Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
Министрлігі әл-Фараби атындпғы қазақ
ұлттық университеті «География және
табиғатты пайдалану факультеті»

Құрылыс алаңындағы
геодезиялық жұмыстар
Орындаған: Ибаділда А. Б.
Тексерген: Жалгасбеков Е. Ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Құрылыс алаңы және геодезия
Құрылыстағы топографиялық түсірістің маңыздылығы
Топографиялық түсіріс туралы жалпы ақпарат
Топографиялық түсіріс түрлері
Топографиялық түсірістерлің жаңа технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құрылыс объектісіндегі геодезиялық жұмыстарға жалпы өлшеулер,
жергілікті жердегі құрылыс жұмыстарының дәлдігін қамтамасыз ету және
олардың құрылысын толыққанды геометриялық параметрлерге сай жасау,
сонымен қатар нормативтік құжаттарға сәйкес болуы жатады Құрылыс
объектісінде жасалатын негізгі геодезиялық жұмыстардың бірі топографиялық
түсіріс орындау. Топография — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде
жоспарға және ірімасштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі
бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу,
мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады.
Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады. Топография жер бетін
зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық
түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен
картографияғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының
толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты
болады.
Құрылыс алаңы және геодезия
Жалпы геодезия туралы не білеміз? Барлығымызға мәлім геодезия жер беті және оны
зерттеу туралы ғылым. Геодезия жер бетінің, сонымен қатар аудандар мен аймақтардың
формасын және өлшемін зерттейтін сала. Кез келген құрылыс объектісін жасауда
геодезия маңызды рольге ие. Бастапқы құрылыс жұмыстарында инженерлік-
геодезиялық ізденіс жұмыстарының маңызы зор болып табылады. Инженерлік-
геодезиялық ізденіс жұмыстарына құрылыс объектісінің орнын анықтау, жер асты
суларының деңгейі, топырақ құнарлығы, құрылыс объектісіне керекті материалдардың
көлемі сияқты жұмыстар кіреді. Геодезиялық жұмыстарды ізденіс жұмыстарымен
айналысатын білікті мамандар орындайды. Құрылыс объектісіндегі негізгі геодезиялық
жұмыстар ГОСТ22268, ГОСТ24846 және СНиП 3.01.03-84 негіздеріне сай жасалуы
керек.
Құрылыс объектісіндегі геодезия-бұл зерттеліп отырған объектінің нақты өлшемі,
осы негіздерге сүйеніп жасалған сызбалар және оларды іс жүзінде қолдану сияқты
жұмыстардың жиынтығы. Бұл жұмыстар жиынтығы дәл және жоспарланған
құрылыс алыңының ішкі және сыртқы элементтерімен қоса, осы берілген жобаның
нормативтік базасына сәйкес барлық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Геодезиялық жұмыстар құрылыстың басынан аяғына дейін маңызды
болып табылады.
Геодезиялық жұмыстармен айналысатын мекемелердің негізгі
міндеттеріне:
Құрылыс алаңын таңдау
Құрылысқа дайындық жұмыстар (инженерлік құрылыс есебі, жер үсті және
жер асты коммуникация тұрғызу планын дайындау).
Құрылысты жобалау(құрылыс жұмыстары үшін топографиялық және
геодезиялық зерттеулер жасау, құрылыс жобасының кейбір параметрлеріне
өзгрістер енгізу).
Әртүрлі деңгейдегі құрылыс жұмыстарына бақылау жасау(құрылыс
элементтерінің нақты геометриялық параметрлерін сақтау, осы элементтердің
керекті мөлшерін бақылау).
Жоба барысындағы жұмыстар(орындаушылық жұмыстар, геометриялық
бақылаулар, жобаны тапсыруға құжаттар даярлау).
Құрылыс біткеннен соң атқарылатын міндеттер, яғни негізгі бас жобаны
даярлау және керекті түсіріс қағаздары.
Геодезиядағы топографиялық түсірістің
маңыздылығы
Топографиялық түсірістер геодезиялық жұмыстар барысында толыққанды
карталар мен пландар жасауда кеңінен қолданылады. Топографиялық
түсірістер негізінде алынған мәліметтер ең қиын деген инженерлік жобаларды
жүзеге асыруға , құрылыс жұмыстарын жасау үшін рұқсат алуға, құрылыстың
әр түрлі жобаларына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Топографиялық түсірістер төменде көрсетілген жұмыстарға байланысты
нақты және өзекті деректер береді:
Жергілікті жердің рельефін зерттеу туралы
Жер үсті және жер асты коммуникациялары
Зерттеліп отырған ғимараттар мен құрылыс алаңында орналасқан аумаққа
Әр түрлі жасыл-жабындыларға байланысты.
Тапсырыс беруші үшін жұмыс сапасымен қатар маңызды жағдайлардың
бірі атқарылатын жұмыстың құны. Топографиялық түсірістің құны бірнеше
жағдайларға байланысты анықталады. Мысалы:
Жұмыс жүргізілетін аумақтың түрі мен орналасқан орны
- Рельефтің орналасуы - Атқарылған жұмыстың көлемі
- Топографиялық карталардың саны.
Құрылыс алаңының дұрыс таңдалуы жұмыс сапасына ықпал етеді.
Құрылыс алаңы таңдалып алынған соң геодезиялық жұмыстарды атқаратын
ұжым құрылыс алаңына қажетті материалдарды жинақтайды, геодезиялық
пункттердің және нивелирлік желілердің реперлер саны мен жағдайын
анықтайды. Құрылысты жобалау кезеңінде топографиялық-геодезиялық
ізденіс жұмыстары және ізденіс жұмыстарының басқа түрлері атқарылады.
Құрылыстың дайындық кезеңінде негізгі және басты остерді шығару
жүмыстары жасалады. Жалпы құрылыс барысында құрылыс элементтерінің
остерін шығару, құрылыстық-монтаждық жобаны геометриялық
қамтамасыздандыру, аяқталған құрылысқа орындаушылық түсіріс орындау
және жобаны өткізуге құжаттар дайындау жұмыстары атқарылады.
Топографиялық түсіріс туралы жалпы
ақпарат
Топография — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға
және ірімасштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу
әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық,
тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде
фотограмметрия қолданылады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал
жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия
мен картографияғылымдарына сүйенеді.
Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның
немесе картаның масштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау
және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық
тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше
көбірек қамту көзделеді.
Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі
де маңызды рөл атқарады.
Топогеодезиялық құжаттарда (карта, план, профиль) міндетті түрде
сандық, атаулық және сызбалық масштабтарда көрсетіледі.
Сандық масштаб – алымы 1 санына тең тұрпайы бөлшек 1:М.
Атаулық масштаб – сандық масштабқа қатысты 1см кесінді ұзындығына
жер беінде неше метр салынды ұзындық сәйкес келетіндігінің есебі.
Сызбалық масштаб – бұл сандық пен атаулық масштабтардың
ұштастырылған түрі. Ол бойлық немесе көлденең бейнелі болып келеді.
Масштаб бойынша есеп (тура және кері есептер) шығару оның атаулануынан
басталады. Сондықтанда атаулау іс-әрекетіне өте зерек болу керек.
Топокарталар мен пландар үшін жалпы қабылданған сандық және атаулық
масштабтар мынандай(1-кесте).
Сандық масштабтар Атаулық масштабтар
Топокарталар үшін
1:1000000 1 см – 10000 м немесе 1 мм – 1000 м

1:500000 1 см – 5000 м немесе 1 мм – 500 м

1:200000 1 см – 2000 м немесе 1 мм – 200 м

1:100000 1 см – 1000 м немесе 1 мм – 100 м

1:50000 1 см – 500 м немесе 1 мм – 50 м

1:25000 1 см – 250 м немесе 1 мм – 25 м

Топопландар үшін
1:10000 1 см – 100 м немесе 1 мм – 10 м

1:5000 1 см – 50 м немесе 1 мм – 5 м

1:2000 1 см – 20 м немесе 1 мм – 2 м

1:1000 1 см – 10 м немесе 1 мм – 1 м

1:500 1 см – 5 м немесе 1 мм – 0,5 м

1- кесте
Топокарта бетінде кескінделетін километірлік тордың жиілігі
масштабтылыққа байланысты былай жазылады(2-кесте).

Масштабтар Карта бетінде, см Жер бетінде, км

1:1000000 Километірлік тор құрылмайды

1:500000
--
1:200000 5 10

1:100000 2 2

1:50000 2 1

1:25000 4 1

1:10000 10 1

2 Кесте-Масштабтылыққа байланысты километірлік тордың жиілігі.
Топографиялық түсіріс - жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін
шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін
далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді
проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады. Мемлекеттік
геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері Топографиялық түсірістің
пландық және биіктік негізі болады. Топографиялық түсіріске қамтылатын шаралар:
түсіру торабын құру; аэрофотосуреттерді далалық дайындау және оларды анықтау ісін
жүргізу; геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі
заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке түсіру
масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті жердің бедерін
горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың
және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір
нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс жылдамдығын және терендігін,
көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін, батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті
ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау. Топографиялық түсіріс нәтижелерінің
планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын топографиялық карталарды жасаудың
түпнұсқасы немесе ұсақ масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады.
Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер
инженерлік геодезия саласына жатады.
Топографиялық түсіріс түрлері
Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық және фототеодолиттік түрлерге
бөлінеді.
Аэрофототопографиялық түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы
фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Аэрофототопографиялық
түсіру — аспаптар көмегімен жергілікті жерді аэрофотоға түсіру — топографиялық
түсірудің негізгі түрі. Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе аралас
әдіс бойынша анықталады. Стереотопографиялық әдісті жергілікті жердің барлық
элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады; аралас әдісте картаның
контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру әдістері арқылы
құрылады. Аэрофототопографиялық түсіру 1:10 000 — 1: 100 000 масштабтағы
топографиялық карталар жасау кезінде қолданылады.
Мензулалық түсіріс кішікене бөлшекте мензула мен кипрегельдің көмегімен орындалады
және тікелей далада топографиялық планды түсірүге мүмкіндік береді. Түсірісті жасау
жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға
бағытталған. Нүктелерге дейінгі ара қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал
бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара
қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен
өлшейді.
Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнектілігі болып табылады, себебі
түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік 15 туады, ал
кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және жауын-шашынды
күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз үлкендігі,
істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана
бір орындаушы жасайды. Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап
етіледі. Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне
байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Инженерлік
құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және теодолиттік түсірістер инженерлік
геодезия саласына жатады.
Фототеодолиттік түсіріс - жер бетіндегі нүктелерден алынған фотосуреттердің
стереоскопиялык жұптары бойынша топографиялық карталарды жасау әдісінің бір түрі.
Фотокамера мен теодолиттің бір аспапқа құрылымдық біріктірілуі болатын фототеодолит
немесе фотокамера және теодолиттен тұратын аспаптар жинағымен жасалады.
Фотокамерамен жергілікті жер суретке түсіріледі, ал теодолитпен суретке түсіру
нүктелерінің координаталарын есептеу үшін және фотограмметриялық аспаптарда
суреттерді бағдарлау үшін қажетті геодезиялық өлшеулер жүргізіледі. Суретке түсіру
базисі түсірілетін жергілікті жердің жақын планына дейінгі қашықтықтың төрттен
бірінен аспауы тиіс және алыс планның кашықтығының жиырмадан бірінен кем
болмайтындай етіп таңдалады. Топографиялық карталар фотограмметриялық аспаптарда
камералық жағдайда жасалады, олардың негізгісі стереокомпаратор болады.
Фототеодолиттік түсіріс әр түрлі инженерлік іздестірулерде қолданылады.
Картографиялау мақсатында таулы аймақтарда ғана аэрофототопографиялық түсіріспен
бірге қолданылады.
Топографиялық карталар фотограмметриялық аспаптарда камералық жағдайда
жасалады, олардың негізгісі стереокомпаратор болады. Фототеодолиттік
түсіріс әр түрлі инженерлік іздестірулерде қолданылады. Картографиялау
мақсатында таулы аймақтарда ғана аэрофототопографиялық түсіріспен бірге
қолданылады.
Инженерлік геодезия жұмыстарын ұйымдастыру және топографиялық
түсірістерді өңдеу кезінде өлшеуде кететін қателіктер біркелкі болуы керек.
Сондықтан өлшеу қателерінің әсерін бәсеңдету үшін және ол қателердің
түсіретін территорияның бір бөлігіне шоғырланбауын бәсеңдету үшін өлшеу
жұмыстарын жалпыдан жекеге қарай жүргізу керек. Бұл түсіріс жұмыстарын
ұйымдастырудың бірінші принципі. Осы принципке байланысты алдымен
түсірілетін территорияда негізгі тірек нүктелер тобын іріктеп белгілейді,
олардың орнын анықтайды, содан кейін ғана жекелей ситуацияларды түсіреді.
Түсіру нәтижелері сенімді болу үшін кез-келген өлшеу жұмыстары
бақылаумен орындалуы керек. Сондықтан геодезиялық жұмыстың жоғары
сапалы болуы келесі принциппен негізделінеді: кез-келген өлшеуді тексермей
бір адым жылжымау керек.
Топографиялық түсірулердің жаңа
технологиясы
Түсіру жұмыстарын жүргізудің қазіргі заманғы әдістерінің бірі -жер серіктік әдіс.
Жер серіктік бақылау деректері бойынша жергілікті жерге, тәулік мерзіміне және
ауа-райына тәуелсіз нүктелердің орнын (координатталарын) жоғары дәлдікпен
анықтауға мүмкіндік береді. Сандық топографиялық түсірулерді қолдану, ГАЖ пен
САПР-да алынған деректердің берілуін жеңілдетеді. Ал геометриялық және
атрибутивтік (анықтауыштық) ақпараттарды тікелей далада тіркеуге мүмкіндік
беретін технологиялардың сандық-картографиялық негіздерін (СКН) жасауда
ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде сандық топографиялық түсірудің жаңа технологиясы
табысты қолданылуда. Ол электрондық тахеометрлер мен нақты уақыттағы жер
серіктік геодезиялық жүйелерді пайдаланып, кеңістіктік ақпараттарды жинауға және
теңестіру кезеңіне тоқтамай, деректер базасы байланысқан сандық жоспарды тікелей
далада алуға негізделген. Далада нақты уақыт ауқымында жер серіктік әдістер
арқылы (Real Time Kinematic, RTK)м 2х3 см дәлдікпен,пикеттердің пландық және
биіктік координаттары анықталады. Топографиялық түсірістерді орындауға арналган
аспаптардың бірі GPS Leica Viva GS 18 аспабы. Бұл аспап ең қиын деген жерлердің
үш өлшемді моделін жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаға ие
2 Сурет-GPS Leica Viva GS 18 аспабы

GPS -жер айналасындағы орбита бойынша орын ауыстыратын 24 спутниктен
тұратын жүйе. GPS аспабының жадында осы жер серіктіктердің барлығы туралы ақпарат
бар. Осындай кестеге байланысты олардың әрқайсысына дейінгі арақашықтықты
анықтай алады.
Жер серіктік әдістер -тиімсіз үлескілерді түсіру үшін электрондық тахеометр
қолданылады. Жер серіктік қабылдағыш пен электрондық тахеометр арқылы жергілікті
жер туралы деректерді жинау кезінде автоматты есептеуіш координаталардан басқа,
контроллерге (ақпарат жинауыш) пикет сипаттамалары (пикет қатысты нысан нөмірі,
коды, оның басқа пикеттермен қосылу реті туралы мәліметтер,т.б.) қолдан енгізіледі.
Түсіру нәтижелерін компьютер жадына тасымалдаған соң автоматты түрде
топографиялық план көрінісі, онымен байланысты деректер базасының құрастырылуы
шығарылады. Ал қажет жағдайда атқарушы (орындаушы) осы деректерді толықтырып
немесе түзетіп, оларды САПР немесе соңғы пайдаланушы ГАЖ-нда пайдалана алады.
Өлшеу деректерінің компьютерге енгізуді, алынған сандық
картографиялық негіздерді өңдеуді,әрі редакциялауды тікелей далада жүзеге
асыруға болады. Бұл түсіру нәтижелерінің дәлдігін арттырады.
Түсіруге арналған далалық жер серіктік жабдық тіреуіш (базалық)
станция жиынтығымен RTK режімін қолдайтын ең аз дегенде бір жылжымалы
жиынтықтан тұрады. Базалық жиынтық -жер серіктік антеннадан, қабылдағыш
пен антеннасы бар таратушы радиомодемнен тұрады. Навигациялық
ГЛОНАСС немесе НАВСТАР жүйе жер серіктеріне сигнал қабылдайтын жер
серіктік координаталары белгілі нүкте үстіндегі кәдімгі штативке орнатылады.
Бұл -геодезиялық пункт немесе координаталары жоғары дәлдікті статикалық
жерсеріктік бақылаудан анықталған еркін орналасқан нүкте (жер серіктік желі
нүктесі) болуы мүмкін.
Жерсеріктік қабылдағыш антенна қабылдаған сигналды
өңдеп, деректерге түзетулер жасайды. Таратушы радиомодем
осы түзетулерді, эфирге таңдап алынған жиілікті
радиоканалда таратады. Радиомодемнің әрекет ету радиусі
көптеген факторларға: оның сипаттамасына, жергілікті жер
бедеріне, салынған құрылыс немесе орманды жер дәрежесіне,
радиоэфирдің шуылдау деңгейіне байланысты.
Осы факторлардың тиімді арақатынасы кезінде түзетулер 15 км және одан да көп
арақашықтыққа берілуі мүмкін. Түзетулерді үлкен арақашықтыққа беру немесе күрделі
жағдайда жұмыс істеу кезінде радиомодем автономиялы жұмыс істеп, радиосигналдың
ретрансляторы қызметін атқарады. Станция жиынтығының құрамына жер серіктік
антенна биіктігін өлшеуге арналған штанга, жалғастырып тұратын кабельдер, деректерді
компьютерге тасымалдауға арналған кабельдер, қосымша аккумуляторлар кіреді.
Жылжымалы (түсіріс) жиынтығы арнайы рюкзакқа салынады,ол жер серіктік антенна,
қабылдағыш, қабылдаушы радиомодемнен тұрады; ол көп функциялы контроллер-
жинаушымен басқарылады. Жер серіктік антенна деңгейі дөңгелек қадаға бекітіліп,
түсірілетін нүктеге ретімен орнатылады.
Қабылдағыш базалық станциядан радиоканал бойынша қабылданған деректерді
пайдаланып, нүктелердің орнын есептейді. Қада тұрған орындағы нүктелердің
координаталары іс жүзінде тез анықталады (2-10с) да, оны орындаушы контроллерде
атрибутивті деректермен бірге сақтайды. Жылжымалы жиынтыққа -қосымша
аккумуляторлар, жалғастырылатын кабельдер мен деректерді тасымалдауға арналған
кабельдер кіреді. Жылжымалы жиынтықтың жер серіктік қабылдағышы бір немесе екі
жиілікті болуы мүмкін. Екі жиілікті қабылдағышты пайдалану -нүкте координатталарын
едәуір, дәлірек, сол уақыт аралығында алуға мүмкіндік береді. Ол сандық-
топографиялық түсіруде ерекше маңызды. Сонымен қатар, шуылдауды басатын
технологиясы бар қабылдағышты пайдаланған жөн. Бұл сигнал қабылдауды үзбей аласа
ағаштардың тоғайы арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
Топографиялық түсірісте атқарылатын шаралар: түсіру торабын құру;
геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі
заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке
түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен және толықтығымен салу; жергілікті
жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің, өзендердің,
көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін
жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс
жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін,
батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер
Нурпеисова М.Б. и др. Геодезические измерения и обработка их результатов
Неумывакин Ю.К. Практикум по геодезии.
Федоров В.И., Титов А.И., Холдобаев В.А. Практикум по инженерной геодезии
и аэрогеодезии.
https://kk.atomiyme.com/%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB
%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B-
%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D1%8F
%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B
%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80/
Назарларыңызға рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Құрылыс құралымдарын монтаждау ерекшеліктері
Құрылыс торы
Құрылыстық тор
Ғимараттың жобасын дайындау
ЭЛЕКТРОНДЫ НИВЕЛИР
Құрылыс алаңдардағы геодезиялық торлар
Геодезиялық бөлу жұмыстарының негізгі элементтері мен этаптары
Бөлу жұмыстарының түсінігі
Credo бағдарламалық жүйелері, мүмкіншіліктері
Тік тегістеу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Пәндер