Балалардағы жедел аппендицит
Презентация қосу
СӨЖ
Балалардағы жедел аппендицит
Орындаған : Хайрулла Бану
Тобы : ЖМ 17-004-01
Қабылдаған : Турлекиева.Ж.М.
Жоспары:
Құрт тәрізді өсіндінің балалардағы анатомия-
физиологиялық ерекшеліктері
Аппендицит дегеніміз не?
Оның балалардағы клиникалық көрінісі
Диагностикасы
Емдеу принциптері
Caecum-нің медиальды артқы бетінен,жіңішке ішек жалғасатын
жерінен 2,5-3,5см төменде құрт тəрізді өсінді Appendix
vermiformis,шығады. Құрт тəрізді өсіндінің ұзындығы мен
орналасу қалпы көп өзгеріп отырады, ұзындығы 2-20 см
шамасында, орташа 8,6см тең, алайда 2% жағдайда ол 3см ге
дейін қысқарады, көлденең ені 0,5-1,0 см.Құрт тəрізді
өсіндінің болмауы өте сирек кездеседі. оның орналасуы
соқыр ішікпен тығыз байланысты болады.Өсік алдыңғы
жақта құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасы мен сыртта
мықын сүйегі қырының,іште m.iliacusтың арасында.
Қанмен қамтамасыз етілуі
Құрт тəрізді өскіннің қанмен
қамтамасыз етілуі жоғарғы
шажырқай артериясы
(a.mesenterica superior),
мықын тоқ ішек артериясы
(a.ileocolica), аппендикулярлы
артерия (a.appendicularis).
Иннервациясы Жоғарғы
шажырақайлық тармақ жəне
құрт тəріздінің симпатикалық
иннервациясы,ал кезбе нерв
арқылы парасимпатикалық
иннервацияланады.
Жіті аппендицит - соқыр ішектің құрттəрізді
өсіндісінің қабынуы.
Жіктемесі:
1. Аппендикулярлық шаншу.
2. Жіті жай аппендицит (катаралдық).
3. Жіті деструктивті аппендицит (флегмоноздық,
гангреноздық, перфоративтік).
4. Асқынған аппендицит (перитонит, шектелген
абсцесстер, аппендикулярлық инфильтрат, бауыр
абсцесстері, пилефлебит жəне т.б.).
Этиологиясы мен патогенезі:
Рефлекторлы (appendix-тің жүйкетамыр-реттеу
аппаратының қызметінің дисфункиясы)
Гематогенді жолмен аппендициттің тромбозы
Лимфогенді
Иммунологиялық
Алиментарлы
Паразитарлы
Баугиноспазм
Бөгде заттар (түйме, тас, шемішке...)
Балаларда жіті аппендицит көбінесе 5 жастан
асқанда дамиды, айқын жалпы жəне жергілікті
симптомдармен, деструктивтік өзгерістердің тез
дамуымен, патологиялық үрдістің іш қуысына тез
жайылуымен сипатталады. 2-3 жастағы балаларда
жіті аппендицит кезінде дене қызуы жоғары болып,
қайталанған құсу жəне іш өту байқалады.
Жіті аппендицит клиникасы құрттəрізді өсіндінің
іш қуысында орналасуына, организнің
реактивтілігіне, аурудың кезеңіне, асқынулардың
болу-болмауына байланысты.
Жіті аппендициттің əдеттегі көрінісі организмнің
айқын жергілікті жəне жалпы реакциясы дамитын
оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну
ұстамасымен сипатталады
Балалардағы жедел аппендициттің ерекшеліктері
Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері: Жедел
аппендицит- балалар жасындағы жедел хирургиялық көмекті талап
ететін көп таралған ауру. Ересектердігіден айырмашылығы
балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ағымы ауыр, ал
диагностикасы күрделі. Бұл заңдылықтар баланың дамуындағы
анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бір жастағы
балаларда жиірек байқалады.
I. осы жастағыларда жүйке жүйесінің функционалды жетілмеуінен
барлық жедел қабыну ауруларының клиникалық көрініс ұқсас
( жоғары дене қызуы, көп реттік құсу, ішек функциясының
бұзылыстары).
II. балалардағы соқыр ішектің құрт тəріздес өсіндісіндегі қабыну
процесі аяқ астынан қарқынды өтеді. Осы уақытта шектеулі
механизімі əлсіз байқалады.
III. ерте жастағы балаларда тексерудің арнайы қиындығы бар.
Баланың мазасыздануы, жылауы, қарау кезіндегі қарсыласу жедел
аппендициттің негізгі жергілікті симптомдарын анықтауды
қиындатады.
Дифференциалды диагноз көбінесе келесі
аурулармен жүргізіледі:
Бүйректік шаншу
Кіші жамбасастауының патологиясы
Пневмония -
Жіті инфекциялық аурулар
Шенлей-Генох симптомы .
Құрттық инвазия -
Жіті илеит (Крон ауруы).
Жіті панкреатит -
Физикалық зерттеу
Іш
қуысын зерттегенде негізгі, тəн симптомдардың бір қатары
анықталады:
1. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймақта ауырсыну жəне
іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің кернеуі анықталады.
2. Щеткин-Блюмберг симптомы - қолды ішке басып тұрып, тез
алған кезде ауырсынудың күшеюі.
3. Ситковский симптомы - оң жақ мықын аймақта ауырсынудың
науқас сол жақ бүйірінде жатқанда күшеюі.
4. Ровзинг симптомы - оң жақ мықын аймақта ауырсынудың сол
жақ мықын аймағында пальпация жасағанда тоқ ішектің
бойымен газдардың жылжуына байланысты күшеюі.
5. Воскресенский симптомы - қолмен қабырғалық жиектен іштің
алдыңғы қабырғасымен төмен қарай сипағанда ауру сезімінің
пайда болуы
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанды жалпы талдау.
2. Несепті жалпы талдау.
3. Қан тобы, резус-фактор.
Қосымша дигностикалық шаралар тізімі:
Іш қуысы мен кіші жамбасастын УДЗ - іш қуысы, кіші
жамбасастауы, ішастардан тыс жатқан ағзалардың
зақымдалуын анықтау үшін.
Қандағы қант мөлшерін анықтау - жіті панкреатит пен
қантты диабетпен дифференциалды диагностика
жүргізу үшін.
Қан диастазасын анықтау - жіті панкреатитпен
дифференциалды диагностика жүргізу үшін.
Диагностикалық лапароскопия - диагнозды қою үшін.
Емі - аппендэктомия. Ерте операция - жедел
аппендициттің негізгі емдеу ұстанымы. Кохер
зажимымен өсіндіні негізіне қысып, сол жерді кетгутпен
байлайды, 0,5 см жоғары кеседі. Тұқылын өңдеп, кейін
кисетті тігіске енгізіп, байлайды. Деструктивті түрлерде,
әсіресе перитонитте кисетті тігісті кең салып, тұқылды
қабынған ошақтармен бірге кисетті тігіске енгізеді. Егер
кисетті тігіс толығымен жаппаса, қосымша Z тәрізді тігіс
салады.
Егер құрт тәрізді өсінді ретроцекальды немесе жамбас
қуысында орналасса, ретроградтық операция жасайды.
Ол үшін соқыр ішекті мүмкіндігінше жара бетіне
шығарады, өсінді негізін табады, астынан жіңішке
дәкелік ұстағыш өткізеді. Одан кейін, өсінді негізіне
қысқышпен жүйе салып, кетгутты лигатура салады.
Лигатураның үстінен 0,5 см аралықта қысқыш салып,
арасын кеседі
Тұқылды өңдейді кисетті тігіске енгізеді. Жабысқақтар болса,
оларды қысқыштар арасына алып, тіліп бөледі. Ажыратылған
өсіндіні жараға шығарып, шажырқайын жібек жіппен тігеді.
Өсіндінің ұшының алынғанына көз жеткізу керек. Егер оны
алуға мүмкіндік болмаса, оның болжамды орнына тампон және
микроирригатор қойылады.
Егер перитонит белгілері айқын болса, аппендэктомия алдында
құрсақ қуысына тексеріс жасайды (тексеріс алдында шарбы
майға 0,25% новокаин енгізеді). Ең алдымен илеоцекальды
бұрыштан 80-100 см аралықта мықын ішекті эвентрациялайды.
Балаларда қабынулы Меккель дивертикулын немесе ішектің
қосарлануын табады, кейін оларды алып тастайды. Егер
шарбыда лимфа түйіннің ұлғаюы байқалса, оның біреуін алып
гистологиялық зерттеуге жібереді. Ол үшін лимфа түйінінің
үстінен, ішастардың париеталды жапырақшасын тіліп, түйінді
пинцетпен көтеріп, қысып, кейін түйінге баратын қан
тамырларын кеседі. Ішастарға аналық безі мен жатырға
пальпаторлы тексеріс жасайды, олар ұлғайған, тығыз болса,
жараға шығарады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz