Физикалық химия: газ заңдары, молекулалық-кинетикалық теория, электролиттік диссоциация және катализ


Slide 1

Физикалық химия. Газ заңдары. Кинетикалық теория. Электролиттік диссоциация теориясы. Катализ туралы ұғым

Орындаған:Нұршат Наурызбай хнк 1-топ

Slide 2

Физикалық химия

Физикалық химия зат құрылысының заңдылығын, химиялық жүйедегі тепе-тендікті, тепе-тендіктегі бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін көрсететін заңдылықты және химиялық түрлену құбылысын зерттейді. Физикалық химия бірнеше тарауға бөлінеді:• Зат құрылысы; • Химиялық термодинамика; • Ерітінділер; • Физика-химиялық анализ; • Электр химиясы; • Катализ және химиялық кинетика.

Slide 3

Физикалық химия пәнінің химия өнеркәсібі мен ғылыми зерттеу саласындағы мамандар химиктер, химик-технологтар даярлауда алар орыны ерекше. Атап айтқанда:- аталған пән студенттердің бейорганикалық, органикалық және аналитикалық химия салаларынан алған білімдерін тиянақты түрде нақты өзгеріс не құбылысқа қолдана білуге дағдыландырады; - өндірістегі технологиялық процестердің жүру заңдылықтары физикалық химия ілімі қарастыратын ой-тұжырымдарға негізделеді; - технологиялық процестердің дамуы мен өзара тәуелділігінің қазіргі тенденциясын, табиғатты химиялық өндірістің зиянды қалдықтарынан қорғау жолдарын, қалтқысыз өндірістер жасау міндеттерін; - химиялық термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдарын, гомогендік және гетерогендік тепе-теңдіктерді, электрохимияны, термодинамикалық қасиеттерді зерттеудің эксперименттік әдістерін; - зерттеудің қазіргі әдістерін (ЯМР-, ЭПР-, ИК-, УК-, КР-спектроскопиялар, оның ішінде лазерлік техника, хроматография, рентгенқұрылымдық талдау бар; - көпкомпонентті жүйелердегі химиялық тепе-теңдікті сипаттау әдістерін; - талдаудың әртүрлі әдістерін (тұндыру, бөлу, экстракция, спектроскопия, титриметрия, электрохимия) қажетті талдаудың әдісі мен оны жүргізудің әдістемесін таңдау меодологиясын; - физико-химиялық есептеу әдістемесін; - физикалық және химиялық құбылыстардың жүру заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ілімінің дербес бір бөлігі болып табылады.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кеңтаралған және техникада жиі пайдаланылады. Шынында да, ешбір процесс қандай да болмасын қатаң тығайындалған бір параметрдің мәнінде жүрмейді. Температураның, қысымның немесе көлемнің тұрақтылығын бұзуға әсер ететін қандай да бір жағдайлар болады. Тек лабораториялық жағдайларда ғана қайсыбір параметрлердің тұрақтылығын тым дәлірек сақтауға болады, бірақ жұмыс істейтін техникалық құрылғыларда және табиғатта бұл іс жүзінде мүмкін емес. Изопроцесс - бұл нақты процестің идеалдандырылған моделі. Ол шындықты тек жуық қана бейнелейді.

Slide 7

Кинетикалық теория

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады; молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады; молекулалардың (атомдардың) арасында тартылыс күші және тебу күші әсер етеді; заттар бөлінгіш; газдар сығылғыш;

Slide 8

Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар - бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2, 02, N2) судағы ерітінділері жатады)

Slide 9

Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығының лауреаты, 1903 жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар - И. А. Каблуков, В. А. Кистяковский, Д. И. Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады.


Ұқсас жұмыстар
Электролиттік диссоциация: электролиттер мен бейэлектролиттердің классификациясы, диссоциация теориялары, диссоциация дәрежесі және рН
Атомдар мен молекулалардың құрылысы және молекулалық-кинетикалық теория
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі, катализ және ферменттік катализ: ферменттердің әсер ету механизмдері мен организмдегі рөлі
Қышқылдар мен негіздердің теориялары және электролиттік диссоциация: Аррениус, Бренстед-Лоури және Льюис
Коллоидтық жүйелердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттері
Газ заңдары және изопроцестер: идеал газ теңдеуі мен классикалық газ заңдары
Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі, катализ және ферменттердің әсер ету механизмдері мен организмдегі рөлі
Біртекті жүйедегі химиялық тепе-теңдік: ерітінділер, электролиттік диссоциация, иондану және рН есептері
Заттың күйлері және молекула-кинетикалық теория негіздері
Электролиттік диссоциация теориясы негізінде негіздер мен тұздардың химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz