Қаздар тұқымдасы


Slide 1

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Құстар және оның систематикасы

2. 2. Қаздар тұқымдасы

2. 3. Үйректер тұқымдасы

2. 4. Қарлығаштар тұқымдасы

2. 5. Қараторғайлар тұқымдасы

IІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар

Slide 2

Құстар - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:

алғашқы құстар - археоптерикс;

тісті құстар;

қырсыз жалпақ төстілер - түйеқұстар, киви, пингвиндер;

қырлы төсті құстар.

Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар) . Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Slide 3 Slide 4

Ішкі органдарының орналасуы

Қан айналымы

Slide 5

Құстардың систематикасы

Slide 6 Slide 7

Қазтәрізділер отряды - Аnseriformes

Торғайтәрізділер отряды - Раsseriformes

Slide 8

Қаздар

Қаздар (лат. Anserinae) - Қазтәрізділер отрядына жататын құстардың тұқымдас тармағының бірі. Қаздардың мойын омыртқасының саны 21-ден аспайды. Жыныстық диморфизм қаздарда болмайды. Олар әсіресе тундрада көп болады. Қаздар көбінесе құрғаққа ұялап, құрғақта оттайды, су оларға сусындау, түлеу және кейде демалу үшін ғана керек болады. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды.

Slide 9

Қаздардың барлық түрлері 6-12 жұмыртқа салады да, балапандарын 25-28 күн басып шығарады, олар бір тәуліктен соң енесіне ере бастайды. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы.

Slide 10

Қаздардың түрлері

Қаздардың түрлері Олардың барлық түрлері 40-тан асады, ал біздегі түрлері - 11. Бұлардың ішіндегі көп кездесетіні: - сұр қаз. Сонымен қатар бір жерде болып, бір жерде болмайтын түрлері: құртұмсық қаз, сұрала қаз, қазанқақтар (казаркалар) . Қаздардың жиі кездесетін түрлері:Сұрала қаз (Anser fabalis) - Америкада болады; бұған сұрала қаз, шолақтұмсық қаздар жатады.

Slide 11

Австралия қазы (Cereopsinae) - денесінің ұзындығы 90 см, қанаты - 55 см ірі құс, Австралияда (Тасманияда, Австралияның оңтүстігінде, Викторияда) тіршілік етеді; балапанын 30 күн басып шығарады. Австралия қазы тек шөппен қоректенеді.

Тепкішекті қаздар (Ріесtopterinae) - көбінесе Африка мен Мадагаскарда кездеседі, бұлардың түрлері -16. Басқа жерге көндікпейді, қолға үйренгенімен көбейе алмайды. Ақ қаз (Chen hyperboreus) - денесінің ұзындығы 86 см, қанаттары - 160 см. Ересектерінің түсі - ақ, жастарынікі - шұбар болады; кездесетін жерлері - Американың солтүстік-батысы мен шығысы; бұрынғы КСРО-да - Чаун түбегінен бастап Беринг бұғазына дейінгі жерлер.

Slide 12

Ақ қаз көктемде өсімдік тамырымен, жазда шөппен, ал күзде тундрадағы өсетін түрліше жидектермен коректенеді; сонымен қатар тұщы сулар мен теңіздегі түрліше майда жәндіктерді жейді. Қолға тез үйренеді. Нил қазы (Chenalopex aegypticus) - көбінесе Африканың, кейде Еуропаның оңтүстігінде тіршілік етеді; Тауық қаз (Cereopsis novaehollandiae) - денесінің ұзындығы 90 см, қанаты - 55 см, еті дәмді;

Сұрала қаз (Anser anser) - бұл осы кездегі асыранды қаздардың ататегі. Мұның арқа жағы сұр-қоңырқай, ал бауыры сарғыш-сұр түсте болады. Денесінің ұзындығы 98 см, екі қанаты-170 см. Сұрала қаз құрлықта қоректеніп, сонда тіршілік етеді деуге болады. Олар өсімдіктердің бүршіктерін, жапырақтарын, тұқымдарын жейді, Сұрала қаздың жастары 5-6, ал егделері 14-ке дейін жұмыртқа тауып, балапанын 28 күн басып шығарады. Жастарының еті өте дәмді, мамығы асыранды қаздікінен де құнды болады.

Slide 13

Үйректер

Үйрек, үй үйректері (Anas platyrhynchos var. domestіca) - қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар. Шамамен біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын Еуразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада жабайы барылдауық үйректі қолға үйрету арқылы шығарылған.

Slide 14

Үйректердің ең көп тараған түрлері: бейжің (пекин) үйрегі, мәскеудің ақ үйрегі, мускусты үйрек, үндінің жүйрік үйрегі, т. б. Пекин үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді.

Slide 15

Аналығының салмағы 3, 0 кг, аталығы 3, 5 кг, 9 апталық балапанының салмағы 2, 5 кг тартады. Жасы 6 - 8 айға жеткенде жұмыртқалай бастап, 7 - 8 айдың ішінде 80 -120 жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75%. Мәскеудің ақ үйрегі сырт тұлғасы жағынан пекин үйрегіне ұқсайды. Ол тез жетіледі, өте бейімделгіш, жұмыртқасы 90 г, жылына 100-ге дейін (екі жыл бойы) жұмыртқа табады.

Slide 16

Балапан шығымы жоғары. Мускусты үйректердің кеудесі кең денесі ұзын, жақсы ұшады; қауырсыны қара, қара ала түсті болып келеді. Аналығының салмағы 2, 5 - 3 кг, аталығы 4, 5 - 5 кг, жақсы семірген кезде 6 - 7 кг, бауырының өзі 350 - 550 граммға жетеді. 6 - 9 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 60 - 120-ға дейін жұмыртқа табады.

Slide 17

Қарлығаш тұқымдасы

Қарлығаш тұқымдасы(hirudinidae) - торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бір ерекшелігі - жемін ұшып жүріп ұстайды, сулы да ұшып жүріп ішеді.

Slide 18

Қанаты ұзын, жіңішке, құйрығы екі айыр. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктикадан басқа жердің бәрінде мекендейтін 80, ТМД елдер аймағында 9, оның ішінде Қазақстанда 4 туысқа жататын 5 түрі кездеседі. ТМД-да ұя басатын қарлығаштардың бәрі жыл құсы, Африка мен Оңтүстік Азияға қайтады.

Slide 19

Жылына бір рет қыста түлейді. Екніші жылы ұрпақ береді. Екі-екіден, кейде таптанып шыңға, тікжарға, құрылыстарға, кейде ағашқа жапсыра топырақ пен саздысілекеймен араластырып ұя салады, ішіне майда шөп, қауырсын, мамық төсейді. Кейбір түрлері тік жарларға ін қазады.

Slide 20

Ұяны тостаған тәрізді, жоғарғы жағын ашық етіп те, қап, дорба тәрізді кіріп - шығатын тесік қалдырып та жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. 2 - 8, көбіне 4 - 6 жұмыртқа басып, жылына 1 - 2 рет балапан шығарады. Зиянды жәндіктерді, әсіресе шыбында өте көп жеп үлкен пайда келтіреді, сондықтан оны қорғау алынған.

Slide 21

Қараторғай тұқымдастар(Sturnidae) - сайрағыш торғайлар отряд тармағының торғайтәріздестер отрядына жататын 73 тұқымдастардың біреуі. Олардың атамекені - Африка және тропиктік Азия. Еуропаның Қоңыржай ендігінде бірнеше түрлер ғана кездесед. Бұлар - өте ширақ және қауымдасып өмір сүретін құрлықтық-ағашшыл құстар. Дене мөлшері торғайлардан шауқарға дейінгі шамада(50-150 г) . Олар ашық табиғи көріністерде - дала және шөлден тауларға дейін қоныстанады. Сондай-ақ орманды дала және игерілген аудандарда, мәдени көріністі ортада орнығуды ұнатады. Тек қана тұтасқан қалың тоғайларда(мысалы, тайга типтес) бұл тұқымдасқа жататын құстардың өкілдері өмір сүрмейді.

Қараторғай тұқымдастар

Slide 22

Көптеген түрлер қопсыған ұяларын сан алуан қуыстарға - жерден қазылған інде, тас аралықтарына, құрылыс шатырларына, т. б. орналастырып, топтасып өмір сүреді. Қолдан жасалған ұялау орындарына ынталына орналасады.

Жұмыртқалары безендірілмеген, алайда қабығының түсі көгілдір(көбінесе), жасылдау немесе қызғылтсары болып келеді.

Аталықтары жақсы сайрайды, оның үстіне тұқымдастардың көптеген өкілдері бөгде дыбыстарға еліктей алады немесе құйқылжытады.

Араластырып қоректенеді. Жаздың алғашқы жартысында негізінде бунақденелілерді жейді, балапандарын да солармен қоректендіреді, ал күзге таяу, жидекредің пісуіне қарай, солармен қоректенуге ауысады. Сол кезде қараторғай текті құстар ауыл шаруашылығына төтенше пайда келтіреді(мысалы алаторғай - шегіркелерді жоятын құстардың ішіндегі ең жақсы құс), бір кездерде нағыз зиянкестер болып шығады.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
ОКСИУРАТОЗДАР ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Асыл тұқымды құстар
Қос жарнақтылар класы
Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Гүл формуласы
Гүлінің формуласы
Жабықтұқымды өсімдіктер
Жаңғақ тұқымдасы. Бұршақ тұқымдасы. Раушан гүлділер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz