КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ




Презентация қосу
“ Кредиттік оқыту технологиясы”

Орындаған: Мұратбек Ұ. МЕП-21-10нк
Қабылдаған: Нұралиева А.Ж; доцент
Кредиттік жүйе – әлемдегі білім беру саласындағы
халықаралық стандарттарға сәйкес жүйенің бірі. АҚШ-
тағы журналистика мектептерінің студенттері еншісіне
тиген пәндерді тиімді пайдалана алады. Бізде, әлі күнге
дейін студенттер кредиттік жүйе бойынша өздеріне тиісті
сабақтарды толығымен меңгермеді. Оған себеп,
біріншіден, әрбір факультет өздерінің кредит санын
өздеріне сақтағанын қалайды. Мәселен, олар өздерінің
кредит санын өзгелерге берсе, өздерінде сағат саны
азаяды. Сондықтан осыған қызығушылық мүдделі болып
отыр. Екіншіден, пән таңдау мәселесіне келетін болсақ,
арнайы бір салалық сабақта қалыптасқан студент саны
болады. Яғни, 65 студентті 13 баладан бөліп 5 топ
жасайды. Негізінен, бұл жұмыстармен компьютерлік
тіркеу бөлімі айналысады, олар студенттер санының асып
кетпеуін, немесе жетпей қалмауын бақылап отырады.
Кредиттік оқыту жүйесі аясында оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын
есептеу кредитпен өлшеніп оқытылатын материал көлеміне қарай
жүргізіледі.
Бакалавриатта 1 кредит 15 апта (семестр) бойы студенттің өзіндік
жұмысының (СӨЖ) 2 сағатына мен аудиториялық жұмыстың 1 академиялық
сағатына тең. Осылайша, кредиттің еңбек сыйымдылығы 45 академиялық
сағатқа (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ) тең.
Студент бір семестрде 12 – 18 кредит, бір жылда 24 – 36 кредит жинауы
керек.
4 жыл ішінде бакалавр 128 кредит, ал магистрант 6 жыл ішінде 176
кредит жинайды.
Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда
ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар),
зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.
Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (БОӨЖ) –
әлем тәжірибесінде қабылданған Office Hours терминінің аналогы. БОӨЖ
мақсаты – студентке аудиториялық сабақтар материалы бойынша, СӨЖ
қосымша тақырыптары бойынша жеке кеңес алуға, оған қоса курстық
жобаларды, есептеу-графикалық және бақылау жұмыстарын орындауға
мүмкіндіктер туғызу.
Кредиттік оқу жүйесінің оңтайлы деп табылған құрылымын біз
мына түрде көре аламыз:
1. Оқыту жұмысын ұйымдастыруға профильдік тұрғыдан келу. Жоғары
оқу орнындарында көптеген мамандықтар бойынша бірнеше бакалавр
бағыттарына сәйкес мамандар дайындалады. Әр мамандықтың оқу
бағдарламасының әр түрлілігі абитуренттің мамандықты дұрыс таңдай
алуына қиындық туғызады. Сондықтан, бірінші курсқа студентті
қабылдағанда мамандық немесе бакалавр бағытына сәйкес емес
профильдік тұрғыдан келуді іске асырған жөн деп есептейміз.
Профильдік оқу бір немесе екі жыл болуы мүмкін. Осы уақыт ішінде
студенттер іргелі базалық білім беретін пәндерді меңгереді. Профильдік
оқу кезінде студент болашақ мамандығын саналы түрде түпкілікті таңдай
алады. Белгілі бір профильдегі студенттер тобынан бакалавр бағыттары
айқындалады. Осы бакалавр бағыттары бойынша магистр және
мамандарды дайындайтын оқу бағдарламасы жасалады. Профильдік
дайындықтан өткен студенттер мамандық алу мақсатында өзі оқып
жүрген немесе еліміздің кез-келген оқу орындарында білімін жалғастыра
алады.
2. Оқу үрдісін ұйымдастырудың сызықтық емес түрлерін
қолдану. Профильдік оқу үрдісі кезінде студенттің ары қарай
теориялық және практикалық білімін жетілдіру
мақсатында негізгі білім алу кезеңіне өтер алдында пәндерді
таңдап алу мәселесіне ерекше назар аудару керек. Өйткені
таңдап алған пәндер студенттің келешек таңдаған
мамандығын меңгеру үрдісіне әсер етеді. Аталған оқу
бағдарламалары оқытудың вариативтік принципін іске
асырады. Студент немесе магистрант өзінің мүмкіншіліне
сәйкес бағдарламамен жұмыс істейді. Бұл оқытудың оңтайлы
білім алу траекторияларының болуын қаматамасыз етеді.
3. Оқу процесін модульдік түрде ұйымдастыру. Оқыту үрдісін
кредиттік жүйеде ұйымдастыру оқытуды модуль әдіспен іске
асырудың артықшылығын дәлелдеп отыр. Модульдік оқыту кезінде
құрылымы және мазмұны өзара байланысқан тақырыптар жекелей
топталады және әрбір осындай топтарға балл түрінде рейтингтер
тағайындалады. Осы баллдардың мөлшеріне сәйкес әрбір модуль
кредит санымен өлшенеді. Студент модулдағы оқу материалдарын
меңгере алса соған сәйкес кредит жинай алады. Модулды пәнаралық
байланыс принципіне сәйкес құрса оның дидактикалық мәні күрт
артар еді. Егер белгілі бір мамандық бойынша аталған пәндер қатар
жүретін болса, интеграциялап оқыту іске асады және бұл жағдайда
пәндердің оқу материалдарын студенттер жеке дара емес бір-бірімен
байланыстыра меңгерер еді. Жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерін
интеграциялап оқыту бірнеше мақсатты көздейді: студенттердің оқып
үйренуге қажетті оқу материалдары ықшамдалады; қоршаған орта
туралы білімдер жүйесінің тұтастығы нәтижесінде оқу үрдісінің
тиімділігі артады және оқу үрдісінің жандануына бірден бір себеп
болатын оң педагогикалық-психологиялық атмосфера орнайды.
Білім алушы тұлғаның білімін бағалау жүйесін жетілдіру
жалпы оқу үрдісінің жағдайын жақсартуға тікілей әсер ететіні
белгілі. В.С.Аванесов бұл мәселеге қатысты былай дейді:
“Әлемде білім беру жүйесін реформалау мақсатында жасалған
көптеген жұмыстардың қомақты нәтижелер бермеу себебінің
негізгісі аталған реформалардың білімді бақылау және бағалау
жүйесінің жетілмеуі болып табылады”.
Жоғарғы оқу орындарының кредиттік жүйеде жұмыс жасай
бастауына орай білімді тексеру және бағалау технологияларын
жетілдіру мәселесі де бірінші кезекке шықты. Сызықтық
оқыту жүйесінде қолданылып келген студенттердің білім сапасын
тексерудің рейтингтік және тестік әдістері оқытудың кредиттік
жүйесінде кең түрде қолданылу өз артықшылықтарын дәлелдеп
отыр. Студенттің білімін бағалаудың бұрын қолданылып келе
жатқан дәстүрлі әдістері рейтингтік-тестік әдістермен үйлестіріле
қолданылса жоғарғы оқу орындарындағы оқыту және оқу
үрдістері жоғарғы дәрежеде болатыны сөзсіз.
Инновациялық процестерді енгізу

Инновациялық процестер

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ
ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ДУАЛДЫ ОҚЫТУ
ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

инклюзивті білім
беру

Мұнай-газ мамандықтары
МОДУЛЬДІ ОҚЫТУДЫ
бойынша РОӘБ жұмысы
ЕНГІЗУ
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесі

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы)
6. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін
(кани-кулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби
практикаларды өткізу күнтізбесі;
2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының
еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі
бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел
ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде
сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру
немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;
4) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері
бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық
көрсеткіші;
5) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті
оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын
дәреже;
6) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық
түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен
байланыс жұмысының уақыты.
Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау
үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз
ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың
таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу
үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын
жандан-дыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық
еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-
рейтингтік жүйесін пайдалану.Білім алушылардың оқудағы жетістіктері
(білімі,іскерлігі,дағдылары мен құзыреті) 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық
жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-
дан D-ға дейіниазаю арқылың,”қанағаттанарлықсыз” – F).
Білім алушылардың оқудағы
жетістіктерін төрт балдық жүйе
бойынша сандық эквивалентке сәйкес
бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе Балдардың Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша
бойынша бағалау сандық бағалау
эквиваленті
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз
Қолданылған әдебиеттер:
1. С.Рахиева, «Инновациялық тәсілдер негізінде», Қазақстан
мектебі, 2013 ж, №8.
2. А.Жүсіпова, «Білімдегі жаңалықтар», ақпаратты-әдістемелік
журнал, 2012 ж, №4.
3. С.О.Шулова, Новое время – новые формы методической
работы. Методист, 2006, №3.
4. Чернилевский Д.В. Дидактические технологии в высшей
школе. – М.: Юнити, 2002. – 438 с.
5. Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий. – М.: АДАПТ,
1998.
6. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың ережесі.

Ұқсас жұмыстар
Дуалды оқыту жүйесінің білім саласындағы өзектілігі
Дуалды оқыту
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында
1892 жылдан бастап кредиттік - сағаттық жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде
Мақсат - дуальды жүйенің әдістерін үйрену
Кредиттік оқыту технологиясы
Кредиттік оқыту жүйесінің мәні
Кредиттік оқыту жүйесі
Модульдік - кредиттік технологияны енгізу ерекшеліктері
Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау
Пәндер