ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ АЗИМУТ




Презентация қосу
Орындаға
СЫЗЫҚТАРДЫ н:
Қапидолла
Дидар
Тексерген:
БАҒДАРЛАУ Акынбеков
А.К
СЫЗЫҚТАРДЫ БАҒДАРЛАУ

Жер бетінде орналасқан заттарды,
сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың
меридианнан бастап есептелген бағытын
анықтау. Негізгі бағыт пен сызықтың
бағытының арасындағы горизонталь
бұрышты бағыттау бұрышы деп атайды.
Бағдарлау кезінде тұрақты бағыт болып
географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ
осьтік меридиан (Х осі) немесе оған параллель
сызықтар да алынады.
Жергілікті жердегі заттарды компас не буссоль
арқылы да анықтауға болады. Географиялық
меридианның солтүстік басынан бір затқа қарай
сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті
жердегі немесе картадағы горизонталь бұрышты
географиялық (шын, нақты) азимут деп атайды. Ал
азимутты арабшадан аударғанда бағытты
білдіреді.
Мысалы, егер бір зат біздің солтүстік шығыс
жағымызла тұрса, онда азимут 0 0 -тан 90 0 –қа
дейінгі, ал оңтүстік шығысымызда орналасса 90 0 –
тан 180 0 –қа дейінгі аралықта болады.
Магниттік меридианның солтүстік басынан сағат тілінің
бағытымен берілген сызыққа дейінгі есептелетін
горизонталь бұрышты магниттік азимут деп атайды.
Магниттік азимут географиялық азимут сияқты 0 0 –тан
360 0 –қа дейін өзгереді.
Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен
тапсақ, онда меридиан негізгі (географиялық), ал
магнит стрелкасы арқылы тапсақ магниттік меридиан
болып табылады. Осыған сәйкес өлшенетін азимут та
негізгі және магниттік болып бөлінеді (сурет 4.1).

(Сурет 4.1)
ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ АЗИМУТ

Геодезияда жер бетіндегі сызықтардың тура және
кері бағытын анықтайды. Мысалы, сурет 8 К және L
нүктелерін қосатын KL сызығының азимуты А-тура
болады да, ал LK сызығының азимуты А-кері болады.
Жердің пішіні сфера тәрізді болғандықтан әртүрлі
нүктелердің үстінен өтетін меридиандар бір-біріне
параллель болмайды. Сондықтан сызықтың әр
нүктесіндегі азимуттар бірдей емес. Екі нүктеден
өтетін меридиандардың арасындағы бұрышты
меридиандардың жақындасу бұрышы деп атайды. Оны
γ әрпімен белгілейді (сурет 4.3). Суретте көрсетілген
сызықтың тура және кері азимуттарының арасындағы
байланыс келесі түрде болады:
А т у р а =А к е р і 180+ γ
4.3 СУРЕТ – ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ
АЗИМУТ

Сызықтарды бағдарлау кезінде азимут,
дирекциондық бұрыш, румб деген бұрыштар да
қолданылады.
ДИРЕКЦИОНДЫҚ БҰРЫШ

Дирекциондық бұрыш деп сағат тілінің айналу
бағытымен алынған, осьтік маридианның солтүстік
жағы мен бағдарлағыш сызық арасындағы
бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыш α әрпімен
белгіленеді.
Кері дирекциондық бұрыш тура дирекциондық
бұрыш пен 180 0 –тың қосындысына тең болады. α В С
– дирекциондық бұрышы ВС сызығының тура
дирекциондық бұрышы, ал α С В – ВС сызығының
кері дирекциондық бұрышы
Тура және кері дирекциондық
бұрыштар
СҮЙІР БҰРЫШ, РУМБ

Сызықтың бағытын сүйір
бұрышпен де бағдарлауға
болады. Шамасы 0 0 –тан 90 0 –қа
дейін өзгеретін, осьтік
меридианның жақын бағытынан
екі жаққа қарай (солтүстік
немесе оңтүстік) бір нақты
сызыққа дейін берілген сүйір
бұрышты румб деп атайды. Румб
r әрпімен белгіленеді. Румбтың
әрбір ширектегі шамасы бірдей
болуы мүмкін. Бағытты бір
мәнде анықтау үшін румбтың
сандық мәнінің алдына ширектің
аты көрсетіледі. Мысалы: СШ
(солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүстік-
шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ
(солтүстік-батыс) (сурет 4.5).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Азимут бойынша қоз ғалыс
Компаспен бағдарлану
СЫЗЫҚТАРДЫ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ МАГНИТТІК
Сызықтарды бағдарлау
Теодолиттер мен нивелирдердың жиіктелуі
Тахеометр
Массалар әрекеттесу заңы
Химиялық тепе - теңдік
Концентрацияның әсері
Кері және тура ережелерді өңдеуді салыстыру. Жүйеше дегеніміз не Эвристика көмегімен басқару
Пәндер