Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы: мәні, ерекшеліктері және салық салынатын айналым


Slide 1

Қосылған құн салығы

Орындаған: Жанаев Аят

Қабылдаған: Пошанов Нұрсұлтан

*

Slide 2

ҚҚС мәні мен қажеттілігі

Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салмағы мен ауыртпашылығы тұтынушыларға түседі, солардың мойнына жүктеледі. Сондықтан, экономист ғалымдар бұл салықты тұтынушыларға салынатын салық деп атайды. Қосылған құнға салынатын салықтың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттасақ: біріншіден, олар тауарлардың (атқарылатын жұмыс, көрсетілген қызметтердің) бағасына заңда белгіленген ставкамен қосылғандықтан нақты салық төлеуші сатушы емес, сатып алушы болып табылады;

*

Slide 3

ҚҚС мәні мен қажеттілігі

екіншіден, тауарды өндірушіден (жұмыс атқарушы, қызмет көрсетуші) қосылған құнға салынатын салық сомасы қосылған тауарды сатып алушы (сатушы) сол тауарды алу кезіндегі шығындарына салық сомасын қосып қайтадан сатқандықтан тауарлардың бағасының күрт өсу тенденциясы байқалады; үшіншіден, тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) бағасы мен тарифіне қосылғандықтан және бұл салықтан жалтару қиын болғандықтан мемлекеттік бюджетке айтарлықтай мөлшерде мол түсім түсіреді, яғни экономикалық дағдарыс пен өндірістердің құлдырауы кезеңінде бұл салықтың маңызы артады. Сондықтан, қосылған құнға салынатын салық кеңінен тараған жанама салық түріне жатады.

*

Slide 4

*

Қосылған құн салығы

ҚҚС тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды бiлдiредi.

Slide 5

*

Қосылған құн салығы

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Slide 6

*

Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған

мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

Дара кәсіпкер

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент- заңды тұлғалар;

Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге

асырылатын резидент еместер;

Сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару

туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару

шарттарыбойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу

бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар.

ҚҚС төлеушілері

ҚҚС объектілері

Салық салынатын айналым

Салық салынатын импорт

Slide 7

*

Тауарларды өткізу бойынша айналым:

1. Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

тауарды сатуды;

кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;

тауар экспортын;

тауарды өтеусіз беруді;

жұмыс берушінің тауарды қызметкерге жалақы есебінен беруін;

2. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шартымен тиеп жөнелту;

3. Мүлікті қаржы лизінгіне беру;

4. Тауарды комиссия шарты бойынша тиеп жөнелту;

5. Кепіл берушінің кепілге берілген мүлікті (тауарды) борыштың төленбеуі жағдайында беруін;

6. Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

Slide 8

*

Мыналар өткізу бойынша айналым болып табылмайды:

1. Мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

2. Жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүлікті қайтару;

3. Бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы

заңда белгіленген АЕҚтің 2 еселенген мөлшерінен аспайтын тауарды жарнамалық

мақсатта өтеусізберу не сыйлау;

4. Тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы,

қайта өңдеуі, құрастыруы, жөндеуі.

5. Қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту:

Slide 9

*

11. Концессия объектісін концедентке беру;

10. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық

емес активтерін және өзге де мүлкін оның құқықтық мирасқорына беруі;

9. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

8. ҚР-на беруге жататын мүлікті жер қойнауын пайдаланушының ҚР-ның

меншігіне беруі;

7. Қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт

шараларын өткізу үшін ҚР-ның тысқарыжерлерге әкету;

6. Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде

қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару

Slide 10

*

12. Егер ж/т-ның жеке мүлікті кәсіпкерлік қызметмақсатында пайдалыналмаса,

осы тұлғаның осындай мүлікті өткізу бойынша айналым;

15. Сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушыға беруі

өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

14. Сенімгерлікпен басқару туындауының негізі болып табылатын құжаттың

қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті қайтаруы;

13. Пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі;

Slide 11

Салық салынатын айналым

Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

1) қосылған құн салығынан босатылған;

2) өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

*


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы: тұжырымдама, төлеушілер, салық салу объектілері және есепке қою тәртібі
Қазақстан Республикасындағы ҚҚС субъекттері, салық салынатын айналым, импорт және ставкалар
Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын есептеу: ұғымы мен әдістері
Қосылған құн салығы: бюджетпен есеп айырысу және есепке қою талаптары
Корпоративтік табыс салығы: салық салынатын табыс, шегерімдер және төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасындағы акциз салығы: анықтамасы, салық салу объектілері және ставкалары
Салық және салық салу: теориялық негіздер мен Қазақстан Республикасындағы тәжірибелік аспектілер
Салық түсінігі және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін реформалау кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі: тарихы, функциялары және түрлері
Қазақстан Республикасындағы салық түрлері мен олардың негізгі сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz