Аңыз әңгімелер - Халық ауыз әдебиетінің жанры
Презентация қосу
Аңыз.Жанрлық сипаттамасы. Тарихи
аңыздар. Топонимикалық аңыздар.
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы
шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан,
фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз
әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-
әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен
еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған
игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-
ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен,
негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі
күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-
әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.
Кейіпкерлері
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе,
Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде
суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де
ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек
ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз
алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі
мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен
сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау
арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды
мақсат тұтады.
Қазақ аңыздарының Топономикалық
түрлері аңыздар
Махаббат хикаялар
Батырлар туралы
аңыздар
Тарихи аңыздар
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы
оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен
баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты
немесе топономикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық
нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай,
Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен
байланысты аңыздар жатқызылады.
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен,
өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары
құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш
қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың
қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде
айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын
қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-
әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан
бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па,
ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен,
ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар.
Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы
кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын
тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар
болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге
айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты
аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай.
Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың
есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-
құжатпен дәлелдеу қиын.
Арыстан баб туралы аңыз
Аңыз әңгімелердің
тәрбиелік мәні мен
танымдық қырлары
1. Аңыз әңгімелер – ауыз әдебиетінің көне түрі.
2. Аңыз әңгімелерде қазақ халқының тарихы, тіршілігі, тынысы сезіледі.
3. Аңыз арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-
бабаларымыз өмір тәжірбиесінен алған тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде
бағыттайды. Бірлік, ынтымақ – игі өмірдің кепілі екенін айтады.
4. Аңыз әңгімелер жас ұрпақты асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат
бітіреді, келешекке үміттендіреді.
5. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өнер-білімге үйретеді.
6. Аңыз әңгімелер арқылы тарихи тұлғалардың өмірі мен ел ертеңі үшін қосқан
үлестерін үйренеміз.
7. Аңыз әңгімелер – даналықтың көзі болып табылады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, аңыз әңгімелердің көпшілігі – халық мүддесі, ел
тілегін қамтитын туындылар. Халық өз ішінен шыққан әр түрлі
ақылды адамдардың ел тілегінен қабысқан игі ісінің айналасында
әңгімелер туғызып, сол арқылы өз кезіндегі көпшіліктің нені аңсап,
нені көздегенін тайға таңба басқандай етіп, ұрпағын даналыққа
бағыттап отырған.
Демек, аңыз әңгімелер – даналықтың көзі болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz