Урбанизация және көші - қон мәселелері
Презентация қосу
Семестрлік жұмыстың мұқабасын бейнелеудің үлгісі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№2СЕМЕСТРЛІКЖҰМЫС
«Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: әлеуметтану, саясаттану» пәні
Тақырып:Әлеуметтік қозғалыстардың қайнар көздері мен түрлері
1-Қазіргі популяциялық зерттеулер.
2-Урбанизация және көші-қон мәселелері.
3-Әлеуметтік қозғалыстарға әсер ететін микро және макро факторлар.
Орындаған:Сатан Нурхан (Аты-жөні)
Тобы:СИТВЭК –20-1
Тексерген:Ивашов.А
(Аты-жөні)
Алматы 2021
Тақырып:
Әлеуметтік қозғалыстардың қайнар көздері мен түрлері
1-Қазіргі популяциялық зерттеулер
2-Урбанизация және көші-қон мәселелері
3-Әлеуметтік қозғалыстарға әсер ететін микро және макро
факторлар
Кіріспе
Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір
түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.
Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы
мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б.
көптеген себептерге байланысты.
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан
тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын
әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне
латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл –
қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі -
процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық
тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Қазіргі популяциялық зерттеулер
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге
жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы. Популяция терминін 1903 ж. Дания
биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар
популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр
аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық,
экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып
кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде
(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор. Популяция туралы түсінік әрбір түр белгілі бір аумақта -
ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай,
шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына,
ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері
ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық
қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары
әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың
таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және генетикалық
ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді.
Түрдің популяциялық құрылымы әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда) тіршілік ете отырып сол
территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі,
бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің
популяциялық құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу белсенділігі, табиғи
кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі
қозғалып, араласып жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипатталады.
Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты
жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа
тастайды. Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл,
бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол
тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның
сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты,
кездейсоқ және топтанып орналасады.
Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу
көптеген өсімдіктерде, ясануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып
кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз
жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың
даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе
маусымдық) ясәне жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың
жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияжатады.
Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып
микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда особьтардың саны,
тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар болады.
Тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері мен күйлер
Особьтың жастық күйі — ортамен белгілі бір қарым-қатынаста болатын онтогенездегі этаптары.
Мысалы: өскіндер тұқымдағы қорлық заттармен және фотосинтез әсерінен аралас қоректенеді;
ювенильдік өсімдіктер өздігінен дербес қоректенеді, оларда тұқым жарнақтары болмайды; имматурлық
өсімдіктердің өркендері түптене бастайды; өсімдіктің генеративті кезеңге ауысуымен тек гүлдер мен
жемістер пайда болмайды, ағзада ішкі биохимиялық және физиологиялық өзгерістер жүреді.
Осы күйдегі популяциядағы особьтар ара қатынасын популяцияның жастық спектрі деп атайды. Жастық
спектр ағзалардың өлу және туылу белсенділігімен байланысты. Популяцияның жастық құрылымы
сыртқы факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін. Өйткені сыртқы факторлар туылу және өлу процестерін
қадағалап отырады.
Егер популяцияда барлық жастағы особьтар біркелкі мөлшерде болса соғұрлым өміршең болады. Мұндай
популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер популяцияларда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті
немесе өліп бара жатқан популяциялар деп, ал жас особьтар саны көп популяцияларды инвазиялық
немесе өсіп келе жатқан популяциялар деп атайды.
Урбанизация және көші-қон мәселелері
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық
тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік
ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп
жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді.
Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің
үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді,
екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі
қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс
салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының
ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б.
жатады.
Қазақстандағы урбандалу үдерісі
Халық саны бойынша қалалар жіктелуі
кіші (20 мың адамға дейін)
орта (50 мың адамға дейін)
үлкен (100 мың адамға дейін)
аса ірі (500 мың адамға дейін)
Миллионер қалалар
Қазір Қазақстанда 87 қала мен 200-ден аса қала типтес елді мекен бар.
Республикада 3 миллионер қала бар: Алматы (1 854 556 адам), Нұр-Сұлтан (1 078 362 адам) және Шымкент (1 011
551 адам).
Егер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалаларда халықтың 9%-ы ғана тұратын болса, қазір оның үлесі бүкіл қала
халқының 57,8%-ын құрайды. Болжам бойынша жақын арада 60%-ға жетеді. Қала халқы Қарағанды (79,5%) және
Павлодар сияқты өндірістік (70,7%) облыстарда басым. Бұл аталған аймақтарда қала халқының басым болуы
өнеркәсіптің дамуымен тікелей байланысты.
Урбандалудың қазіргі деңгейіне үлкен қалалардың өсуі, қала агломерацияларының қалыптасуы, мегаполистердің
пайда болуы тән. Кейбір ірі өндірістік орталықтар айналасында өндірістік, транспорттық, мәдени және
тұрмыстық байланыстарға ие көптеген ұсақ және орта қалалардың шоғырлауын агломерация деп атайды.
Қарағанды мен Теміртау айналасында Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка агломерациялары т.б. қалалар
қалыптасқан. Келесі агломерация - Алматы.
Кіші қалалардағы өнеркәсіп бір-екі кәсіпорынмен немесе оның мүлдем болмауымен шектеледі. Бұл
халықты жұмыс орындарымен, көлік қатынасымен, ауызсумен қамтамасыз етуде күрделі әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың туындауына себепші болды. Мұндай жағдайда Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар
қалаларына тән. Елде осы қалалардың маңызды мәселелерін шешу мақсатында жасалатын шараларды
басқарып, реттеу үшін 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған болатын.
Бағдарлама аясында инженерлік инфрақұрылымды салу, өнеркәсіптік аймақтарды және индустриялық
зоналарды қалыптастыру іске асырылмақ.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Жұмыспен қамту-2020"
бағдарламасы аясында тұрғындардың моноқалалардан көшіп, тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне көмек
көрсетеді.
Қала мен қала шегінде шоғырланған өнеркәсіптік, әсіресе энергетикалық, металлургиялық, химиялық және
өзге де кәсіпорындар қоршаған ортаға айтарлықтай теріс ықпал етеді. Өнеркәсіптердің отынды жағуынан,
түрлі залалды заттардың атмосфераға шығарылуынана, автокөлік газынан қала ауасы ластанып,
денсаулыққа қауіп төндіреді. Осының нәтижесінде қала ауасы ауылдық мекендерге қарағанда 15 есе артық
ластанған.
Бұған қоса ауаға ғарыштан зиянды қосылыстар да келіп енеді.
Қазақстанда атмосфераны ластайтын заттардың максималды концентрациясы басым бірнеше қала бар.
Бұлар: Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Талдықорған, Балқаш және т.б. қалалар. Алматыда
ластанудың 15,5%-ы зауыттарға, 23,3%-ы қалааралық көлікке, 58,6%-ы автокөлікке тиесілі. Алматы
қаласының ауасында жоғары температурада отынның жануы кезінде пайда болатын азот диоксиді басым.
Оның негізгі көздері автокөлік қалдық газдары, ЖЭС-тің ауаға зиянды шығарылымдары, қатты
қалдықтарды жағу мен газдың жануы болып табылады. Қаланың лас ауасы тұрғындардың денсаулығына
зиян, ал күкірт қосылыстары тарихи сәулеттік ескерткіштерге кері әсер тигізеді. Мұндай қалаларда
көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратын, шуды төмендететін орман алқаптарын отырғызып,
ал өндірістік кәсіпорындарында тазалау сүзгілерін орнату керек.
Болашақта әлемдік және аймақтық нарықпен бірігу нәтижесінде жаңа қала агломерациялары пайда
болады. Әр агломерацияның экономиканың белгілі бір саласына қатысты өзіндік мамандануы және белгілі
бір бағыттары бар.
Урбандалу үдерісі қарқынды байқалатын аймақтар қатарына Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай
облыстары кіреді.
Бұл үш аймақтың екеуінде хаб қалалар орналасқан: Орталық-шығыс макроаймақтың орталығы - Өскемен,
Батыс макроаймақтың орталығы - Ақтөбе.
Жалпы болжам бойынша Қазақстанда 5 хаб қала болмақ: Ақтөбе мен Өскеменнен басқа Солтүстік
макроаймақ орталығы - Нұр-Сұлтан және Оңтүстік макроаймақ хабтары - Алматы мен Шымкент.
Қаржылық орталықтар халқының өсу қарқыны жоспарланғаннан да жоғары екенін айта кету керек. Елдің
аумақтық дамуының болжамдық сызбасына сәйкес Алматы халқының саны 2019 жылы қаңтар айында 1
854 556 мың адама жетті. Жалпы Алматы Оңтүстік макроаймақ хабы болғандықтан, Алматы - Тараз -
Шымкент бағыттарын байланыстыратын ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналды. Нұр-Сұлтан хаб
қаласының дамуы қала агломерациясының қалыптасуымен байланысты.
Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы
жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»
бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев
алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның
әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і
ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу
қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады.
Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен
метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті
анықталмаған ділі шала қазақтар.
Олардың орналасуы бойында санын көрсетсек: Алыс шетелдерде және жақын шет елдердегі қазақтар:
Өзбекстанда 2560 мың
Ресейде 1000 мың
Түркіменстанда 140 мың
Қырғыстанда 95 мың
Украйнада 15 мың
Белоруссияда 5 мың
Азербайжанда 4 мың
Грузияда 3 мың
Молавада 3 мың
Прибалтикада 2,5 мың.
Қытайда 2000 мың
Монғолияда 100 мың
Ауғанстанда 30 мың
Түркияда 25 мың
АҚШ-та 14 мың
Иранда 10 мың
Алманияда 9 мың
Канадада 7 мың
Францияда 9 мың
Иракта 5 мың
Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге
Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.
Қазіргі таңда Президенгтіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең
дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге
көбейту жоспарланып отыр.
Үкіметтің жоспарлап отырған жылына 15000 квота мен біз шете елдердегі қандасатрымызды жақын
арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп
келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.
Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның мəліметтеріне сəйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-қон
үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің көлемі өсіп,
олардың саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайларға əсер етуі кеңейеді. Қазіргі кездің өзінде
республикамыз көші-қон ағымының əсерін сезініп жатыр. Сонымен қатар, елімізде көші-қонының
ұлттық, өңірлік жəне əлемдік бағытта дамуына мүмкіншілік беретін мониторинг жүйесі жоқ.
Мемлекетте көші-қон аясындағы қызметті жетілдіру мен мəжбүрлі көші-қон бойынша көшіп келгендердің
құқығын қалпына келтіру қиындыққа ұшырап отыр. Республикада паспорттық- визалық режимді нығайту
қажет. Сонымен қатар, мемлекет аумағына келуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды
тіркейтін жүйені жетілдіру қажет. Басқа мемлекеттерден республика аумағын бөлетін шекара қызметін
күшейту қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда паспорттық–визалық құжаттарды даярлау мен енгізуде жаңа тəсілдер
қолданылуда. Сонымен қатар, ТМД елдерінен шекара арқылы өту кезінде визасыз өтетін жағдайлардың
тізімін қысқарту қажет. Шекарада қатаң бақылау жүргізілуін жетілдіру керек. Осындай шараларды
жүзеге асыру арқылы елдің демографиялық жағдайын біршама жақсартуға болады. Халықтың санын
көші-қоны тұрғысынан толықтырудың нəтижесі адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды
қиындатпау қажет.
Әлеуметтік қозғалыстарға әсер ететін микро және
макро факторлар
Әлеуметтану.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану
топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының
институты.
Макро және микро социологиялық теориялар.
Социологтар қоғамды екі деңгейде қарастырады: микро және макро деңгейде.
Микросоциология – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасынинтеракция ретінде, олардың
өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік
құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән бергенде ғана
мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты зерттеу тақырыбыиндивидтер іс-әрекет,
олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.
Макро және микро социологиялық теориялар.
Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән
береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін
сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік
құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің
қарым-қатынастарынзерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін
де анақтауға тырысады.
Социология ғылымының әлеуметтік-қоғамдық қызметі.
Социология ғылымының әлеуметтік-қоғамдық қызметі әртүрлі. Солардың
ішінде негізгі төртеуін бөліп көрсетуге болады.
1.Эмпирикалық қызмет
2.Теоретикалық қызмет
3.Социология ғылымының болжамдық қызметі
4.Қолданбалы қызметті
Эмпирикалық қызмет –нақты ақпараттар мен алғашқы мәліметтерді жинау және өңдеу
қызметін атқарады. Мысалы, тұрғындар санын, құрамы мен өсім деңгейін, жұмыссыздар санын,
ажырасу көрсеткіштерін, жанұядағы табыс мөлшерін пікірін, т.б.
Теоретикалық қызмет-социологтар жиналған мәліметтерді анализдепр, бір жүйеге келтірген
соң бұлардан практикалық түрде дәлелденген ғылыми қорытынды шығарады. Осының
нәтижесінде социологиялық ғылымға жаңа ұғымдар мен терминдер енгізіледі, жаңа доктриналар,
концепциялар, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түсіндіруде жаңа теориялар пайда болады.
Социология ғылымының болжамдық қызметі де осы көріністермен байланысты.
Бұл қызмет – ғылымдар сол және басқа әлеуметтік процестердің болашақта дамуын
алдын-ала ғылыми негіздеп, болжам жасауында көрінеді. Мысалы, тұрғындардың саны
мен құрылымының өзгеруін, жуырда болатын сайлаудағы сайлаушының іс-әрекетін,
экологиялық бұзылу зардаптарын алдын –ала болжау т.с.
«Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін
әдістер жөніндегі ғылым ”
Б. Хендри
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz