеліктерін жақсы білуімен.

Slide 6

Ақпараттық процестер

Ақпараттық процестер - ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және тасымалдау әрекеттері.

Ақпараттық процесс - ақпаратпен жүргізілетін әрекеттер тізбегі (деректер түрінде, мәліметтер, идеялар, болжамдар, теориялар және т. б. ), бұл әрекеттер белгілі бір нәтижелерге жету үшін жасалады. Ақпараттық процестердің негізгі нысаны және өнімі - ақпарат. Ақпараттық процестер әрқашан белгілі бір жүйелерде жүреді (қоғамдық, әлеуметтік, техникалық, биологиялық және т. б. ) .

Slide 7

Ақпараттық процестер

Ақпаратты жасау

Ақпаратты өңдеу

Ақпаратты сақтау

Ақпаратты

тасымалдау

Ақпаратты іздеу

Ақпаратты

кодтау

- бұл ақпаратты түрлендіруге байланысты кез-келген процестер.

Slide 8

Ақпараттық қызмет

Ақпараттық қызмет - ақпаратты өңдеу және тасымалдау қызметі. Ақпаратты өңдеу шаралары - ақпаратты өңдеп, тасымалдауға яғни ақпараттық қызмет көрсетуге арналған техникалық құралдарды жасау және дайындау.

Slide 9

Ақпараттық өнімдер

Ақпараттық өнім - рәсімделген, пайдаланушының қажетіне сай товар түрінде құжатталып дайындалған ақпарат. Бағдарламалар, деректер қоры және басқа да сұранысқа ие нысандар ақпараттық өнім деп саналады.

Slide 10

Ақпараттық ресурстар қоғамның интеллектуалдық қорына кіреді, олар адамзаттың ғылыми-қоғамдық және тарихи маңызы зор және болашақ ұрпаққа берілетін ақпараттар қоры деп сақталады.

Ақпараттық ресурстар

Slide 11

Ақпараттық-құқықтық жүйелер

Ақпараттық жүйе түрлері

Геоақпараттық жүйелер

Экономикалық-қаржылық жүйелер

Техникалық-жобалау жүйелері

Ғылыми-техникалық жүйелер

Оқу-білімдік жүйелер

Slide 12

Ақпараттық өндіріс

Ақпараттық өндіріс - ақпараттық технологияларды пайдаланып ақпараттық товарлар мен қызметтерді өндіру. Ақпараттық өндіріс есептегіш техника мен ақпаратты да өндіреді.

Slide 13

Ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технология деген нақты техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы, оның көмегімен біз өміріміз бен қызметтің барлық салаларында түрлі ақпараттарды өңдеу амалдарын орындай аламыз. Ақпараттық технологияны басқаша компьютерлік технология немесе қолданбалы информатика деп атайды.

Slide 14

Ақпараттық технологиялардың түрлері

Информатикада еңбек құралы ретінде есептегіш техниканың аппараттық және бағдарламалық құралдары қолданылады, ал шикізат ретінде - ақпарат тасымалдағыштар мен деректердің құрылымдары пайдаланылады.

Ақпараттық технология - ақпараттық процесс, оның нәтижесінде ақпараттық өнім жасалады. Коммуникациялық технологиялар да - ақпараттық процесс, мұның нәтижесінде ақпаратты тасымалдау мен алмасу жүзеге асады. Мысалы, электрондық құжат айналымы, деректер қоры технологиялары, коммуникациялық технологиялар, бағдарламалау технологиялары, компьютерлік графика технологиялары және т. б.

Slide 15

Ғаламторда өзін-өзі ұстаудың этикалық нормалары

Ғаламторға өзіңіз туралы жеке деректерді ата-ананың рұқсатынсыз бермеңіз (тегіңіз, телефон нөмірі, мекенжай, мектеп нөмірі) .

Ғаламтордағы танысыңызбен өмірде кездесемін деген дұрыс емес, оны ата-анамен ақылдасыңыз.

Таныс емес адамдардан келген электрондық хаттарды ашып оқымаңыз.

Өз парольдеріңізді үйдегі үлкендерден басқа ешкімге бермеңіз.

Ешқашан отбасыңызға қаражаттық шығын келтіретін бөтен іске ұрынбаңыз.

Электрондық байланыста мәдениетті болыңыз, сонда басқалар да сізбен солай сөйлеседі.


Ұқсас жұмыстар
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Ақпараттық қамсыздандыру
Ақпараттық ресурстар
Бизнес - модельдер түрлері
Информатиканың негізгі түсініктері
Ақпараттық жүйе
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Интерактивті оқыту технологиялары
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Басқарудың ақпараттық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz