Ынтымақтастық салалары
Презентация қосу
Қазақ – түрік қатынасы
▪ Орындаған:Әсіл. А.
▪ Тобы:ЮМ 19-3к
▪ Қабылдаған: Таубаева М.Е.
1991 ж.16 желтоқсан– Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныды.
1992 ж. 2 наурыз – дипломатиялық байланыстар орнатылды.
1992 ж. қазанда Қазақстанның алғашқы Елшілігі Анкарада ашылды.
1992 ж. 12 сәуірде Қазақстандағы алғашқы Елшілік Түркия Елшілігі болды.
Алматыда Түркия Республикасының Бас консулдығы және Ақтауда ТР
консулдығы, сондай-ақ Шымкент қаласында ТР Құрметті консулдығы бар.
Ыстанбұлда ҚР Бас консулдығы, Анталья қаласында Консулдығы, сондай-ақ
Адана, Алания, Бурса, Измир, Кония, Мерсин және Невшехир қалаларындағы ҚР
7 құрметті консулдығы жұмыс істейді.
2020 ж.13 қаңтардан бері Түркияның Қазақстандағы Елшісі – Уфук Екиджи.
2017 ж. 5 сәуірден бері Қазақстанның Түркиядағы Елшісі – Абзал Сапарбекұлы.
Халықтарымыздың тарихы, тілі мен мәдениеті тамырлас, дүниетанымы мен түсінігі жақын.
Бүгінде екіжақты қарым-қатынастарымыз барлық салаларды қамтуда және қарқынды түрде
дамып келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.
Назарбаев 1991 ж. бері Түркияға 24 рет мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарларымен барды.
Түркия Президенттері Қазақстанға сапармен 15 рет, ал ТР Премьер-Министрлері 6 рет келген.
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2009 ж. Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан
мен Түркия арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
2012 ж. 22-24 мамырда Түркия Премьер-Министрі Р.Т. Ердоғанның Қазақстанға ресми сапары
өтті. Сапар шеңберінде Жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру туралы
Ортақ мәлімдемеге және «Жаңа синергия» ортақ экономикалық бағдарламасына қол қойылды.
2012 ж. 11-12 қазанда Елбасы Н.Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары
барысында ҚР мен ТР арасындағы Жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 1-
ші отырысы өтті.
Түркия Президенті Р.Т. Ердоғанның 2015 ж. сәуірде Қазақстанға ресми сапары шеңберінде
Жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 2-ші отырысы өтті.
2016 ж.Елбасы Н.Назарбаев Түркияға екі рет келді. 13-15 сәуірде Ыстанбұлда
ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастық ұйымының 13 Саммитіне қатысу аясында
Елбасының жұмыс сапары өтті.
2016 ж. 5 тамызда ҚР Президентінің Түркияға ресми сапары өтті. Бұл 2016 ж. 15 шілдеде жүзеге аспай
қалған әскери төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға жасалған алғашқы шетелдік мемлекет басшысының
сапары болды.
2017 ж. 9 қыркүйекте ИЫҰ 1-ші Ғылым және технологиялар Саммитінің қарсаңында ТР Президентінің
Қазақстанға ресми сапары өтті.
2018 ж. 12-13 қыркүйектеҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға ресми сапары өтті.
2017 ж. қыркүйекте Р.Т. Ердоғанның Қазақстанға жасаған ресми сапары шеңберінде қол қойылған
құжаттардың жалпы құны 800 млн.долл. құраған болса, Елбасының 2018 ж. ресми сапары аясында
жасасқан келісімдердің құны 1,7 миллиардтан асып түсті.
2018 ж. сапар барысында Президент Н.Назарбаевтың Түркияның еліміздің ең жақын және сенімді
серіктестерінің бірі екенін баса атап өткені маңызды болды. Түрік Президентінің Елбасымызды бір емес,
бірнеше рет «ақсақалымыз» деп атауы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жоғары деңгейге жетуіндегі
қазақ көшбасшысының ерекше ролі мен ерен еңбегінің дәлелі іспетті.
Екі Президенттің халықаралық мәселелер бойынша жақын әріптестігі де назар аудартады. Мәселен, түрік
қарулы күштерінің 2015 ж. 24 қарашада Ресейдің Су-24 ұшағын атып құлатуынан кейін Түркия мен Ресей
арасында орын алған дағдарыстың шешілуіне Н.Назарбаев қомақты үлес қосты.
2016 ж. 29 маусым күні Р.Т. Ердоған Н.Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, мәмілегерлік қолдау үшін
алғысын білдірді.
2019 ж. 15 қазанда Бакуде өткен Түркі кеңесінің 7-ші саммитінде Р.Т. Ердоғанның бастамасымен Елбасына
Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы мәртебесі берілді.
Елдеріміздің халықаралық аренадағы ұстанымдары да астарласып жатыр және халықаралық
бастамаларын өзара қолдап келеді.
БҰҰ, ЭЫҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК сияқты ұйымдардың шеңберіндегі көпжақты ықпалдастығымыз дамып
келеді.
Түркия еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігі мен Нұр-
Сұлтанның ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бастамаларына қолдау көрсетіп қана
қоймай, Африка және Латын Америка елдерінде үміттігіміз үшін үгіттеу жүргізді. 2017 ж. 10 тамызда көрме
шеңберінде Түркияның Ұлттық күні өтті.
Екі ел үшін өте маңызды салалардың бірі – жалпытүркілік интеграция. Түркі жақындасуының басты саяси
ұйымы саналатын Түркі кеңесі елдеріміздің бастамашылдығының арқасында құрылды. Ендігі кезекте күн
тәртібінде Түркі кеңесінің аясындағы ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы
қоры сияқты тетіктердің тиімділігін арттыру тұр.
Парламентаралық байланыстар екіжақты ынтымақтастығымыздың маңызды бағытын құрайды. Екі ел
парламенттерінің төрағалары ұдайы түрде ресми сапарлар барысында және халықаралық площадкаларда
кездесіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті
Абдулла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия»
бірлескен экономикалық бағдарламасы
▪ Қазақстан Республикасының Үкіметі және Түркия Республикасының Үкіметі
(бұдан әрі – Тараптар деп аталатындар):
екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық, бауырластық қатынастарды және
стратегиялық әріптестікті негізге ала отырып,
теңдік қағидаттарын, ұтымдылықты және өзара пайданы ұстана отырып,
қазіргі заманғы талаптарға және жаһандық экономикалық қатерлерге сәйкес екі
мемлекеттің ынтымақтастығын тереңдету және экономикасын одан әрі дамыту
қажеттілігін сезіне отырып,
экономикалық ынтымақтастықта сауданың, инвестицияның және іскерлік
байланыстардың қозғалыс күшін мойындай отырып,
2015 жылға дейін екі ел арасында тауар айналымын 10 миллиард долларға
және инвестицияның жылдық көлемін 500 миллион долларға дейін жеткізу
мақсатын негізге ала отырып,
осымен екі мемлекеттің үкіметтері іске асыратын Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті
Абдолла Гүлдің қамқорлығымен әзірленген «Жаңа синергия» бірлескен
экономикалық бағдарламасын іске асырудың басталғаны туралы мәлімдейді.
1. Бағдарламаның міндеттері
▪ 1) сауда-экономикалық ▪ 2) ынтымақтастықтың ▪ 3) Тараптардың
және ғылыми-техникалық қазіргі және жаңа мемлекеттік және жеке
ынтымақтастықты салаларын дамытуды; секторлары арасындағы
кеңейтуді; өзара іс-қимылын
нығайтуды;
▪ 4) басым салаларда
инвестициялық
жобаларды іске асыруды
көздейді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
▪
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия
Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен
экономикалық бағдарламасының жобасы мақұлдансын.
▪ 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технология министрі Әсет Өрентайұлы
Исекешевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа
синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қоюға өкілеттік берілсін.
▪ 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
▪ Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
▪ Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
№ 659 қаулысымен
мақұлданған
▪ Жоба
2. Ынтымақтастық салалары
Бағдарламаны іске асыру мақсатында Тараптар мынадай басым салаларда
ынтымақтастықты дамытатын болады.
1. Инвестиция саласында:
▪ 1) екі елдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, инвестициялық
ынтымақтастықты тереңдету және жандандыру мақсатында қазіргі
инвестицияларға өзара жәрдемдесу және қорғау туралы келісімді жаңарту;
▪ 2) екі елдің қолданыстағы инвестициялар және көтермелеу шаралары
туралы заңнамасына қатысты тәжірбие және ақпарат алмасу;
▪ 3) Қазақстан мен Түркия аумағында іске асырылуы көзделген
жобаларды қаржыландыруға бағытталған бірлескен инвестициялық қор
құру мүмкіндігін зерделеу. Сондай-ақ екі елдің жеке секторлары
ұйымдарының бірлескен инвестицияларды үшінші елдерге жүзеге асыру
мүмкіндігін зерделеу;
▪ 4) тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың екі мемлекет
инвесторларының қазіргі проблемаларын талдау және шешу;
▪ 5) екі ел өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
▪ 6) мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей екі Тарап үшін тиімді барлық салаларда
инвестицияларды көтермелеу:
▪ агроөнеркәсіптік кешен;
▪ тоқыма өнеркәсібі және дайын киім-кешек өндірісі, жеңіл өнеркәсіп;
▪ құрылыс материалдары өндірісі;
▪ металлургия және тау-кен өнеркәсібі;
▪ машина жасау;
▪ дәрілік препараттар және медициналық жабдықтар өндірісі;
▪ химия және мұнай-химия өнеркәсібі;
▪ кеме жасау;
▪ инфрақұрлымдық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстар салу;
▪ порт және кеме верфей құрылысы;
▪ энергетика, жаңартылатын энергия;
▪ телекоммуникация;
▪ туризм.
2. Сауда саласында:
1) өзара сауданы оңайлату және дамыту;
2) халықаралық құқықты және Тараптардың міндеттерін ескере отырып, екі ел
арасындағы саудаға теріс әсер етуі мүмкін тарифтік емес кедергілерді жою;
3) екі жақты сауда саласындағы проблемаларды реттеу тетігінің жұмыс істеуін
қамтамасыз ету;
4) екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
5) шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында екі жақты ынтымақтастықты
дамыту;
6) екі елде ұймдастырылатын көрмелерге, сауда миссияларына, конференциялар мен
басқа да ұқсас іс-шараларға өзара қатысу;
7) ынтымақтастықты кеңейту мақсатында екі елдің органдары арасында техникалық
ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды, шетелдік қызметті және тараптар
компанияларының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жүзеге асыру;
8) Кеден одағы елдері (Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь
Республикасы) мен Түркия Республикасы арасындағы сауда байланыстарын дамыту
үшін қолайлы жағдай жасауда Қазақстанның жәрдемдесуі .
3. Ғылым, инновация және жаңа технологиялар
саласында:
▪ 2) жаңа технологиялар,
қолданбалы зерттеулер, робот
▪ 1) шағын және орта бизнес техникасын дамыту,
кәсіпорындарының нанотехнологиялар,
арасындағы екі жақты биотехнологиялар, ақпараттық
ынтымақтастықты дамыту; және энергия үнемдеу
технологиялары саласындағы
ынтымақтастық;
▪ 3) ғылым, техника және
иновациялық технологиялар
саласындағы екі жақты
ынтымақтастықты одан әрі
тереңдету және түрік әлемі
ғылыми-техникалық
платформасының
ынтымақтастығын құру
мүмкіндігін зерделеу.
4. Өнеркәсіп және стандарттау
саласында:
1) метрология, сәйкестікті бағалауды стандарттау, аккредиттеу және
техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықты жандандыру;
2) өлшеу және өлшеу аспаптары өндірісі саласындағы
ынтымақтастықтың және бірлескен инвестициялаудың мүмкіндігін
зерделеу;
3) заңнама және екі елде индустриялық аймақтар құру бойынша
тәжірибе алмасу;
4) 2011 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-
Түркия индустриялық аймақтарын құру жөніндегі ниеттер туралы өзара
түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында, бірінші кезекте
Қазақстан тарапы пилоттық аймақ ретінде ұсынған Оңтүстік Қазақстан
облысында жұмысты жеделдету;
5) екі елдің аумағындағы арнайы экономикалық индустриялық
аймақтарда қызметін жүзеге асыру мақсатында екі елдің компанияларын
хабардар ету.
5. Көлік саласында:
1) автомобильмен тасымалдау саласында ынтымақтастықты
дамыту және жандандыру мақсатында қолданыстағы
автомобильмен тасымалдау саласындағы келісімді жаңарту;
2) Карс – Тбилиси – Баку темір жол тармағын Каспий теңізі
арқылы Қазақстанның батыс облыстарына дейін ұзарту жөнінде
жұмыс жүргізу туралы мүмкіндікті қарау;
3) халықаралық көлік дәліздері (TPACEKA) арқылы көлік
желілерін және мультимодальдық тасымалдауды дамыту;
4) порттарды және роро (паром) терминалдарын пайдалану
саласындағы ынтымақтастықты кеңейту.
6. Энергетика саласында:
1) мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды
қолдау;
2) электр энергиясы саласында ірі энергетикалық жобаларға екі елдің
іскер топтарының қатысуын қолдау, инвестициялық мүмкіндіктерді
анықтау және бағалау;
3) бәсекелестік нарық жағдайы шеңберінде Түркияның электр
энергетикасы саласындағы мемлекеттік меншік объектілерін
жекешелендіру үдерісіне қазақстандық капиталдың қатысуы;
4) энергияның жаңартылатын көздері (күн, жел және су) саласындағы
ынтымақтастық;
5) электр трансформаторлық шағын станцияларды және
гидроэлектростанцияларға арналған жабдықтарды қоса алғанда,
энергетикалық жабдықтар жасау және жаңғырту саласында жұмыс
істейтін Түркия мен Қазақстанның құрылымдары мен ұйымдары
арасындағы ынтымақтастық.
7. Ауыл шаруашылығы саласында:
1) ірі қара және ұсақ малдың жоғары сапалы тұқымын шығару;
2) малды күтудің қазіргі заманғы жүйесін құру;
3) асыл тұқымды шаруашылықтар құру;
4) өндіріс және менеджмент саясатын айқындау;
5) механикаландырылған техниканы жеткізу және бөлу;
6) мал шаруашылығын дамыту жобалары мен қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын іске асыру
мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу;
7) бірлескен конференциялар өткізу;
8) персоналды өзара оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға ықпал ету;
9) мал шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өңдеуді жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығы
кәсіпорындары арасында әріптестік қатынастар құруға жәрдемдесу;
10) жеміс және жүзім шаруашылығы саласындағы зерттеу институттары арасында ақпарат және
сорт үлгілерімен алмасу;
11) астық өндірісі, мақта шаруашылығы және қызылша шаруашылығы саласындағы мамандарды
оқыту;
12) ауыл шаруашылығы саласында жоғары технологияларды енгізу жөнінде бірлескен зерттеу
жұмыстарын жүргізу;
13) үшінші елдердің нарығына шығу мақсатында жоғарғы сапалы Қазақстан астығын және оның
қайта өңделген өнімдерін Түркия Республикасына жеткізу, сондай-ақ оларды Түркия Республикасында
өңдеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық;
14) ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға бағытталған сауда-логистикалық
инфрақұрылымды дамыту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасында
өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу.
8. Туризм саласында:
▪ 2) туризм саласында
▪ 1) Қазақстан
тәжірибе алмасу және
Республикасының туристік
Қазақстан
инфрақұрылымын дамыту
Республикасындағы
мәселелері бойынша түрік
туристік объектілерді түрік
компанияларымен
компанияларының басқару
ынтымақтастықты кеңейту;
мүмкіндігін қарау.
9. Қаржы саласында:
▪ 1) екі мемлекеттің банктері
және қаржы секторлары
арасындағы
ынтымақтастықты кеңейту;
▪ 2) Түркия Республикасындағы
пайызсыз (инвестициялық) банк
қызметі жөнінде тәжірибе және
ақпарат алмасу.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz