Лимфомалар: этиология, патогенез және гистоморфологиялық түрлері


Slide 1

Бұл топқа: Лимфосаркома Саңырауқұлақ тәрізді микоз Сезари ауруы Ретикулосаркома Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы)

Лимфомалар-қанжасам және лимфалық тіннің аймақтық ісікті аурулары

Slide 2

Этиологиясы мен патогенезі

Лимфомалардың этиологиясы мен патогенезінде басқа лейкоздардан айырмашылық жоқ. Қазір цитостатиктермен емделетіндіктен, бірқатар лейкоздардың ақтық кезеңі осы лимфомалардың кейбір нысанымен (лимфосаркомамен) «аяқталатынын» ескерген жөн. Кейде, керісінше, лимфомалар лейкозға айналып кете алады. Бұл - қан жүйесінің ісіктерін «диффуздық» немесе «аймақтық (регионарлық) » деп жіктеу - нозологиялық тұрғыдан қажет болғанымен, онкогенез тұрғысынан өте шартты мәселе деген сөз.

Патологиялық анатомиясы.

Әр лимфоманың өзіндік морфологиялық бейнесі бар.

Slide 3

Лимфосаркома - Лимфоцит текті жасушалардан өрбитін қатерлі ісік. Бұл ісік көбіне кеуде қуысындағы, іш пердесінің сыртындағы, кейде шаптағы және қолтық астындағы лимфалық түйіндерде өседі. Ол асқазан мен ішектің лимфалық тінінен, талақта, басқа да мүшелерде дамуы мүмкін. Алғашқы кезде ісік шектеліп, локальді қалыптасады. Ол жердегі лимфалық түйіндер күрт ұлғайып, бірігіп, ірі түйіндер түзіп, төңірегіндегі тіндерді ығыстырады. Некроз бен қан ошақтары пайда болып, түйіндер қатайып, бозғылт тартады. Кейін үдеріс лимфа және қан арнасы арқылы организмге жайылып, басқа түйіндерге, өкпеге, теріге, сүйектерге және басқа да мүшелерге метастаз шашады. Лимфалық түйіндерде В- және Т-лимфоцит, пролимфоцит пен лимфобласт, иммунбласт текті ісіктік жасушалар көбейеді.

Slide 4

Лимфома осы тұрғыда гисто(цито) логиялық вариантқа жіктеледі Лимфоцитті Пролимфоцитті Пролимфобластты Иммунбластты Лимфа-плазмацитті Африкалық лимфома(Беркитт ісігі)

Slide 5

Лимфосаркомалардың ішінде ерекше көңіл аударарлығы - африкалық лимфома (Беркитт ісігі) .

Экватордағы Африка елдерінің (Уганда, Гвинея-Бисау, Нигерия) тұрғындарында кездесетін эпидемиялы ауру. Ол басқа елдерде де бірен-саран ұшырасады. Әдетте, 4-8-дер шамасындағы балалар ауырады.

Slide 6

Саңырауқұлақ тәрізді микоз

Терінің Т-жасушалық қатерсіздеу ісігі; ол тері лимфоматоздары деп аталатын ісіктер тобына жатады. Оның түйіндерін көбейген митозды, ірі жасушалар құрайды. Ісік түйінінің құрамына плазмациттер, эозинофилдер, фибробластылар кіреді. Түсі бозарыңқы, беті жолақты, жұмсақ түйіндер теріден шодырайып шығып тұрады; кейде олардың пішіні саңырауқұлаққа ұқсайды. Түйіндер терімен қоса, кілегейлі қабықшаларда, бұлшықеттерде және ішкі мүшелерде қалыптасады. Бұрын бұл ісік инвазиялап өскен саңырауқұлақтың мицеллийлерінен дамиды деп есептелетін, оның атауы да осы жаңсақ пікірге негізделген.

Slide 7

Сезари ауруы

Терінің Т-лимфоцитті лимфомасы; әдетте лейкемия қосарланады. Сүйек зақымдалып, қан арнасында ісіктік жасушалар пайда болатындықтан, кейде Сезари ауруы да созылмалы лимфолейкоздар тобына жатқызылады.

Көбінесе беттің, арқаның, балтырдың терісіне лимфоциттер шоғырланып, кейін ол шоғырлар ісік түйіндеріне айналады. Терідегі жасушалардың арасында, сүйек кемігі мен қанда жалғыз ядролы (мононуклеалы) атипиялық жасушалар - Сезари жасушалары пайда болады. Ісік жасушалары кейде лимфалық түйіндерде, талақта, бауыр мен бүйректе көбейгенмен, еш уақытта ірі көлемді шоғырлар түзбейді.

Slide 8

Ретикулосаркома

Ретикулалық жасушалар мен гистиоциттерден өнетін қатерлі ісік. Бірақ оны түзетін ісіктік жасушалардың ретикула және гистиоцит тектілігінің морфологиялық критерийлері өте күмәнді. Ретикулосаркоманың лимфосаркомадан басты гистологиялық айырмашылығы - оның құрамындағы ісіктік жасушалар ретикулалық талшықтар түзіп, ол талшықтар ретикулосаркомалық жасушаларды қоршай орап алады.


Ұқсас жұмыстар
Жасуша патофизиологиясы: этиология, патогенез, түрлері және емдеу негіздері
Жылқыдағы габронематоз және драшейоз: этиология, патогенез, диагностика және ветеринариялық шаралар
Бауыр циррозы: этиология, патогенез, клиника, диагностика және ем
Мидың абсцесстері мен арахноидит: этиология, патогенез, клиника және емдеу
Артериалды гипертензия: клиника, этиология, патогенез, диагностика және емдеу
Мыстың алмасуының бұзылысы (Вильсон-Коновалов ауруы): этиология, патогенез, клиника, диагностика және ем
Жануарларда некробактериоз: этиология, патогенез, клиникалық белгілер және диагностика
Коронавирустық инфекция (COVID-19): этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, алдын алу мен емі
Жүйке жүйесінің ақаулары: этиология, патогенез және клиникалық көріністер
Холангит және холецистит: этиология, патогенез, клиника және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz