Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері




Презентация қосу
Сабаққа жаңа технологияларды пайдаланып
сабақ жоспарын құрастырып түсіндіру
Орындаған: Ибаділда А.Б.
Тексерген: Қоңырбаева С.С.
Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде
əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында
соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы
көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі
мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің 314 315
түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас
сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын
қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н.
Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г.
Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының
психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Нəтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады
«Даму», «дамыта оқыту»
ұғымдары
«Даму дегеніміз – материалдық жəне идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа
сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір
қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік
түрі келетінде тұрады,» – деп тұжырымдайды З. Кариев. Оқу – адамның психикалық
дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып,
сапалық өзгерістерге айналуы», – деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық
анықтамасы – жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны
береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық
жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып,
адамның əртүрлі қиындықтардағы мəселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-əрекетті жоғары орынға шығарады. Мəселе
қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақылой қызметі де соншалықты
кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің
төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз
ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-əрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-
ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды жəне оның басты
шарты ретінде əрекет алынады. Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын
мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше оқып-танып,
əр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап жəне дайын ережелерді,
нұсқауларды басшылыққа ала отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу
танымдық əрекет репродуктивтік іс-əрекет деп аталады. Бұл іс-əрекет алдын ала
дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми
жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп,
бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С.
Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген
көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы
болатындығы жайлы теория ұсынды. 1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек
үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2. Бала дамуының қол жеткен аймағы –
баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты
меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара
қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Мектеп оқушыларының
танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен
дағдыларының дəрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық
қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тəсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу
үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның
ойлау мен практикалық əрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз
Дамыта оқыту технологиясының даму
тарихы
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде əжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі
кезде Мəскеуде дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді.
Қауымдастықтың президенті – академик В.П.Зинченко. Эльконин мен Давыдовтың
дамыта оқыту жүйесі бойынша Мəскеудің психология институтының зертханасы іргелі
жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың
бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис
Данилович. Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері
түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар
аударайық. Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты
– теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ дəмсіз білімдер болмау керек.
Керісінше, ол қоршаған əлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып,
түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған
балалардың дүниеге деген көзқарастарытерең жəне көріп-білудің жаңа тəсілін
игергендер көзге түседі, яғни дүние жəне адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық
шұғылдануы жəне қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл
жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту
педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық
психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру. В. С. Лазаревтің ойы
бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін əбден жаңа
типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да
арнайы даярлау қажет. Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.
В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту
теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар. А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта
оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті,
белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жержерлерде ынталы жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, Мəскеу, СанктПетербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л.
В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тəрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде,
əсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде
уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз
еңбекке жұмсалып жатады. Осының нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге
дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал жəне тəжірибелік 316 317 міндеттерді шешуге
бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес,
мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес. Дамыта
оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-
қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мəселелерді практикада қолдана білуге
баулиды, шығармашылық ізденіс əдістерін игеруге көмектеседі. Əлемдік педагогиканың, көбінесе,
жүгінетіні – Л. С. Выготскийдің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин жəне
Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген
университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім
беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген
қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған əдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік
сипатта, сондықтан кез келген мектепте əр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба
алмай жүр.
Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: - оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады,
жетілдіреді, тəрбиелей алады; - баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі,
машығын дамыту емес); Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат
беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі
белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін
ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана. Дамыта оқытудағыбастыіс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті,
ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. Білім деңгейін шығармашылық деңгейге
көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға
оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау,
сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам
рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр
оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар
барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп,
дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізде құрылған іс-əрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті
анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа
жету үдерісі (əрекет, операциялар), нəтижесін шығару. Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған
барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа
ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург, А. Н. Тубельский, т.б.
мектептері). Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал
жасайтын сабақтар үлгісінің бəріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: -
оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша)
игеру жүйесін жетілдіру; - оқыту үдерісінде оқушының теориялық жəне өнімділік ой
құрастыру əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру; - оқушылардың танымдық
қызығушылығын, оқуға деген мотивациясын дамыту; - оқу материалын игеруде жəне
оқу іс-əрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру; - белгілі бір мəселе шешуде
оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру; - көбіне оқу жұмысының
топтық түрлерін қолдану; - оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу
түрлерін ұйымдастыру; - оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану; -
оқыту барысында əр түрлі шапшаңдықпен жəне əр түрлі көлемді оқу материалын
игерудің мүмкіншілігін ашу; - дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; -
жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес,
ойлау жəне т.б. жаттығулар).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына
жəрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар: - мектепте жəне əрбір сыныпта, оқу
тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын
тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру; - оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы
əрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы; - оқыту
үдерісінде репродуктивтік жəне шығармашылық іс-əрекеттер оқушылардың жеке бас
ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы; - оқыту
деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы; - оқу материалы бөлек-бөлек
пəндерге бөлінуі жəне соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы; - оқушылардың
шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды
көздеген əр түрлі əдіс-тəсілдерінең кең қолданылуы; - оқушылар əжептəуір уақыт аралығында,
мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар
қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс
жүргізілуі; - балалардың эмоционалды-сезімділік жəне абстрактілі, логикалық ой құрастыруын
дамытуға ықпал етілуі; - үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бəріне бірдей
екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде əрбір оқушының
қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі; - оқу жоспарларында міндеттелген жəне
таңдап оқитын пəндердің үйлесімді қосылуы; - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
арттырып жəне білім алу нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау; - оқушылардың
өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау əрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін
салыстыру
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау əрекетін ұйымдастыру басты назарда
ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені
шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндейжағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға
деген ынта-ықыласы артады, білім алуға əрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей
3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 2. Оны шешудің
жолын бірлесе қарастыру. 3. Жауаптарды тыңдағанда əр оқушының өз ойын, пікірін айту
мүмкіндіктері Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарынқоюда
ешқандайдайынүлгіберілмейді. Мақсаттышешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы
жүзеге асады. Мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім
табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп,
дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу əрекеті
арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не
білетіндіктерін ортаға салып, мəселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы
322 323 мəселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа
деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Қорытынды

Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең
соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тəжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң
қалады? Өйткені оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шындығында, бұл сұрақ
өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен əлі өтілген оқу материалын шебер
байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады.
Проблемалық жағдаяттар туғызу – сабақтың ең күрделі де маңыздыбөлшегі болып
табылатындықтан, бұл сəттің айқын өтілуіне үлкен мəн бере қарау керек. Өйткені басты
тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сəтті меңгертілуі осы
түйінделген проблемалық, жағдаяттың қалай жəне қандай мазмұнда жасалғандығына
тікелей байланысты. Мұғалімге біз бұл сəтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың
білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп
тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сəтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде
оқушыларға сезіндіруі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

http://rmebrk.kz/bilim/boribekova-kazirgi.pdf
https://infourok.ru/saba-zhospari-damitip-oitu-tehnologiyasi-274124.html

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны - сабақ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Дамыта оқыту технологиясының принциптері
Оқыту түрлері мен құрылымы
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Математика сабағында оқушылардың білім сапасын жетілдірудің әдіс - тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың технологиясына схемалық сипаттамасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәндер