Негізгі интерактивті әдістер




Презентация қосу
№9 дәріс. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы
заманауи сабақты жоспарлаудағы интербелсенді әдістер
Жоспар:
1. Әдіс дегеніміз…
2. Тәсіл дегеніміз…
3. Интербелсенді әдіс дегеніміз…

Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны.

«Білім дегеніміз – мектепте оқытқанның барлығын ұмытқаннан
кейін қалатын нәрсе.»
Альберт Эйнштейн
ОЙТАЛҚЫ
Әдіс дегеніміз…
Тәсіл дегеніміз…
Әдіс (метод) деп грек тілінде адамның практикалық
әрекеттерін және өмірді тани білу амалдары мен тәсілдерін
атаған.
Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен
қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың материалды
қабылдау жолдарын айтады. Әдіс оқытудың мақсаты мен
мазмұнына байланысты құрылады және оқытудың мақсаты
мен мазмұнының өзгеруіне қарай әдіс түрленіп отырады.
Оқыту әдісі баланың жас ерекшелігіне қарай құрылады.
Оқыту тәсілдері оқыту әдістерінің кейбір элементтері,
нәтижеге жетудің жолдары ғана болып табылады.
Я.А.Коменский орта ғасырлық догмалық жаттау әдісіне сын
тұрғысынан келіп, оқушылардың материалды саналы түрде түсініп
қабылдауын ұсынды. Я.А.Коменскийдің осы педагогикалық талабына
сай ХҮІІІ және ХІХ ғасырларда оқытудың көрнекілік әдісі дамыды.
Ю.К.Бабанский «Оқу-тәрбие процестерін оптималдандыру» деген
еңбегінде әдісті үшке топтап көрсеткен:
1.Оқушылардың оқу таным қызметін ұйымдастыру әдістері (әңгіме,
лекция, пікірлесу т.б.);
2.Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері (көрнекілік
әдіс ;
3.Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (практикалық
әдістер).
А.Байтұрсыновтың әдіске берген анықтамасында: «Мәселен, сауаттау әдісін
алсақ бір жұрттың сауаттау әдісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да
сауаттау ісіне қолайлы болуға тиіс деп атауға болмайды. Екеуінің тілінің заңы,
емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы
болуы мүмкін емес. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа
болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп
ешкім айта алмайды».
Ы.Алтынсарин әдістемесіндегі әдебиетті оқытудың (4-5 сынып) басты
элементтері: 1.Пайымдап оқу: 2.Талдап оқу; 3.Сыныптан тыс оқу; 4.Сөйлету;
5.Жаздыру; 6.Мақамдап оқу (жаттау); 7.Мазмұндау; 8.Мінездеу;
9.Ғибратшылдық оқу (шығарма идеясын түсіну).

Ә.Қоңыратбаев әдістерді төртке жіктеп көрсетеді: («Әдебиетті оқыту
методикасы» атты оқу құралы, 1966 ж.) Түсіндірме оқу әдісі; Баяндау әдісі;
Эксперимент әдісі; Көрнекілік әдісі.
• Оқыту әдіс-тәсілдері:
• Құндылықты-бағдарланған тәсіл - оқушының құндылықтар жүйесін
қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы
тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
• Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және
азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және
шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.
• Тұлғалық-бағдарланған тәсіл – педагогтің назарын оқушы тұлғасының
тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес,
сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нысандары мен даму
мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды
көздейді.
• Жүйелік-әрекетті тәсіл – оқу -тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып,
осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
• Коммуникативтік тәсіл – бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп,
туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
• Интегративтік тәсіл – оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің
мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға
жәрдемдеседі.
• Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан
білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
• Зерттеу тәсілі – зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен
танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.

Білім жүйесіндегі өзгерістер!
Репродуктивтік оқытудан конструктивтік (сындарлы) оқуға көшу.

«Тәрбиесіз берілген білім –
адамның қас жауы»

«Адам бол!»
“Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді”
А.Байтұрсынұлы

Мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға, ойлануға
қалай үйрету керек?», «Балаға нені үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері
болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге
бағытталып отыр. Білім беру жүйесін жетілдіруде әлем деңгейіндегі интерактивті
технологияларды оқыту үрдісіне енгізе отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру әр мұғалімнің басты мақсаты.
Интербелсенді әдістеменің негізгі
мәселелері
Технологияның артықшылықтары:

Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды.
Технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады.
мақсат дәл болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.

Технологияда студентте қалыптасқан сапа, іскерлік, қасиет
анық суреттеледі

Мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықан,
оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік
әдістер арқылы тексеріледі.

Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері,
іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының
деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат
қойылады. Мақсат анық болмаса, оқу процесінің
жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Оқытудың
бөліктері
Мақсат Мазмұн

Міндет

Оқыту дегеніміз-үйрету,
дағдыландыру, Білім мазмұнын, оқыту әдістерін және
әрекеттендіру. оқытуды ұйымдастыруды ғылыми
тұрғыдан негіздеу
Дидактикалық міндеті
Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік,
Оқыту дегеніміз дағдыларды меңгеруі, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Табиғат және қоғам жайында ғылымда
Білім беру дегеніміз жинақталған білім жүйесін жеке адамның
меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп
қолдана білетінін айтады
ХХІ ғасыр- жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.Олай болса,
мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат- оқушылар алған білімдерін
пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке
тұлға тәрбиелеу;
Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістен ерекшелігі –оқушыны қозғалысқа түсіру.
Бүгінгі таңда басты мәселе бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның
әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды
көздейтіні -ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. Ұлы педагог
М.Жұмабаев «Баланы тәрбиелі қылу- тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе
білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен
өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін,
тұрмыстың тұңғиық теңізін қажыр-қайратымен шеше білетін, адалдық жолға құрбан
бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын, төрт жағы
түгел адам етіп шығару.Баланы мұндай адам ету үшін тәрбиеші бар күшін, бар
білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек» деген болатын.
Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы.

қатысушы саны бойынша

Триада
Жеке Топтық Ұжымдық және
диада
ұйымдастырылған жері бойынша

Аудиториялық емес
Аудиториялық

Жолсапарлы Экскурсиялық

компьютерді қолдану принципі бойынша

Компьютерлік бағдарламалар
Дербес компьютерсіз Компьютерлік ойындар
негізінде
Интерактивтік әдіс («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекет,
қарым-қатынас) – бұл әңгіме, сұхбат және диалог
режиміндегі өзара әрекет дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен
айтқанда, тыңдаушының оқытушымен қарым-қатынасы ғана
емес, сонымен қатар, бір-бірімен болған қарым-қатынасын
білдіреді. Интерактивтік сабақтағы мұғалімнің ролі
тыңдаушының білімді алудағы мақсатына түбегейлі жеткізу
болып табылады.
• Интербелсенді оқу/оқыту дегеніміз – әрекет көмегімен және әрекет
жасай отырып үйрену/үйрету. Интербелсенді оқыту – білім беру
үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына
негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен
әрекет дағдылары қалыптасады.
• Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын
жан-жақты жоспарлауы тиіс: - оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес
келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің
«кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының
жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта
интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.
• Интерактивті технологияны пайдалана отырып оқытқанда оқушының:
• Еркін ойлануына мүмкіндік береді,
• Ақыл-ойын дамытады;
• Шығармашылық белсенділігін арттырады;
• Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
• Тіл байлығын жетілдіреді;
• Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
• Интерактивті технологиялық әдістің педагог үшін пайдасы мынадай:
• Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
• Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік береді;
• Әр оқушының білім деңгейін анықтауға болады;
• Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;
• Оқушылардың барлығын бағалауға болады.
Интерактивті әдістер оқу қарым-қатынастары ортасын
құрады, ол:
ашықтықпен;
қатысушылардың өзара әрекеттестігімен;
қатысушылардың дәлелдерінің теңдігімен;
бірлесе білім жинаумен;
өзара бағалау мен бақылау мүмкіншілігімен сипатталады.
Негізгі интерактивті әдістер

Шығармашылық • Шағын топтарда жұмыс істеу
тапсырмалар

• рөлдік ойындар
Үйретуші ойындар • іскерлік ойындар және білім беретін
ойындар

Қоғамдық ресурстарды • Әлеуметтік жобалар және
пайдалану аудиториядан тыс оқыту әдістері
Негізгі интерактивті әдістер (жалғасы)
•«Жалғыз –екеулеп –бәрі бірге»,
«Карусель», «Теледидарлық ток-
Жобалау тәсілдері шоу стиліндегі пікірталас»,
талқылау, симпозиум.

• Интерактивті дәріс, көрнекі құралдармен,
Жаңа материалды зерделеу бейне және дыбысты материалдармен
және пысықтау жұмыс

• «Шешімдер ағашы»,
• «Ми шабуылы»,
Мәселелерді шешу • «Шырмауды шешу»,
• «Келіссөздер және медиация»
Неліктен инновациялық оқыту технологиялары оқу орындарының негізгі
ұстанымына айналуы қажет?
Инновациялық оқыту технологиясы – ол білім саласында
қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылыми
жетістіктерге негізделген әдіс. Оқытуда «дайын білімнің
ұсынылуы» концепциясынан «білім - орнығу» концепциясына
өту.
Ақпараттардың мейлінше өсуі
Интернет
кеңістігі

Интерактивтік
тақта

Жаңа
ақпараттық
технологиялар

Электрондық
Мультимедия
оқулықтар
Адам миының мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану мәселесі –
адамзаттың негізгі мәселесінің бірі.

3%

5%
100%
20% 8.2
Тыңдайық - қандай әдістер пайдаланамыз?

Оқиық - қандай әдістер пайдаланамыз?
Айтайық - қандай әдістер пайдаланамыз?

Жазайық - қандай әдістер пайдаланамыз?

Зерттейік - қандай әдістер пайдаланамыз?

Ұқсас жұмыстар
ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
ҚҰРЛЫҚТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МЕТОДИКАСЫ
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
Оқытудың белсенді әдістері
Мультимедиа технологиясы туралы ақпарат
Төртінші ереже
Ақпараттық технологиялар арқылы инновациялық әдістерді қолдану бойынша сабақты өту әдісі
Білімдендіру технологиясы
Дәстүрлі емес сабақтарды интерактивті әдістер арқылы оқыту
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Пәндер