Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы




Презентация қосу
Тақырыбы:“ҚР дипломатиялық тәжірибесі”

• Орындаған:Арысбек Мадина
• Тобы:ЮМ 19-3к
• Қабылдаған:Мамашарипова Г.А.
Жоспар:

• Кіріспе;
• Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы;
• Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы;
• Қазақстан-Ресей байланыстары;
• Қазақстан-Қытай байланыстары;
• Қазақстан жәнехалықаралық ұйымдар.
• Қорытынды.
Кіріспе:

• Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-
теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат
жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа
бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз
өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына
байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық
ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп
келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа
да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні
дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының
көптігімен дәлелденіп отыр.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік
қауымдастықтың тануы
• 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан
тәуелсіздік туралы Декларация жариялады,
сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге
мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет
мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты.
Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің
арасында бірінші болып бауырлас Түрік
республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына
қарай республика тәуелсіздігін жер шарының
30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай,
Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік
қауымдастықтың тануы
• 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен
дипломатиялық қатынас орнатылды.
• Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық
өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және
халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың
сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді
үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
Қазақстанның халықаралық байланысының
дамуы
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар
аударады:
• 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс
аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
• 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып,
алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
• 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын
мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте –
Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай
қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей
арасында достық, ынтымақтастық және өзара
көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20
қаңтарда – Қазақстан мен Ресей
ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация
жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде
Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына
қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті,
тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің
ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын
сақтау.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған
“Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация
жарияланды. Нәтижелері:
• 1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді
алға жылжытты.
• 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
• 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі
қарастырылды.
• Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет
аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы
көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді
әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы,
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті
қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан
мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының
20 жылдығын атап өтеді.
Қазақстан-Қытай байланыстары.

• 1992 жылғы тамызда Қазақстан
Президентінің Қытай халық
Республикасына алғаш сапары
болды, нәтижесінде барлық
байланыс жолдары ашылды. 1994
жылы сәуір айында Қазақстан мен
Қытай арасында шекара аумағын
заңдастырып белгілеу (делимитация)
жөніндегі келісімге қол қойылды
(1718 шақырымдық).
Қазақстан-Қытай байланыстары.
• 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім
барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда
негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100
шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25
қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен
Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол
қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

• 1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде,
шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары.
• Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-
қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда
АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін
таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса
ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында
экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
• Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий
қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
• 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы
келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту,
АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық
өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде
тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық
үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер
қаралды.
• АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында
үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде
қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу
орындарында оқиды.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
• Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің
позитивті образының қалыптасуы және
оның халықаралык мәртебеге ие болуы
сыртқы саясатты жүргізудегі республика
басшылығының көрегендік шешімдерімен
мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды
таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру,
әлем діндері арасында толерантты қарым-
қатынас құру мәселелерін атап өтуге
болады. Осының негізінде еліміз аймақтык,
және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі
турасында халықаралық аренаға өз
бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
• Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз
БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде
ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша
бел­сенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
• БҰҰ Бас Ассам­блеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды
ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет
білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік
күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған
өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға
ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік
сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық
және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет
басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан
қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл
атқарды.
• 1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі
ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын
таба білді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы
• 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің,
қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық,
кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
• Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының
Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры
(ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы
комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер
қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет
мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ
өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры
(ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі
департамент (ҚАД).
• Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты
бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-
саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды
туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық
қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп
пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-
қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

• 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат
салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы
саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде
ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және
Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы
бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және
Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында
Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық
салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған
сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым
аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен
күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ
саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі
маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға
айналуына септік етті.
Ислам Конференциясы Ұйымы
• Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының
мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық -
Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз
жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының
ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
• ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен,
субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-
қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары
ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж.
желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж
қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003
ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер
министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада
(Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда
(Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық
үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барысында.
Ислам Конференциясы Ұйымы
• Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ
мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1
мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
• Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер
мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті
толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі
аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен
маңызға ие.
• ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы
мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің
жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда
ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымы
• Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі
кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға
міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі
кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған
бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі
ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған.
Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым
басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми
сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер
министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы
ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы
елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы
Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып,
Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің
мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда
Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы
сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999)
Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады.
Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымы
Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға
өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады.
Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода
(Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас
көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде
этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына
арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан
басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық
Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым
Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың
соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы
Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның
сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен,
Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери
қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім
1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес
құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті
мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым
Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты
байланыс орнатқан.
ЮНЕСКО
• ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау
мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және
“Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар
тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс
атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым
ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры.
ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992
жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл
жәрдем көрсетуді насихаттайды.
• ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру
жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын
қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен
қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты
шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге
Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық
келісім-шарттарға қол қойылды.
Қорытынды
Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және
экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы
саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер
орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991
жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай
келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық
Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке,
есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке
айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды,
оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне
асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық
деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - Ресей байланысы
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі
Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы
Қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
Мәдени мұра ұғымы
Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстандағы экотуризмді талдау
Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі даму жағдайы
Жаһандану және Қазақстан экономикасы
Пәндер