Лингвистикалық мектептер




Презентация қосу
20 Ғ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ
МЕКТЕПТЕР МЕН БАҒЫТТАР

Орындаған:Хасанова Гүлшода
Тобы:117-48
Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас
грамматистерге қарсы күресте туып, қалыптасты. XIX ғасырдың
соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кездерінен бастап Батыс
Европа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды.
Тіл білімі тұйыққа тірелді, дағдарысқа ұшырады деген үндер жиі
естіле бастайды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-
тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы
лингвистикалық мектептер пайда болады. Олардың қатарына —
«Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын
мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда
бұлардың өкілдері бірауызды болғандықтарымен, тілдің өзіндік
сипатьш, мәнін айқындауға келгенде әрқайсысының өзіндік
көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Жалпы алғанда, XX ғасыр лингвистикалық ой-пікірлер дамуының жаңа
кезеңі болды және әр түрлі бағытта дамып келеді. Әрине, бұл ғасыр
ерекше көтеріп отырған проблемалардың барлығы да бұрынғыларға
ұқсамайтын мейлінше тың туындылар деуге болмайды. Басқа да
ғылымдардағы сияқты жалғастылық желілестік тіл білімінде де бар.
Өткенді жете білмей, меңгермей, оның кұнды, прогресті жақтары мен
мәнсіз, өріссіз жақтарын жан-жақты ашпай тұрып, олардан тағылым
алмай тұрып, жаңалық аша қою бола бермейтін жәйт. Осы себептен де
XX ғасырда дүниеге келген лингвистикалық мектептердің барлығы да
өздерінің алдында өмір сүрген жас грамматикалық бағыттың
концепцияларына жан-жақты талдау жасай отырып, өз бағыт-
бағдарларын белгіледі. XX ғасыр лингвистикасы жас грамматикалық
бағытқа қарсы күресте туып, қалыптасты деудің себебі де осында.
Бұл кезеңнін, жаңалығы, тың проблемасы делініп жүргендердің
көпшілігі өткен XIX ғасырда дүниеге келген, туа бастаған ой-пікірдің
жанарған, терендей, саралана түскен түрлері. Оның солай екенін XX
ғасырда қалыптасқан лингвистикалық мектептердің еңбектерін
талдауда байқауға болады.
1.Сөздер мен заттар. Бұл —тіл білімі тарихында жас грамматикалық
бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш
көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф
Мерингердің (1859— 1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда)
«Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегіне
топтасқандықтан соның атымен аталған (журнал XX ғасырдың 40
жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі —
роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия лингвисі Гуго
Шухардт (1842—1927).
Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді
зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде
бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын
білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы
қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г. Шухардт «Заттар мен сөздер»
деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат — алғашқы, ол ешнәрсеге
тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол —
затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, сөз де жоқ,
тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау
арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар
тарихы мен сөздер тарихы жарыса қатар жүріп отырады, бұл екеуінің
тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік
қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті — соны ашу дейді.
Осы талаптарға орай бұл ағымға жататын ғалымдар (Г. Шухардт, Р.
Мерингер, В. Мейер — Любке, т. б.) сөздер тарихын сол сөздер атау
болған заттар тарихына байланыстыра отырып, ұқыптылықпен, көп
жағдайда өте шебер зерттеген.
Мектеп өкілдері тарихы зерттелетін сөз қоғамдық өмірдің қай саласына,
қай мамандыққа жатса, сөзбен бірге сол сала, сол кәсіп те
профессионалдық дәлдікпен зерттелу керек деп есептеді, өздері де
солай істеді. Мысалы, Шухардт француз тіліндегі mauvais (табу) деген
сөздің латын тіліндегі malifatius (балық ұстау) деген сөзден шыққанын
дәлелдеу үшін балық аулау процесін жан-жақты зерттеген. Сол сияқты,
Р. Мерингер ауыл шаруашылығына байланысты қолданылатын біраз
сөздер тарихын айқындау үшін бір шаруаның үй-жайы туралы үлкен
монографиялық зерттеу жазған, Крогман кұдалық—деген мағынаны
білдіретін немістің бір сөзінің тарихын түсіндірмек болып, құдалықтың
алуан түрлі салттарын жан-жақты баяндаған т. б.
Әрине, сөздер тарихын сол сөз атау болған заттар тарихына
байланыстыра қараудың тарихи лексикологияға берері көп, бірақ тіл
білімі үшін әр сөз атау болған заттарды жоғарыдағыдай зерттеу әрдайым
қажет бола бермейді. Олай істеу, көп жағдайда, лингвистерді негізгі
объектіден ауытқытып, тіл білімі үшін қажеті жоқ нәрселермен
айналыстырады.
Бұл мектеп өкілдері әсіресе Шухардт тілдік элементтер (сөздер)
мағыналарының өзгеруіне, дамуына ерекше мән береді, «тіл туралы ілім
— не мағына туралы, немесе атау туралы ілім» болу керек деп санады.
Бұлардың семантиканың мәні жөніндегі пікірлері бұл мәселенің кейінгі
дәуірде дамуына елеулі әсерін тигізді.
Г. Шухардт тіл адамдар әрекетін бейнелейтін құрал, ол адамдардың
әлеуметтік, рухани өмірлерінің бәрімен де, тарихымен де тығыз
байланысты, солардың көрсеткіші, сондықтан тілдің өткен тарихы да,
қазіргі күйі де бірден дәрежеде зерттелу керек дегенді айтты. Өз
еңбектерінде ол тілдің құрылымдық бөлшектерінің барлығын да
дыбыстық жүйесін, грамматикасы мен лексикасын да сөз етеді. Оларды
сөз еткенде жалпы тілдік, жалпы теориялық тұрғыда шешуге тырысады.
Зерттеу қорытындысы жалпы теориялық тұжырымдарға жәрдемші
болған жағдайда ғана ғылыми бола алады дейді.
Шухардт тілдерді туыстық жақындықтарына қарап жіктеудің дәлдігіне, ата
тіл болды дегенге күмән келтіреді.Генеологиялық классификация орнына
тілдерді географиялық ыңғайына қарай қарауды ұсынады. Географиялық
жағдайына, қоныс ыңғайының өзгерісіне қарай бір тіл екінші бір тілге
ауысып отырады дегенді айтады. Осыдан келеді де тілдің дамуы, ондағы
болатын өзгеріс-құбылыс тілдердің араласуынан, тоғысуынан болып
жатады. Дүние жүзіндегі тілдердің барлығы да өзара туыстас, бірақ
олардың туыстастығы бір төркіннен, ата тілден тарағандықтан емес,
араласып, тоғысқандықтан дейді. Бұл, әрине, тым бір жақты кеткендік.
Біраз мәселеде бұл мектеп өкілдері индивидуалистік психологизм
ағымындағылармен пікірлес болды. Шухардттың пікірінше, тіл — жеке
сөйлеушінің (индивидуумның) жемісі. Индивидуумның тұрмыс жағдайы,
мінез-құлқы, мәдениеті, жасы тілге әсерін тигізеді, сөйтіп, индивидуалдық
стиль, қалыптасады. Сөздер тарихы — сол сөздерді қолданушы
индивидуумдар тарихы.
Г. Шухардт өзінің «Фонетикалық заң туралы» деген мақаласында жас
грамматистердің тілде «бұлжымайтын фонетикалық заң бар» дейтін
негізгі принципіне қарсы шығады: «Бұлжымайтын фонетикалық заң»
деген жоқ, кездейсоқ фонетикалық өзгерістер бола береді, жас
грамматистердің бұл принциптері ғылымның ілгері дамуына бөгет
жасайды дейді.
Шухардттың лингвистикалық мұрасы бір тектес те, бәрі бірдей бағалы да
емес. Оның еңбектерінің ең құнды жақтарының бірі — ғылым дамуына
бөгет болатындардың бәрін де ешбір жалтақсыз батыл сынай отыра,
үздіксіз жаңалық, басқаша тың бағыт іздеуінде, ғалымдарды соған
үндеуінде. Шухардт еңбектері өз дәуіріндегі лингвистикалық ой-пікір
дәрежесін жан-жақты көрсете алады. Ол өз еңбектері арқылы тіл
білімінің жас грамматистер доктринасы шеңберінде қала алмайтынын,
тіл зерттеу ісінде жаңа, тың бағыт-бағдардың қажеттілігін дәлелдеді.
Шухардт бастап көтерген көптеген мәселелер лингвистика дамуының
кейінгі дәуірлерінде күрделі де мәнді проблемаларға айналды.
Сондайлардың бірі ретінде осы мектеп көтеріп қалыптастырған тілдердің
бір-біріне тигізетін әсері, тілдер тоғысуы, ареалдық лингвистика, тілдерді
географиялық ынғайларына қарай жіктеу мәселелері.
Көптеген кұнды пікірлермен қатар бұл ағымның қайшылықтары да
болды. Бұларда айтарлықтай тұрақты, өзіндік жүйелі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
Тіл теориясы
Билингвистикалық оқытудың методологиясы
Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері
АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқы ассамблеясы
Сурдопедагогиканың негізгі оңалту әдістері
Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшелігі
Аудармашының лингвистикалық ерекшеліктері
Пәндер