Әмбебап мұғалім



Жаңа тенденциядағы мұғалім тұлғасы
Әлібек Аяулым
Ппк 19-01

«Жаңа формация педагогы - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»
Н. Назарбаев.

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?
Жаңа формация мұғалімі:
1. Мұғалім білім берудің жаңа құндылықтарына бағытталған, жаңа мектептердің тұжырымдамаларын, тәрбие мен білім берудің балама жүйелерін біледі; білім мазмұнын құрудың жаңа әдістерін айта алады.
2. Дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі.
3. Оқытуды біріктіру және саралаудың тұжырымдамалық әдістері мен прициптерін, маңыздылығын біледі.
4. Жастық және педагогикалық психология бойынша базалық білімі бар: әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың, ұжымның психологиялық заңдылықтарын және оларды диагностикалауды; педагогикалық өзара әдістер мен тәсілдерді, өздік талдауды ұйымдастыру принциптерін игерген.
5. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-катынас қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие.
6. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады.

ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек.
Тәуекелшіл
Психолог
Білікті педагог
Көшбасшы
Заманауи технологияны игреу
Рухани бай болу керек
Әмбебап мұғалім
Интеллигент

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани - шығармашылық тұрғыдан дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей байланысты. Бұл мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. Сондықтан бұл жерде даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген.

Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:
мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
қайшылықты практикалық іс - әркетте көрсете білуі;
бір сұрақты жан - жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
нақты сұрақтар қояды;
тапсырмаларды бірігіп орындайды.

Білім беру - шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден - бір тәсілі - өзін - өзі рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен - ақ демократиялық қарым - қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама - қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;

Кәсіби білімді маманның құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру.
Құзіреттілік - қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі оның квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Құзіреттілік - жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz