КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР


Slide 1

Күрделі құрмалас сөйлемдер

Орындаған:Мырзабай Салтанат

Тобы:117-48

Slide 2

Жоспары: 1. Көп компонентті салалас құрмалас 2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас 3. Көп басыңқылы сабақтас құрмалас 4. Аралас құрмалас

Slide 3

Көп компонентті салалас құрмалас

Slide 4

Салалас құрмалас сөйлем жүйесінің жалпы кұрмалас сөйлем жүйесінде өте ертеден келе жатқандығы тіл білімінде айтылып жүр (Н. Сауранбаев, Э. Халменов, С. Алиев, И. Тасанов. Қ. Өмірәлиев, М. Залиев. К. З. Ахмеров, М. М. Таджиев т. б. ) осы ғалымдардың еңбектерін талдау барысында қазіргі кезде көп компонентті салалас кұрмалас сөйлем деп танылып жүрген типінің ертеден - ақ белгілі болғандығы анықтауға мумкіндік ала аламыз. Осы ретте М. 3. 3алиевтің :«подобное предложение довольно хорошо были развиты уже в языке Орхоно - Енисейский V-VIII веков. В них мы находим все формы поэты многолетних сложных предложений» -деген пікірінен келісу дұрыс болады деп санаймыз. Көп компонентті салалас кұрмалас сөйлемнің өте ертеден бар тілдік кұбылыс екендігін, бұл сөйлем типінің мақал -мәтелдерде, жұмбақ, ертегілерде жиі ұшырасатындығынан көруге болады. ККСҚС-нің ауыз әдебиеті үлгілерінде кеңінен колданылатындығын Қ. Есетов атап көрсеткен .

Татар тілі синтаксисін зерттеуші М. З. Закиев ККСҚС-ді құрамына байланысты жеті түрге бөліп көрсетеді. Ғалымның баяндауы бойынша ККСҚС құрамындағы сөйлемдер параллель келеді және санамалау интонациясымен айтылады. Автордың айтыуынша параллель процестерді білдірген сөйлемдер мағыналары жағынан бip - бірінен алшақ болуы да мүмкін. Бірақ оларды жинақтап, бip мезгілде көрсету мақсат етілгендіктен ғана олар бip кұрмалас кұрамына еніп тұрады

Қазак тілі жөнінде зерттеушілердің салалас құрмаластың құрамында компоненттер санының екеуден көп болып келетіндігі айтылып, салалас кұрмалас анықтамаларында көрсетіліп жүргенімен (А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Ә. Хасенов, Н. Балақаев, А. Ысқақов, Н. Сауранбаев және т. б. ) оның қалыпты және көп компонентті бөлігі болған жоқ.

Slide 5

Н. Сауранбаев енбегінде «бұл сөйлем жайылыңқы іргелес» деп аталса, А. Байтұрсынұлында «орамды сөйлем» деп керсетілген. А. Байтұрсынов салалас сөйлемді қойылыңқы (мал да керек, жан да керек бәрі де керек) және сұйылыңқы («шалқайғанға шалқай пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей атаңнан қалған құл емес») бөлуінде негізінде алынған сөйлем мағыналық қатынастарының іштей топталуы.

Қазақ тіл білімінде көп компонетті салалас құрмалас сөйлемге берілген анықтамаларға ККСҚС шашыраңқы түрде айтылған. ККСҚС-дердің қалыпты салаластардың бөлек бip түpi етіп қарау академиялық қазак тілі грамматикасында тармақты салалас деген атпен көрініс тапқан. Көп тармақты салалас сөйлемдерге қатысты мынадай мәселелер айтылған:

Көп тармақты салалас сөйлем (КТСС) компоненттерінің бip - бірімен жалғаулық арқылы да жалғаулықсыз да байланыстықтығы;

КТСС компоненттерінің мағыналық қатынастарының әр түрлі де, бірынғайда болатындығы;

Түсіндірмелі қатынаста байланысатындығы;

КТСС компоненттерінің жай сөйлем түрінде ғана емес құрмалас сөйлем түрінде де келетіндігі;

Компоненттер бірлігін барлық компонентке ортақ бip сөздің болуымен ілік ceптікті мүшенің келуі туғызатындығы.

Slide 6

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерден басқа құрмалас түрінде сыңар баяндауыштарының тек есімді болып келуі жоқ: Теңіз көкпеңбек, құм-қайрақ жағасы алтындай сап-сары, төңірегі сыңсыған жасыл орман (Р. Тоқтаров) . Әрине, жеке сыңар баяндауыштарының етістікті болып келуі де көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер үшін басы ашық жайт: Шалбары қара санына дейін су болыпты, сыртына шөп-шалам, балдыр жабысқан, аяғының басын көкшіл қоңыр лай қаптаған(М. Мағауин) . Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер туралы алғашқы пікір айтқан А. Байтұрсынұлы болатын. Ғалым мұндай құрылымдағы сөйлемдерді “өрнекті сөйлемдер” деп атап, оған мынадай анықтама береді: Өрнекті сөйлем деп құрмалас сөйлемнің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, я кілемге салынған түр сияқты болғанмен, өрнек өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым деп аталады.

Үш немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара теңдік қатынаста тұрып байланысқан көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрін көп компонентті салалас құрмалас деп атаймыз. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің негізгі бөліктері өзара екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады: 1) бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер, 2) әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер. Бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер дегеніміз - жеке сыңарларының аралығындағы мағыналық қатынастың біртектес болып келуінен түзілген сөйлем түрі. Демек, алғашқы екі сыңар аралығында болатын бір мағыналық қатынас (мезгілдік, түсіндірмелі, қарсылықты және т. б. ) келесі сыңарлар аралығында да, болмаса бірінші сыңар мен соңғы сыңарларды өзара байланыстыруда да сақталады. Мысалы: Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң тым-тырыс, тыныштық.

Slide 7

Әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлем дегеніміз - жеке сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынастың әртүрлі мағыналық қатынаста келіп түзілуінен болған сөйлем түрі. Демек, алғашқы сыңар аралығында болатын мағыналық қатынасты келесі сыңарлар аралығында болатын мағыналық қатынас қайталамайды. Мысалы: Асқар бұл жөніндегі өзінің пікірін сол кездегі баспасөз бетіне жазды, оның жазған мақаласы басылды да, бірақ ол мақала арқылы шара қолданған үкімет жоқ (С. Мұқанов) . Бұл сөйлемде алғашқы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас ыңғайластық та, соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас қарсылықты. Соңғы сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынас өзгеріп, басқа мінде тұруы да мүмкін. Немесе алдыңғы сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынастың өзгеріске түсуі де қиындық тудырмайды.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы сыңарлар тек үш жай сөйлемнің қосындысынан ғана тұрмайды. Олардың сандық дәрежесі артып отырады. Мұндай сөйлем төрт негізді, тіпті бес, алты және одан да жоғары санды болып келуі мүмкін. Сәдір өзі ат үстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт(Ғ. Мүсірепов) .

Slide 8

Kөп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің мағынасын топтап, жікке бөліп көрсетуде біз оларды екі үлкен топқа бөліп қарастырамыз: бipiнші ашық құрылымды бірыңғай жай сөйлемді салалас құрмалас, екінші бірыңғай компоненттіаралас құрмалас ашык, құрылымды бірыңғай жай компонентті сөйлемдер бірыңғай мағыналық қатынаста да, әрыңғай қатынаста да келеді Мағыналык қатынастарының бірыңғай және әрыңғай келуі олардың санына тәуелсіз тікелей мазмұнынан туындап жатады. Ал компонент мазмұны оның лексикалық кұрамына катынасты соған сай жай компонентті салаласты

а) бірыңғай қатынасты;

ә) әрыңғай қатынасты деп eкіге бөлуге болады. Бірыңғай мағыналық қатынасты салалас құрамындағы компоненттер арасындағы мағыналық қатынастар біртүрлі, бірыңғай болып келеді: бірыңғай мезгілдес, бірыңғай себепті т. б. бөлінеді. Жай компонентті әрыңғай қатынасты көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері арасындағы мағыналық қатынастар, ең кем дегенде екі түрлі не одан да жоғары бола алады.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері бip қана бастауышқа ортақтасып барып құрмаласды. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан біртектес, бірынғай болып тұрады.

Ол мейлінше қайырымды болыпты,

Жылағанды жұбатыпты,

Қысылғанға жәрдем бepiптi,

Өзімдікі дегенді білмепті,

Жатсынуды сүймепті,

Табысына бүкіл ел ортақ болыпты

Slide 9

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Slide 10

Сабақтастардың барлығы бірдей әрдайым екі жай сөйлемнен ғана құралып отырмайды. Олардың ішінде үш және одан да көп жай сөйлемдерден құралатыны да болады. Мысалы: 1. Саяхатшылар тақалған сайын, Көкшеніц сұлулығы айқындалып, Оқжетпес көзге еркін шалына түсті. Олар өрге көтерілген сайын, көкке шаншылған. шын аумағы тарылып, тікшеленіп, жүру қиындай берді. Қолы демеу алғандықтан, аяғы басқан жеріне шегедей қадалып, Жарқын ілгерілепкеледі (М. Иманжанов) . Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болғанды (М. Әуезов) .

Қараман бұл сөзді айтқан соң,

Қобыландыдай батырдың

Тері тамып иектен,

Түгі шығып білектен,

Жаны бір тулап жүректен,

Неше құрдас болса да,

Қараманның бұл сөзі

Өтіп бір кетті сүйектен («Қобыланды батыр») .

Slide 11

Бұл мысалдардың біріншісіндегі сабақтас құрмаластар үш жай сөйлемнен, екінші мысалдағы төрт жай сөйлемнен, үшінші мысалдағы алты жай сөйлемнен құралған. Құрамдарындағы жай сөйлем сандарының әр түрліліктеріне қарамастан, бәрінде де тиянақты басыңқы жай сөйлем біреу де, тиянақсыз бағыныңқы жай сөйлемдер бірнешеу болып келген. Осылар тәріздес, құрамында бір басыңқы, екі немесе одан да көп бағыныңқы жай сөйлемдері бар сабақтас құрмаластар көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем кем дегенде үш жай сөйлемнен құралады. Көп бағыныңқылының тілімізде ең көп кездесетін түрі де осы үш жай сөйлемнен құралатын түрі: Оның төрт жай сөйлемнен құралатын түрі сирек кездеседі, ал төрттен артық жай сөйлемдері бар түрлері тек поэзияда ғана болмаса, кара сөзде тіпті кездеспейді деуге болады.

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрамындағы бағыныңқы компоненттердің бірі-бір түрлі мағыналық қатынасты білдірсе, екіншісі -екінші түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Сондықтан көп бағыныңқылы са­бақтас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына карай жіктеу мүмкін емес. Оны мына мысалдардан да көруге болады. Сөйтіп, бұлардың есебі біріккен кезде, көп момынның көптен жүрген арызы, мұңы тағы да бүктемеге түсіп, елеусіз, ескерусіз қалатын жайы бар. Енді оның әділет таразысы құрылып, ел арызы тыңдалатын болса, дәл осы сере түскен мырза, жуанның өздерінің көбі жауапкер, айыпкер болар еді. Бұлардыц аузы бірігіп алса, ұлық кәрі қадалса да, қағазына іліндіре алмайды. Бірақ дәл осы жолы Тәке-жан, Әзімбай қаншалық арам, есепкер болса да, сол есебі шегінен асып кетіп, кесірге өздері әдейілеп килік-кендей болды. (М. Әуезов) . Мысалдың бірінші сөйлеміндегі алдыңғы компонент өзі тіркесіп турған компонентпен мезгілдік қатынаста айтылса, екінші компонент үшінші компонентпен амалдық қатынаста айтылған. Екінші сөйлемнің бірінші компоненті екінші компонентпен амалдық қатынаста тұрса, екінші компонент үшінші компонентпен шарттылық қатынаста тұр. Кейінгі екі сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары да осылар сияқты әр түрлі болып келген.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Толымсыз сөйлем Атаулы сөйлем
Сөздердің байланысу тәсілдері
Құрмалас сөйлем түрлері
Салалас құрмалас сөйлем түрлері
Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік
Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат
Аралас құрмалас сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz