Мария Монтессори өсиеттері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы 2021
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
“МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА” КАФЕДРАСЫ
«6В01201 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы»
Тақырыбы: Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
Орындаған:Темірханова Қызғалдақ

Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияның Кьяравалле қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Алессандро Монтессори қаржы министрлігінің шенеулігі болған және жергілікті темекі фабрикасында жұмыс істеген. Оның анасы Ренил Стоппани сол кезде жақсы білімді болған және атақты геолог және палеонтолог Антонио Стоппанидің немере жиені болған. Мария анасы мен әкесіне өте жақын болды, бірақ әкесі қызының білім алу туралы шешімімен келіспеген

Марияның әкесін қызметіне байланысты 1873 жылы Флоренцияға, ал 1875 жылы Римге ауыстырды және ол отбасымен бірге көшіп келді. Мария 1876 жылы Римдегі мемлекеттік бастауыш мектепке оқуға түсті. Оның алғашқы мектеп жылдары «ерекше» болмады, дегенмен ол 1-сыныпта жақсы мінез құлқы үшін грамотамен марапатталды, ал келесі оқу жылында “үй шаруашылығындағы жетістіктері үшін" марапатталады.

Мария Монтессоридің еркін тәрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин Николаевич Вентцель (1857 - 1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың бірі болып бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады.
Монтессори өзінің еркіндік түсінігін баланың үлкендердің еркіне тәуелді болмау деп түсіндірді. Бұл дегеніміз баланың үлкендердің минималды көмегі арқылы өзіне қызмет етуі, жаңаны игере білуі, маңызды шешімді өзі қабылдауы мен баланың даралық құқығын қорғау болып табылады

Тәртіп пен еркіндіктің үйлесімі арқылы
• қарапайым ережелерді сақтап тәртіпке үйренеді
• дербестікке үйренеді
• жан - жақты, ықыласты болады
• саналы таңдау жасауға үйренеді
• бақылағыштыққа үйренеді
• өзін және басқа адамдарды қадірлеуді үйренеді
• тұлға ретінде өзін - өзі қалыптастырады
• сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі
• келісім жасасып, бірге әрекеттенуге үйренеді
• жауапкершілікті сезінуді үйренеді

• еркін жүріп тұрады
• қолданған затын ескертусіз жинап орнына қояды
• қажет кезде тәрбиешіден көмек сұрау
• үлкен балалар жаңа келген балаларды үйретеді
• жіберген қателіктерін тауып оларды түзетеді
• бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізу
• басқа балаларға бөгет болмау
• тыныштықты сақтайды
Топта сақталатын ережелер

- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори әдісінің мақсаты:

Монтессори 5 аймақтан тұрады:
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
2. Сенсорика аймағы.
3. Математика аймағы.
4. Тіл аймағы7
5. Ғарыш аймағы.

1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:
Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім - кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне - өзі қызмет етуге үйретеді.


2. Сенсорика аймағы
:
Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді - осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т. б) 0
Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы т. б) . Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер)
. Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т. б) .
Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т. б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.


3. Математика аймағы:
Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды.
Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді.
Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.


4. Тіл аймағы:
Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т. б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай - ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.

5. Ғарыш аймағы
:
Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.
Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори - материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.

Монтессори сатылары:
1. Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.
2. I-cаты - білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.

3. II-cаты - практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz