ӨНДІРІСТІК ШАҢ
Презентация қосу
ӨНДІРІСТІК ШАҢ
Тексерген: Аркабаев У. Б..
Орындаған:Унгарбаева З.А.
Группа ИС-18-1
Жоспары:
1. Өндірістік шаңдардың жіктелуі, шаң ұстағыштар
2. Шаң зиянды өндірістік фактор ретінде организмге әсері
және агрегаттық күйі
3. Улы заттардың тірі организмдерді өлтіру
концентрациясы, жұмысшылардың шаң және улы заттар
әсерінен қорғанудың жалпы әдістері: гигиеналық,
санитарлы-техникалық зат шаралары.
Өндірістік шаңдар – әртекті формада, өлшемде қатты заттардың
бөлшектерінен тұратын өнеркәсіптік жұмыстар нәтижесінде түзілетін
дисперсті жүйе. Олардың физика-химиялық қасиеттері де әр түрлі болады.
Минералды шаңдардың ұсақ бөлшектері жұмысшылар дем алатын ауада
таразылау түрінде болады.
Қатты заттардың бөлшектерінің өлшемі 0,1 кем болмайтын дисперсті жүйені
түтін деп атайды. Бу конденсациясының нәтижесінде түзілетін шаңды
айналдыру (возгон) деп атайды.
Өндірістік шаң әртүрлі жыныстарды, көмірді ұсақтау, шаңды отынды себу
және оны жағу, пайдалы қазбаларды өңдеу, тасымалдау кезінде және т. б
түзіледі. Өнеркәсіптік қалаларда және оның маңында тұнған шаңдардың
мөлшері жылына 1 км2-на мыңдаған тоннаны құрайды. Өндірістік шаң
қондырғыларды бұзады, шығарылатын өнім сапасын төмендетеді, кәсіби
ауруларды тудырады, еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттарын
нашарлатады, жарылысқауіпті және отқауіпті орта түзеді.
Шаң қатары (көмірлі, алюминилі, магнийлі, ацетатцеллулозалы, ұнді, қантты,
күкіртті және т.б) сәйкес концентрацияда және жылу көзі бар жерде тұтанады
және жарылады. Өндірісітк шаңдардың тұтануы жоғары болған сайын оның
дисперстілігі жоғары болуы ықтимал. Шаңның жарылысқауіпті
концентрациясы кең аралықта өзгереді. Мысалы, көмір
шаңының жарылысқауіпті концентрациясы 10-600 г/м3, күкіртті және
сульфидті 5-1000 г/м3 аралығында өзгереді.
Өндірістік шаңдардың жіктелуі, шаң ұстағыштар
Өндірістік шаң бөлшектерінің өлшемі бірлік үлестен 100 мкм-ге дейін
өзгеріп отырады. Өндірістік шаңдар бөлшектерінің өлшеміне байланысты
• дөрекі (10-100мкм дейін), сырт көзге көрінетін және жеткілікті тез
тұнатын;
• микроскопиялық (0,25-10 мкм дейін), әдеттегі оптикалық микроскопта
көрінетін және қозғалмайтын ауада үздіксіз жылдамдықта тұнатын;
• субмикроскоптиялық (0,25 мкм-дан кем емес), тек электронды микроскоп
көмегімен ғана көрінетін, тұрақты хаотикалық қозғалыс күйінде болатын
және қозғалмалы ауада практикалық түрде тұнбайтын болып бөлінеді.
Шығу тегі бойынша шаң негізгі үш топқа бөлінеді:
1. органикалық – өсімдіктен (ағаштан, көмірден) және жануардан
(түктерінен, шаштарынан және т.б) шығады;
2. Бейорганикалық – металлдардан (болат, мыс, шойын) және минералдан
(цемент, әк және т.б);
3. Аралас – бірінші және екінші топ шаңдарынан тұрады, мысалы,
инструменттерді қайрау кезінде түзіледі және металды және минералды
бөлшектерден тұрады.
Сонымен бірге шаңдар келесідей түрге бөлінеді:
1. дезинтиграция шаңдары – ұсақтау, ұнтау, кесу және т.б механикалық процесс
кезінде түзіледі. Олар полидисперстілігімен, ал шаң бөлшектерінің формасы
дұрыс еместігімен сипатталады;
2. конденсация шаңдары – балқымалы массалардың (металл, шыны массасы, тұз
балқымалары, қаныққан ерітінділер және т.б) бу конденсациясы және
салқындау нәтижесінде түзіледі. Бұл жағдайда түзілген шаң бөлшектері
дөңгелек, сопақ формада болады, олар жоғары дисперстілігімен сипатталады.
Шаң ұстағыштар(циклон) – қоршаған ортаны газдағы бөлшектерден тазартатын,
өнеркәсіпте қолданылатын ауа тазартқыш. Газдарды тазарту эффективтілігі шаң
ұстағыштардың модельіне және газдағы бөлшектің дисперсті құрамының
сипатына байланысты.
Шаңданған газ ағыны аппаратқа тангенциалды жоғарғы бөлігінен кіру
патрубогы арқылы енгізіледі. Аппаратта аппараттың конусты бөлігіне
төмен қарай бағытталған айналмалы газ ағына формаланады. Инерция
күшінің әсерінен шаң бөлшектері ағыннан шығарылып аппарат қабырғасына
тұнады, содан соң екіншілік ағынға жабысып төменгі бөлігіне түседі, одан шығу
саңылаулары арқылы шаңды жинақтауға арналған бункерге түседі. Шаңнан
тазартылған газ ағыны төменнен жоғары қарай қозғалып түтіндік құбыр арқылы
циклонан шығарылады.
Шаң зиянды өндірістік фактор ретінде организмге әсері
және агрегаттық күйі
Көптеген технологиялық процестер қоршаған ортаға шаңды
шығарумен сипатталады. Өндірістік шаңдар (аэрозоль) – әртүрлі өндірістік
процестерде түзілетін және ұзақ уақыт бойы ауада болу қабілеті бар ұсақ
дисперсті бөлшектер.
Шаңдардың ұсақ дисперсті бөлшектері үлкен меншікті бетке, жоғары
физика-химиялық активтілікке және абсорбциялық қабілетке ие.
Қатты кесектерді ұру, ұнтақтау кезінде түзілетін шаңдар зарядталады
(заряжается). Ол адсорбция және бөлшектерді бір-біріне ұру кезінде,
сонымен қатар қатты бетке үйкелу кезінде де зарядталады. Шаң бөлшектері
адам организміне тыныс алу жолы, асқазан-ішек және зақымданбаған тері
арқылы кіріп әсер етеді. Шаңның организмге әсер етуі кіру жолына және
қасиетіне байланысты. 10 мкм ірі шаң бөлшектері нәзік қабықшаға кіріп
және жоғарғы тыныс алу жолдарында тұнады. Ал жеңіл шаң бөлшектері
жеңіл енеді.
Көшеде демалатын ауа құрамында шамамен 0,5-1 км/г3 шаң болады. Мұндай
шаңдар адам организміне әсер етпейді. Жұтатын шаңның шамамен 50%
мұрын ішіндегі шаштарда тұнып қалады, ал қалғаны жеңіл бөліктерге түседі
және бронхада тұнады.
Қоздыру шаңдарына келесілер жатады:
• Минералды – қайрау және шлифтеу процестері кезінде қабырғада абразивті
шеңбер түрінде түзілетін құмды-кварцты, корундты шаң; шаң әртүрлі
технологиялық операциялар кезінде түзіледі.
• Металды – металдарды механикалық өңдеу кезінде түзілетін шойынды,
темірлі, мысты, алюминилі, цинкті.
• Ағашты – ағашты өңдеу кезінде түзіледі.
• Полимерлі – полимерді (полиэтилен, полистирол, фенолформальдегид) өңдеу
технологиялық процесінің барлық сатыларында түзіледі.
Шаңның зиянды әсері өткір, ине тәрізді және ілмек тәрізді
шығыңқылары бар шаң бетіне және формасына байланысты. Шаңдардың
организмге кіруі асқынуға және катаральды күйге әкелетін қызару ауруын
тудырады. Ұсақ дисперсті шаң бөлшектерінің тереңірек енуі туберкулез ауруына
әкелу мүмкін селикоз деп аталатын ауру тудырады. Әсіресе шаң құрамында
бос кремний диоксиді болса өте қауіпті болып саналады. Токсикалық өндірістік
шаң дем алғанда, жұтқанда және терінің ашық жерлеріне қонғанда адамға улы
әсер етеді. Сілекейде ерісе, тыныс алу жолдарында және тамақтану жолында
тұрса ол сұйық «у» ретінде әсер етеді. Шаң ауадағы кейбір улы заттарды
адсорбциялау қабілеті бар, сондықтан улы болуы мүмкін. Мысалы, көмір шаңы
және күйе көміртек оксидін, толуол, бензин, бензопирен буларын
адсорбциялайды.
Улы заттардың тірі организмдерді өлтіру концентрациясы,
жұмысшылардың шаң және улы заттар әсерінен қорғанудың
жалпы әдістері: гигиеналық, санитарлы-техникалық зат шаралары
Өндірістік шаңдардан қорғанудың эффективті әдісі: фильтрмен шаңды ауадан
тазартатын ығыстыру желдеткіш; шаңсорғыш; тұнған шаңды ұстау және су әкету
жүйесінде оны жуу; бұзылған тау массивтерін ылғалдау, шаңданған орынды
суландыру; суландыру арқылы ауадан шаңды тұндыру; шаңданған қондырғыны
гермитизациялау, шаңданған материалды ылғалдау, пневмотранспортты қолдану.
Организациялы-техникалық шараларды ШРЕК қамтамасыз ету мүмкін болмаса
индивидуалды қорғау құралдары, соның ішінде Ф-62Ш, "Астра-2", У-2С,
"Лепесток", ПРШ-741, РПМ-73 типті шаңдануға қарсы респираторлар,
пневмокостюмдер, скафандра, көзәйнек т.б қолданылады. Шаңмен күресу
шараларындағы негізгі бағыт жұмысшы ғимараттарда оның
ауаға түзілгені немесе түскені туралы ескерту болып табылады. Технологиялық
процесс шаңды толығымен жоюға немесе ең болмаса минимумға дейін жеткізсе
бұл да бір шаралардың бірі болады. Осы мақсатта құрғақ шаңды
материалдарды ылғал, пастотәрізді және ерітінділермен максималды ауыстыру
қажет. Егер технологиялық шартта материалды құрғақ күйінде пайдалану керек
болса онда парашоктәріздестің орнына шаңдануы аз брикет, дәрі түрінде қолдану
керек. Бұл дайын өнімге, қосымша өнімге, шикізат материалдарына, өндіріс
қалдықтарына қатысты.
Жақсы гигиеналық эффект сусымалы материал транспорттарының шаңсыз
түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Оларға гидро- және пневотранспорт,
виброқұбыр, герметикалық жабық шнектер жатады.
Кей жағдайларда кварц мөлшерінен тұратын агресивті шаңдарды
басқа материалдармен – құрамында кварц аз немесе кварцсыз
материалдармен асыстырған жөн. Сондықтан құю цехтерінде мысалы, құм
ағынды құю тазалауының орнына бытыраатқыш қондырғыларын қолданады.
Егер техникалық себептерге байланысты шаңдардың түзілуін және бөлінуін
жоюға қол жеткізу мүмкін болмаса, онда шаңды жойғыш ысырмалы
желдеткіш қолданылады.
Шаңнан тазарту құралдары жалпы және индивидуалды болып бөлінеді.
Жалпы тазарту құралдарына ұнтақтау, ұсақтау, транспорттау, шаңданатын
материалдарды түсіру, технологиялық процестің кей жағдайда
өзгеруі т.б сияқты механизация процестері жатады. Шаңданған жолды 20%-
тік әкті хлор ерітіндісімен суды құю эффективті болып табылады, ол
шаңданған ауаны 1,8-2,6 мг/м3 дейін төмендетеді.
Индивидуалды тазарту құралдарына – шаң өтпейтін арнайы киімдер,
противогаз, пневмодулыға, пневмомаска, демалғаш, қорғаушы көзәйнек т.б
қолдану, сонымен қатар жеке гигиенаны сақтау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz