Дауыстап оқу



Тақырыбы: «Оқудың түрлері және оқу сапалары»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Қабылдаған: Елмуратова А. С. Орындаған: Юсупова И. Б. Тобы: С1301-10ж
Шымкент 2021 жыл

Мақсаты:
Әдебиеттік оқу әдістемесіндегі оқудың түрлері және оқу сапалары туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу дағдылары мен оқу сабақтарында жіберетін қателерімен таныстыру, теориялық білімін жетілдіру.

Әдебиеттік оқудың екі түрі бар.
Бұл оқудың екеуі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.
Оқудың түрлері
Дауыстап оқу
Іштей оқу

Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу іске асырылады. Ол 1-2-сынып оқушыларына тән. Іштен оқу да қолданылады. Бірақ іштен оқу 1-сынып оқушыларының оқу деңгейін тексеруге, олардың жіберген қателерін түзетуге мүмкіндік бермейді. Ал дауыстап оқыту арқылы олардың оқу сапаларын байқауға болады. Сондықтан сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу қолданылады.

Әліппеден кейінгі кезеңде іштен оқуға дағдыландыра бастау қажет. Іштен оқуға үйрету маңызды. Себебі, дауыстап қана оқып үйренген бала орта буынға көшкен кезде қиыншылыққа ұшырайды:
1. Ол оқуы үшін жеке өзі ғана болуды қажет етеді. Дауыстап оқыса, басқаларға кедергі жасайды. Оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі.
2. Оқу шапшаңдығы дамымайды. Себебі оқу жылдамдығы іштен оқу барысында қалыптасады. Мысалы: 2-сыныпта оқу жылдамдығы дауыстап оқуда минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда 60-75 сөз болса, іштен оқығанда 80-100 сөз болады.

2, 3, 4-сыныптарда оқудың екі түрі де қатар қолданылады. Ал 3, 4-сыныптарда көбіне іштен оқуға көңіл бөлінуі қажет. Мұғалім оқудың екі түрін де іске асыру барысында оқу сапаларына да баса назар аударуы қажет.

Арнайы түзету мектебінде кең тараған оқу түрі - дауыстап оқу. Психологтардың зерттеуінше дауыстап оқу материалды түсінуге жағдай жасайды. Бұл жағдай жоғарғы және төменгі сынып аралығында да таралған. Оның себебі оқушылар мәтінді көріп қана қоймайды, айтады және естиді. Дауыс мәнеріне көңіл аударып оқу, оқушылардың мәтінді түсініп оқуына көмектеседі.

Дауыстап оқу мұғалімге оқушылардың жүргізіп оқу мәнерін көрсету, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Оқушылардың дауыстап оқуын әрдайым қадағалап отыру, бірінші орында оның дұрыс оқылуына жағдай жасайды. Дегенменде, оқытудың бұл түрі әрқашан қолайлы және үнемді болмайды, себебі оқытудың жай түрі дауыстап оқуға қарағанда - есе тезірек. Балаларды өмірге дайындай отырып, оқудың бұл түрін қолдана білуге үйретуіміз керек. Оқушыларға мұғалімні көмегінсіз мәтінді оқу үлкен қиындық тудырады.

Дауыстап оқу түрінің қызықты салыстырмалы мәліметтері М. Ф. Гнездилованың «Арнайы мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың әдістемесі» аты кітабында жазылған: екінші сынып оқушысының дауыстап оқудың мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға берген дұрыс жауабы 42%-ды құрады, үнсіз оқудан соң - 26%; үшінші сынып оқушысы дауыстап оқудан соң сұрақтардың 60% - а дұрыс жауап берді, үнсіз оқудан соң - 33%. Оқушылар тек төртінші сыныптан бастап дауыстап оқуды өз бетінше үйренеді.

Ақыл - ойында бұзылысы бар балаларға арналған мектеп оқушыларына қарағанда жалпы мектеп оқушыларының нәтежиелері жоғары болады. Интеллектісі қалыпты оқушылардың екінші сыныптан бастап ақ өз бетінше дауыстап оқуды үйренеді және түсінік айтуға машықтанады. Арнайы мектеп оқушыларының мәтінді өз бетінше оқып, түсінік қалыптастыру қаншалықты қиын болсада, оны қалыптастыруға жағдай жасау қажет. Дайындық кезеңі бірінші сыныптан бастап жүрседе, жұмыстың басында бағдарлама оқытудың үшінші жылының екінші жартысына ыңғайлап қойылады. Онда оқушылар мәтіннен суретке сай немесе мұғалім қойған сұраққа жауап іздейді. Үшінші сыныпта өз бетінше оқу түрі қалыптасады. Бұған дейін оқушылар дауыстап оқу техникасымен танысады және бүтіндей оқуды үйренеді.

Үшінші сыныпта өз бетінше оқу түрінің құрылымы барынша қарапайым болуы керек. Жоғары сыныптарда мұғалім алдын-ала түсіндіретін қиын сөздерді пайдалануға болады. Дегенмен таныс емес сөздердіңсаны коп болмауы керек. Бастапқыда оқушылар өз бетінше оқу түрін қолданғанда дауыстап оқуға ыңғайланып тұрады, сондықтан сыбырлап оқу түрі сақталалады. Оқушылар өз ішінен оқуды ұғыну үшін, дәрежелеріне байланысты әртүрлі қиын тапсырмаларды қолданса болады. Ережеге сәйкес ол тапсырмаларды мәтінді үнсіз оқудың алдында береді:

1. Карточкада жазылған тапсырманы оқып, оны орында.
2. Мәтіннің ішінен тақтада жазылған екі, үш сұрақтың жауабын тап.
3. Тақтада жазылған бірнеше сұрақтарға жауап беруге дайындал.
4. Мазмұндама айтуға дайындал.
5. Өзіңнің мүлдем түсінбейтін сөзіңді таңдап жаз.
6. Көрсетілген жоспарға сай мәтінді бөл.
7. Мәтінді өз бетіңше бөлшектерге бөл.

Бастапқы оқыту кезеңінде іштей оқу түрін өз бетінше қолдану таңдалған мәтінді дауыстап оқуға негіз болады. Оқушылар таңдалған мәтін ішінен үзінді оқи отырып, көрсетілген қиын тапсырмалардың бірін орындайды. Оқушыларға өз ішінен оқитын үзінді түсінікті болуы үшін мәтіннің көрсетілген негізгі бөлігін мұғалім оқиды. Осылайша үшінші сыныпта мұғалім балалардың көңілін сюжетке аудара отырып әңгіменің бірнеше абзацын оқиды. Соңғы екі абзацты оқушыларға өз ішінен оқуды тапсырады. Сөйтіп бірнеше сұрақтар қояды. Әңгімені оқыр алдында дайындық кезеңі үшінші сынып оқуыларына мәтінді өз бетінше оқуға және сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Төртінші сыныптан бастап өз ішінен оқитын мәтіннің көлемі өседі. Дегенмен үнсіз оқу түрі сақталады. Өз бетінше оқудың толық түрі жаттығуға арналған арнайы мәтінде қолданылады.

Мәнерлеп оқу
Дұрыс оқу
Түсініп оқу
Шапшаң оқу
Оқу сапалары

Дұрыс оқу
Дұрыс оқуға үйрету негізі алғашқы оқу-жазуға үйрету кезден басталады. Дұрыс оқу үшін оқушылар мына талаптарды орындауы қажет:
1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу. Мысалы: ша-на-лар, то-қу. Мұнда балалар сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын түсінбей оқитын болса, дер кезінде түсіндіріп, түзетіп, сөзді буынға бөлгенде дұрыс бөліп оқуға жаттықтырып, дағдыландыру қажет.
2. Оқып тұрған сөздің не алдынан, не артынан, не ортасынан артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.
3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау: аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ла.
4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді айтпау (мағынасына сәйкес келетін), сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.
5. Ұқсас дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Түсініп оқу
Түсініп оқу - оқыған сөз немесе сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімде айтылған оймен байланыстыруы, оқылған мәтін мазмұнын анық, терең ұғынуы.
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп оқуға дағдыландырудың маңызды бір жолы - кіріспе әңгіме. Сонымен қатар оқудың алдында саяхатқа шығу, тәжірибе, бақылау жасау да түсініп оқуға дағдыландырады. Қорытынды әңгіме де оқушының түсініп оқуына септігін тигізеді.

Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар:
1. Кіріспе әдгіме.
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.
3. Сөздік жұмысы.
4. Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.
5. Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай түсінгендерін байқау.
6. Іштен оқу.
7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.
8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
9. Осы әңгімеге ұқсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т. б. айту.
10. Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу.

Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу - бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі оқығанын түсінеді. Оқудың сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп оқу дегеніміз - дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу. Екінші сөзбен айтқанда, қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу.

Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:
1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады.
3. Шығармадағы көңіл-күй көтеріледі.

Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы - интонацияның орны бөлек. Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады. Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні - фразалық екпін, ал ой екпіні - логикалық екпін. Сонымен, көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан-дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.

Олар: дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор.

Кідірістер /пауза/
Психологиялық
Логикалық
Грамматикалық

1. Логикалық кідіріс.
Бұл - табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бұл кезде тыныс белгілеріне онша назар аударылмайды.

2. Психологиялық кідіріс
Психологиялық кідіріс мәтіннің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын тағатсыздана күтеді.

3. Грамматикалық кідіріс.
Грамматикалық кідірістің (бұл кейде «өлең аралық» немесе «тасымал кідірісі» деп те аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне орай кідіріп оқу жатады.

Дикция (үн реңі) .
Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция- сөйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің дикциясы ашық, таза болып, сөйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысында оны дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық жаттығулар жасап отырғаны жөн.

Бастауыш мектеп оқушыларында оқу тәртібі мына шамада өтіледі:
1. Балаларды оқығанда тыңдауға дайындау. Бұған жататындар балаларды алдын-ала психологиялық тұрғыдан дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйымдастыру жағы.
2. Балаларға шығарманы оқу. Оқу кезінде көркем туындының образын нақтылай түсуге немесе қорытындылауға иллюстрация, сурет, диапозитив, кесте тағы осындай көрнекті құралдар қолданылады.
3. Оқылған шығарманы мазмұны бойынша пікір алысу, әңгімелесу. Бұған жататындар балалардың өздерінің пікір айтуы, мұғалімге қоятын сұрақтары, оның қайтаратын жауабы, мазмұндап айтып беруі, оқылған мәтін бойынша балалардың шығармашылық жұмыстары (сурет, бейне, жабыстыру, әңгіменің аяғын жалғастыру т. б. ) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz