Ақаба суларды тазарту әдістері


Slide 1

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Тақырыбы: Қаланың ақаба суларын тазарту және тұнбаларды залалсыздандыру

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Калбаев Б.

Тобы: ХТ-19-4К

Қабылаған: Дайрабаева А.

Slide 2

Қаланың ақаба суларын тазарту және тұнбаларды залалсыздандыру

Жоспары:

І. Кіріспе

Ақаба сулар және олардың пайда болуы

ІІ. Негізгі бөлім

Ақаба сулардың бөлінуі

Ақаба су тұнбасы

Ластанған ақаба сулардың табиғатқа әсері

Ақаба суларды тазарту әдістері:

Ақаба суды пайдалану

Ақаба сумен суармалау

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Ақаба сулар

Ақаба су -бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т. б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су;

Өндіріс орнына шығарылған ақаба су

Slide 4

Ақаба сулар

Ақаба сулар - тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар.

Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді

Slide 5

Ағынды сулардың пайда болу сызбасы

Slide 6

Ақаба сулардың бөлінуі

Ағын (ақаба) сулар - канализация жүйесі арқылы өндірістік кәсіпорын мен елді мекен территориясынан су қоймасына жіберілетін кез келген атмосфералық жағдай.

Ағын (ақаба) сулар төмендегі белгілеріне қарап үшке бөлінеді:

Түзілу жеріне қарай;

Ағынның құрамындағы заттардың түріне қарай;

Ластаушының дисперсті-фазалық күйіне қарай.

Slide 7

Түзілу жеріне қарай:

Тұрмыстық - өндірістік, коммуналдық және қоғамдық, тұрғын жайларда орнатылған ванна, унитаз, раковиналардан және т. б. Көздерден болатын ағындар: Өндірістік - өндірістің әр түрлі технологиялық процестерінде суды қолданғаннан болатын ағындар; Атмосфералық - атмосферадан түсетін жауын-шашындардан ғимараттың төбесінде, жүретін жерлерде пайда болады. Оған жауын-шашындар, жер бетіндегі сулар жатады.

Slide 8

Ағын сулардың түрлері:

Ағын сулардың ішінде негізгі екі топты айрықша айтуға болады: Консервативті сулар, басқа қосылыстармен химиялық реакцияға түспейтіндер. Және олар биологиялық ыдырауға төзімді. Мысалы, оларға ауыр металдардың тұздары жатады. Екінші тобын консервативті емес деп атайды. Олар су қоймаларының өзіндік тазалануына жататындары. Ағын сулардың құрамында органикалық және бейорганикалық элементтер болады. Органикалық - мұнай өнімдері, органикалық қышқылдар. Бейорганикалық - топырақтың бөлшектері, кен және бос кен орындары, қож, бейорганикалық тұздар, қышқылдар, слтілер.

Slide 9

Ақаба су тұнбасы

Ақаба су тұнбасы - ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.

Slide 10

Ақаба судың тұнбасы

Ақаба судың тұнбасы- құрамында минерал және органикалық қатты заттектері бар ақаба суды тазалау кезінде тұнатын заттектер. Ақаба судың түнбасы жергілікті ауыл шаруашылық және орман дақылдарының тыңайтқышы ретін де, қейде биогаз алуға пайдаланылады. Ортақ ағатын канализация кезінде акаба судың тұнбасының құрамында кебіне улы заттектер (ауыр металдар, т. б. ) болады. Мұндай ақаба судың тұнбасын ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолдануға келмейді.

Slide 11

Ластанған ақаба сулардың табиғатқа әсері

Судың ластануы осы планетаның барлық тірі заттарына әсер етеді. Ең кішкентай өсімдіктен ірі сүтқоректілер және адамдар өмір сүру үшін суға сенеміз.

Ласталған суларда өмір сүретін балықтар өздерін ластап тастайды. Балық аулау ластаушы заттарға байланысты көптеген әлемдегі су жолдарында тыйым салынған немесе тыйым салынған. Су жолы ластанған - қоқыспен немесе токсинмен болғанда - ол өмірді қолдауға және қолдауға қабілеттілігін төмендетеді.

Slide 12

Ақаба суларды тазарту әдістері:

Механикалық

Химиялық

Биологиялық

Физика-химиялық

Кешенді.

Slide 13

Ақаба суларды тазарту әдістері

Механикалық әдісте ақаба судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды тұндырғыш, сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смолааулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды. Ауырлық күшінің әсерінен суда ірі дисперсті бөлшектердің тұнбаға түсуі седиментация деп аталады

Slide 14

Ақаба суларды тазарту әдістері

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық реагенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, озондау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Физика-химиялық әдістерге коагуляция, флотация, сорбция, экстракция, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген.

Дисперсті және коллоидты жүйелердегі бөлшектердің ірі агрегат түзіп, бірігуі коагуляция деп аталады

Slide 15

Ақаба суларды тазарту әдістері

Ақаба суды биологиялық тазалау - заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау.

Ақаба суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод на биофильтрах) - ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.

Slide 16

Ақаба суларды тазарту әдістері

Биологиялық жолмен ағынды суды тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар жатады. Ал жасанды жағдайда тазарту процесін арнайы қондырғыларда - аэротенктерде, биофильтрлерде жүргізеді

Slide 17

Ақаба суларды тазарту әдістері

Ақаба суды жасанды тазалау(Искусственная очистка сточных вод) - арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.

Slide 18

Ақаба суды залалсыздандыру және иіссіздендіру

Ақаба суды залалсыздандыру- ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу.

Ақаба суды иіссіздендіру- иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т. б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.

Slide 19

Ақаба суды пайдалану

Ақаба суды пайдалану(Утилизация сточных вод) - тұрмыстық, нөсер немесе өндірістік ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды бөліктерді пайдалану немесе бұл суды тазартқан соң егістікті немесе ормандағы екпе ағаштарды суаруға, т. б қолдану.

Slide 20

Ақаба сумен суармалау


Ұқсас жұмыстар
Ағынды суларды тазарту
АҚАБА СУЛАР
Суды тазалау әдістері
Ақаба суы
Ақаба суларды тазалау әдістері
Микроорганизмдер колония санын анықтау
Судың ластаушы көздері
Маногидроциклондағы майдың байыту коэффициенті
“Шымкентмай” АҚ өндірістік кәсіпорнының ақаба суларын тазарту
МЕЛИОРАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ПӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz